Қорытынды
Сонымен курстық жұмысты аяқтай келе үстеме шығындарды есепке алу және таратуды жетілдірудің келесі жолдарын ұсынамыз:
-үстеме шығындарды жауапкершілік орталықтары мен өндірістер бойынша нақты жауапты тұлғаны көрсете отырып ұйымдастыру, бұл үстеме шығындарды өнімнің өзіндік құнына енгізудің дәлдігін қамтамсыз етіп, осы шығындарды төмендету жолдарын анықтауға ықпал етеді;
-құралдарды күтіп ұстау және пайдалану шығындарын өндіріс кезеңдері арасында құралдың атқарған уақыт санына тепе-тең таратқан орынды;
-өндіріс орындарының тозуы мен ағымдағы жөндеу шығындарын тіке-лей жолмен қосқан дұрыс;
-еңбекақы шығындарын өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақы-сына тепе-тең бөлу керек;
-қалған шығын баптарын өнімнің жекелеген түрлерінің салмағына бара-бар бөлген дұрыс.
Біздің пікірімізше, өндіріс орындарында шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардағы бюджеттендіру жүйесі ең аз дегенде келесідей бюджет-терді қамтуы керек: сату; өндіріс; шикізат, негізгі және көмекші материал-дардың тікелей шығындары; еңбек ақы төлеудің тікелей шығындары; жалпы өндірістік шығындар; бөлімше бойынша жиынтық бюджет; үстеме шығын-дар; пайда мен зияндар.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде бюджеттің орындалуын бақы-лауды жүзеге асыру үшін негізгі екі бағытты қолдануды ұсынып отырмыз:
1.Өнім өндіретін кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелерінің бюд-жетін бөлімшенің өзінің жауапты адамдары арқылы орындату;
2.Барлық құрылымдық бөлімшелер бюджетін (оның ішінде шығын баптары бойынша) жоспарлы-экономикалық қызмет бөлімі немесе есеп бөлі-мі арқылы орындату.
Өндірістік орындардың басшысына тәжірибеде көптеген саналуан басқарушылық шешімдер қабылдауға тура келеді. Өнімнің бағасы, кәсіпорын шығындары, өнімді сату көлемі мен құрылымына қатысты қабылданылатын әрбір шешім кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне тікелей әсер етеді. Осы категориялар арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті анықтаудың қарапайым және аса дәл тәсілі залалсыздық шегін орнату, яғни өнім өндіре-тін кәсіпорындардың табысы шығындарын толық жабатын кезді анықтау болып табылады.
Қорыта келгенде, курстық жұмысымда мен кәсіпорындағы үстеме шығыстардың сипаттамасы мен құрамын, олардың есепте жүргізілуін, тәжірибеде үстеме шығыстарды бөліп таратудың базалары мен алгоритмдерін және оларды кәсіпорында қолдануын қарастырдым.
Достарыңызбен бөлісу: |