ІІ. Кәсіпорындағы үстеме шығындар есебін талдау
2.1 Кәсіпорындағы үстеме шығындар есебі
Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастарымен байланысты шыңыстары жата-ды, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды.
Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:
кешендік сипаты – шығыстар құрамында барлық экономикалық
элементтер шығындары көрініс табады.
екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей
белгілі бір буйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.
Қатар р/с
|
Шығындар баптарының атауы
|
А. Құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары бойынша
|
1
|
Өндіріс жабдықтары мен көлік (танспорт) құралдарының амортизациясы
|
2
|
Жөндеу қорына қаржы бөлу немесе өндіріс жабдықтары мен көлік құралдарын жөндеу жөніндегі шығындар
|
3
|
Жабдықтар мен көлік құралдарын пайдалану жөніндегі шығындар
|
4
|
Аспаптар мен ыңғайластырылған құрылғыларды (тетіктерді) жөндеу және қалпына келтіру
|
5
|
Құрал-жабдықтармен байланысты басқа да шығыстар
|
Б. Үстеме шығыстары
|
6
|
Өндірісті шикізатпен, материалдармен, отынмен, энергиямен қамтамасз ету бойынша шығындары
|
7
|
Цех аппараттарын ұстау, еңбек ақыдан аударылатын аударымда қоса алғанда
|
8
|
Ғимараттардың, қондырғылардың, және басқа да мүліктердің амот-ризациясы
|
9
|
Ғимараттардың, қондырғылардың жөндеу қорына аударымдар жасау немесе оларды жөндеу бойынша шығындары
|
10
|
Ғимараттарды, қондырғыларды, инвентарларды күтіп ұстау шығындары
|
11
|
Сынақтар, тәжірибелер, зерттеулер жүргізу жөніндегі шығындар
|
12
|
Рационализаторлық пен өнертапқыштық жөніндегі шығындар
|
13
|
Цехтар қызметкерлерінің еңбегңн қорғау: қауіпсіздік техникасының құралдарын күтіп ұстау, пайдалану және ағымдық жөндеу жөніндегі шығындарды; желдеткіш күтіп ұстау және ағымдық жөндеу жөніндегі шығындары; санитарлық тұрмыстық құрылғыларды күтіп ұстауға арнал-ған шығындары; арнаулы киім мен бейтараптандырушы (нейтралит-теуші) құрылғыларға арналған шығындарды; еңбекті қорғау жөніндегі басқа да шығындарды
|
14
|
Басқа да үстеме шығындары (өндіріс құралдары үшін жалға ақы төлеу іс сапар шығыстары, берілген кепілдіктер үшін қызмет көрсе-ту шығындары және өнім өндіру бойынша құрал-жабдықтарды жөндеу)
|
15
|
Өнімсіз шығындардың барлығы, оның ішінде: ішкі өндірістік себептері бойынша тоқтап қалудан болған шығындарды, цехтарда сақтау кезінде материалдық игіліктердің бүлінуінен болған шығындарды; табиғи кему нормаларының шегінде материалдық игілік-тердің жетіспеуінен және аяқталмаған өндірістен болған шығындары; басқада өнімсіз шығындарды
|
*Техника және т.б. ерекшеліктеріне қарап, үстеме шығындарына өзге-рістер енгізлуі мүмкін.
Үстеме шығындарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп саяса-тына сәйкес көрініс табады:
өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысына пара-пар етіп (пропорцио-нальды) таратылады.;
тікелей материал шығыстарына пара-пар етіп (пропорциональды) тара-тылады;
өндірілген өнім санына немесе өнделген шикізаттың салмағына пара-пар етіп (пропорциональды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) тартылады
цех құнына пара-пар етіп (пропорциональды) (мысалға, қара металлур-гияда немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына пара-пар етіп ( пропорциональды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) тартылады
алдын-ала белгіленген шығындардың тұрақты коэффиценттері бойынша таратылады;
басқа да тарату базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықтың жұмыс сағатына және т.б.)
8410 – «Үстеме шығындар» бөлімшесі мынадай шоттардан тұрады:
8411 – «Үстеме шығындар» онда транзиттік әрі бір элементтік шоттарды есепке алатын үстеме шығындар тұрады, оның құрамындағы;
8412 – «Материалдар» - үстеме шығындардағы материалдардың барлық түрлерін есепке алу үшін арналған;
8413 – «Қызметкерлердің еңбегін еңбек ақы төлеу» - жабдықтарға қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа қосумен айналысатын жұмысшыларға және басқа жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақының есепке алуға арналған;
8410 – «Еңбекақыдан аударылатын аударымдар» - 8413-шотында есептелген еңбек ақыдан жасалатын аударымдарды есепке аударуға арналған;
8411–«Негізгі құралдардың жөндеу» - өндіріс қызметінде пайда-ланылатын негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмсалған нақты шығын-дарды көрсету үшін арналған;
8412–«Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы» - өндіріс қызметінде пайдаланылатын материалдық емес активтердің амортизациясының және негізгі құралдардың тозуының есептелген сомасын көрсету үшін арналған;
8413–«Тұрғын – үй қызметі» - тұрғын-үй қызметінің барысында тұты-нылған құнын көрсетуге арналған, оған қызмет көмекші өндірістен немесе сыртқы ұйымдардан да көрсетілуі мүмкін;
8414–«Жал ақысы» - өндірісте пайдаланатын негізгі құралдарды ағым-дағы жалға беру бойынша жал ақысының сомасын көрсетуге арналған;
8415–«Басқа да» - әлеуметтік сфераға (аясына) негізгі және көмекші өндірістердің көрсеткен қызметінің шығысын көрсетуге арналған.
Үстеме шығыстың аналитикалық (талдамалық) есебі келесі номенк-латуралық бап үлгілері бойынша жүреді. Төменде 8410- «Үстеме шығын-дар» бөлімшесінің шоттары бойынша жасалатын шоттардың корреспен-денциясы келтірілген
№
р/с
|
Шаруашылық операцияларының мазмұны
|
Сомасы, теңге
|
Шоттар корресп-сы
|
Дебет
|
Кредит
|
|
А.Негізгі және көмекші өндірістердің үстеме шығындарын есепке алу
|
|
|
|
1
|
Негізгі және көмекші цехтарының жалпы цехтық мұқтаждықтарына босаылған материалдар
|
1420000
|
8412
|
1310
|
2
|
Цех қызметкерлерінің жалақысы есептелінді
|
300000
|
8413
|
3350
|
3
|
Еңбек ақыдан әлеуметтік салық есептелген (300000-(10%жиынтық зейнетақы қорынаміндетті жарнасы)х21%
|
56700
|
8414
|
3140
|
4
|
Сыртқы ұйымдардың көмегімен негізгі құралдарды жөндеумен байланысты шығыстарды есептен шығарылды
|
1206000
|
8415
|
3310
|
5
|
өндірістік ағылымдардағы негізгі құралдар бойынша тозу сомасы есептелінеді
|
1129360
|
8416
|
2420
|
6
|
Сыртқы ұйымдардың тұрғы-үйге көрсеткен қызметінің құнын есептеген шығарылды
|
232000
|
8417
|
3310
|
7
|
Негізгі құралдардың ағымдағы жалғаға берілген жалға ақысының сомасы көрсетілді, ағымдағы кезеңге қатысты
|
112000
|
8418
|
3397,
1620
|
8
|
Сақтандырылған мүліктері бойынша сақтандыру төлемі есептелінеді
|
1780000
|
8419
|
3410
|
|
Жиыны
|
6236060
|
|
|
|
Б.Шығымдауды жинақтаушы (шолушы) шотқа есептен шығу (8411)
|
|
|
|
9
|
Жинақтаушы (шолушы) шотқа есептен шығарылды
материалдық шығындары
еңбек ақы шығындары
еңбек ақыдан аударылған аударымдары
жөндеуге кеткен шығындары
тұрғын үй қызметіне кеткен шығындар
жалға бойынша жасалған шығындары
сақтандыру бойынша есептелінген
шығындары
|
1420000
300000
56700
1206000
129360
232000
112000
1780000
|
8411
8411
8411
8411
8411
8411
8411
8411
|
8412
8413
8414
8415
8416
8417
8418
8419
|
10
|
Жиыны
|
6236060
|
|
|
11
|
В.Үстеме шығыстарын тарату
|
|
|
|
10
|
Негізгі өндіріс
|
4098448
|
8310
|
8411
|
11
|
Көмекші өндіріс
|
2131635
|
8410
|
8411
|
12
|
Ақауды жөндеу бойынша кеткен шығындары
|
5977
|
8510
|
8411
|
12
|
Жиыны
|
6236060
|
|
|
Мысалға, құрал-жабдықты пайдалану мен күтіпті-ұстау шығыстары 2775360 тенгеқұрған (оның ішінде жөндеуге -1206000 тенге, негізгі құралдың тозу орамасына 1129360 тенге, құрал-жабдықты күтіп – ұстауға, пайдаланған материалдар құнына – 440000 тенге шығындар жұмсалған).
Құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстауға кеткен нақты шы-ғындарды таратқан кезде, оның сол тиесілі бөлігіне жататын ақаудың өзін-дік құнын ескеру керек. Бұл шығыстар ақаудың өзіндік құнына сметалық (нормативтік) мөлшерлермен анықтаған кезде есептелінген нормативтік қатынас бойынша өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды енгізіледі. Ақауды жөндеумен айналысатын жұмысшының жалақысы 18 тенге болса, ал оның сметалық нормативтік мөлшерлемесі 7,5 тенге құраған, бұл соңғы құрал-жабдықтың күтіп-ұстау шығысына ақаудың тиесілі сомасы арқылы анықталған.
Үстеме шығыстың аналитикалық (талдамалық) есебі келесі номенклату-ралық бап үлгілері бойынша жүреді:
Мысал. Аяқ киім тігетін өнеркәсіп кәсіпорны төрт өнім түрін шығарады делік:
теріден тігілген ерлер аяқ киімі - 100 мың жұп айына;
теріден тігілген ерлер туфлиі — 7 мың жұп айына;
жеңіл материалдардан тігілген әйелдердің туфлиі — 12 мың жұп айына;
үйде киетін әйелдер туфлиі - 12 мың жұп айына.
Үстеме шығыстарын тарату кезінде мыналар қабылданды:
- алдымен құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары бойынша таратылады, ол кезде құрал-жабдықтың жұмыс сағатына кеткен
осы шығыстын деңгейі және тиесілі өнім түрін әзірлеген кездегі құрал-жаб-дықпен жұмыс істеу ұзақтылығы ескеріледі. Бұл үшін құрал-жабдықтың жұмыс істеу машина /сағаты туралы сандық мәліметтің негізінде нормативтік (сметалық) мөлшерлеме анықталады;
-содан соң жалпы үстеме шығыстары өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды түрде таратылады.
Сметалық нормативтік мөлшерлеме есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:
Н=СР,
Мұнда,
Н - сметалық (нормативтік) мөлшерлеме;
С — құрал-жабдықтың бір сағатына кететін сметалық шығыстың сомасы;
Р - құрал-жабдықтың жұмыс істеу барысында жасалған машина/ сағатының саны.
Соңғы көрсеткіштің деңгейі өнімнің бір түрін әзірлеуде пайдаланатын әртүрлі топтағы құрал-жабдықтың машина/сағатын түзету коэффициентіне көбейту арқьшы есептелінеді. Түзету коэффициенті өндірістік сипаты бойын-ша біртектес құрал-жабдықтардың топтары бойынша анықталады, мысалға, детальдарды штамповка жасау үшін арналған пресс (тығыздау), токарь станогі, фрезерлік станок т.б. Өнімді өндіру үшін құрал-жабдықтардың әрбір топтарының қажетті жұмыс сағатының санын технологиялық құжаттарының негізінде анықтайды:
- цех құрал-жабдықтарының шығындарын олардың күрделілігіне, қуаттылығына және құнына тәуелді етіп таратады, сондай-ақ әрбір құрал-жабдықтың бірлігіне келетін шығыстың мөлшері бойынша да 4 топқа бө-лінеді: А, Б, В, Г;
- құрал-жабдықтың әрбір топтары бойынша жылдық сметалық шы-ғыс жасалған, оның жалпы сомасы 5985 мың теңге құраған;
- әрбір топ бойынша жұмыс істеу сағаты, яғни машинаның жұмыс іс-теу мерзімі белгіленген, осыдан барып өндіріс құрал-жабдығының бір нор-мативтік сағатының сметалық мөлшерлемесі анықталады.
Жоғарыда келтірілген мысалда теріден тігілген ерлер аяқ киімін әзір-леуге арналған құрал-жабдықты күтіп-ұстауға кеткен шығыстың сметалық мөлшерлемесін есептеу жолы көрсетілген. Енді біз басқа бұйымдар үшін сметалық мөлшерлемені мына төменде келтірілген мәліметтер бойынша анықтаймыз.
Есептеуді оңайлату мақсатында тек өздерінің конструкциясы, техно-логиясы және басқа параметрлері бойынша ұқсас типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесін алуға рұқсат етіледі. Бұл тапсырыс бойынша орын-далатын құрал-саймандарға, запас бөлшектерге қатысты болып келеді. Олар-дың шығыс нормасы типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесінің негізінде белгіленеді, өздерінің бұйым топтарына сәйкес өндірістік жұмыс-шының жалақысына пайыздық қатынасының көмегімен оларға түзетулер енгізілуі мүмкін.
Бұл арада атап өтетін бір жайт, ол құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары оның калькуляцияланатын объектілеріне істел-ген машина сағатына пропорционалды түрінде сметалық (нормативтік) мөлшерлемесін пайдалана отырып таратады және ол өндіріс жұмысшыла-рының жалақысына тәуелді емес. Сондықтан бұл шығындардың сметалық (нормативтік) мөлшерлемесі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пайыз-дық қатынасы арқылы есептелінеді және осы әдістің көмегімен өнімнің өзін-дік құнына енгізіледі, демек, оларды таратудың техникалық әдісі болып табылады. Көмекші процестердің сметалық мөлшерлемесі де осыған ұқсас есептелінеді.
Көмекші өндірісте біртектес өнімдер әзірленсе, онда құрал-жабдықтар, машинаны пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары негізгі өндіріс жұмысшы-ларының жалақысына пропорционалды таратылады.
Есептелген сметалық мөлшерлеменің негізінде құрал-жабдықты пайда-лану және күтіп-ұстау шығыстарын өнімді шығару туралы мәліметтерін тара-ту үшін келесі есептеулер жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |