Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Үстеме шығыстар есебі»



бет2/10
Дата17.05.2023
өлшемі79,93 Kb.
#176980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-63096

Курстық жұмыстың мақсаты: Үстеме шығындар құрылымының экономикалық теориясын зерттей отырып шаруашылық субъектідегі үстеме шығындар есебін талдау.
Курстық жұмыстың міндеті: 
-жалпы шығындар теориясы мен олардың экономикалық мазмұнына, түрлеріне тоқтала отырып, олардың ерекшеліктерін анықтау; шығындарды төмендету жолдарын қарастыру; үстеме шығындар есебін талдау; үстеме шығындарды орналастыру қажеттілігі мен оларды бөлудің әдісін зерттеу, осы курстық жұмысты орындаудың басты міндеттеріне жатады.
Зерттеу жұмысының объектісі: үстеме шығындар
Зерттеу жұмысының мәні: кәсіпорындағы үстеме шығындар және оларды арттыру жолдары.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Үстеме шығындар туралы жалпы түсінік
1.1.Үстеме шығыстардың жалпы сипаттамасы және құрамы
Үстеме шығыстар – негізгі және көмекші цехтардың жұмыстарын ұйымдастыру шығыстары, сондай-ақ өндіріске қызмет көрсетумен байланыс-ты шығыстар. Үстеме шығыстарды бөлудің негізгі бағыттары:

  • ақырғы өнімнің нақты құнын анықтау;

  • қолданылған ресурстарды бөлу;

  • жұмыскерлердің шығындарын қысқарту;

  • сыртқы пайдаланушылар үшін шығыстар мен кірістерді салыстыру; 

Үстеме шығыстармен байланысты негізгі мәселелерді қарастыруға болады:
-шығыстарды тікелей және үстеме шығыстарға бөлу – бұл әр кезде 
оңай бола бермейді, себебі шығыстардың кейбір түрі тікелей және жана-ма шығыстарға жатады.
-үстеме шығыстар тұрақты болып келеді;
-шығындарды ақырғы өнім арасында дұрыс бөліп тарату.
Үстеме шығыстарға өндірісті басқару, қызмет көрсету және ұйымдас-тыру шығыстары жатады. Бірінші кезекте олар мыналармен байланысты:
-аналитикалық шоттардың шығындар түрімен (жал төлемі,қызмет көр-сету, еңбекақы);
-бақыланатын шығындар орталығымен (өндірістік цех);
Үстеме шығыстар құрамына мыналар кіреді:

  • Жалпы өндірістік шығыстар - өндірістік жабдықтарды пайдалану және

күтіп ұстау шығыстары;

  • Өндірістік қажеттерге пайдаланылатын қосымша материалдардың барлық

түрлері;

  • Жұмысшылардың еңбекақысы. Цех персоналына, өндірістік құрал

жыбдықтарға қызмет көрсететін жұмыскерлерге есептелген еңбекақы;

  • Еңбекақыдан аударымдар;

  • Негізгі құралдарды жөндеу. Бұл шығындар түріне жалпы өндірістік

мақсатқа арналған өндіріс құрал-жабдықтары мен негізгі құралдарды жөндеу шығыстары кіреді.

  • Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің

амортизациясы;

  • Коммуналдық қызметтер. Бұл шығыстарға жалпы өндірістік мақсаттарға

арналған негізгі құралдар мен өндірістік құрал-жабдықтардың жұмыс істеуі үшін тұтынылған электр қуатының, судың, жылудың,т.б.құны кіреді.

  • Жалгерлік ақы - өндірісте қолданылатын негізгі құралдарды жалдау

бойынша төленетін жалгарлік ақы сомасы;

  • Өзге де шығыстар.

Өндірістік шығындардың синтетикалық есебі 8410 “Үстеме шығыстар” шотында жүргізіледі. Бұл активті жинақтаушы, таратушы шот болып сана-лады. Бұл шоттың құрамында мынадай шоттар ашылады: 8410/1 - “Негізгі өндрістің үстеме шығыстары”, 8410/2 - “Көмекші өндірістің үстеме шығыс-тары.”
Өндірістік үстеме шығыстар – бұл өндірісті басқару, қызмет көрсету, ұйымдастыру шығыстары. Олар бөлімше, цех, өндіріс сияқты өндірістік буындарда пайда болады. Бұл шығындардың арналымы, сипаты және функ-ционалдық ролі өндіріспен байланысты. Жалпы өндірістік үстеме шығыстар кешенді баптардан тұрады және есепті мерзім соңында өнім түрлері бойын-ша, дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс бойынша бөліп таратылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет