2.3. Кәсіпорындағы үстеме шығындарды есепке алуды жетілдіру жолдары Шаруашылықтың өндірістік үстеме шығындары құрамында құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары мен цех шығындарын бөліп қарастыр-ған орынды.
Шаруашылықта үстеме шығындарды өндіріс бойынша есепке алып, со-дан кейін оны шикізаттың түрлері бойынша тарату қажет. Сонда бұл шығын-дар шығын объектілерінің өзіндік құндарына тікелей қосылып, оларды жана-ма бөлудің қажеттілігі жойылады.
Үстеме шығындарды есепке алу және таратуды жетілдірудің келесі жолдарын ұсынамыз:
-үстеме шығындарды жауапкершілік орталықтары мен өндірістер бойынша нақты жауапты тұлғаны көрсете отырып ұйымдастыру, бұл үстеме шығындарды өнімнің өзіндік құнына енгізудің дәлдігін қамтамсыз етіп, осы шығындарды төмендету жолдарын анықтауға ықпал етеді;
-құралдарды күтіп ұстау және пайдалану шығындарын өндіріс кезеңдері арасында құралдың атқарған уақыт санына тепе-тең таратқан орынды;
-өндіріс орындарының тозуы мен ағымдағы жөндеу шығындарын тіке-лей жолмен қосқан дұрыс;
-еңбекақы шығындарын өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақы-сына тепе-тең бөлу керек;
-қалған шығын баптарын өнімнің жекелеген түрлерінің салмағына бара-бар бөлген дұрыс.
Өндірістік өнім шаруашылығында үстеме шығындар есебін дұрыс ұйым-дастыру осы шығындар сметасының сақталынуын қадағалауға, өндірістік емес шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Шаруашылықтың үстеме шығындары құрамында құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары мен цех шығындарын бөліп қарастырған орынды. Өйткені құрал-жабдықтарды пайдалану және күтіп ұстау шығындары негі-зінен құрал-жабдықсыз өндіріс үрдісін жүргізу мүмкін болмағандықтан өндіріске тікелей қатысады. Сондықтан оны тікелей шығындар қатарына жатқызуға болады. Алайда оларды өнімнің өзіндік құнына тікелей енгізіл-мейді. Өйткені «бір өнімнен артық өнім (жұмыс, қызмет) шығаруға қатыса-тын құрал-жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары үстеме шығындардың құрамында есепке алынуы тиіс».
Осыларды ескере отырып, біздің ойымызша, үстеме шығындар ішінде құрал-жабдықтарды пайдалану шығындарын бөлек есепке алу қажеттілігінің себебі мынада, егер құрал бір цехқа ғана қызмет көрсеткен жағдайда, оны пайдалану шығындарын тікелей сол цехтың шығындарына қосады, ал бірне-ше цехта пайдаланылса, онда осы цехтар арасында бөлу базасы арқылы тара-ту жеңіл болады. Әрі олардың негізделген есебін, артық жұмсалу себептерін анықтауға да мүмкіндік туады.
Өндірістік үстеме шығындардың екінші тобы, цех шығындарының құрамында қызмет көрсету және басқарумен байланысты өзгедей шығын-дарды - мамандардың (бригадир, ихтиологтар, т.б.) әлеуметтік салықты қоса алғандағы негізгі және қосымша еңбекақылары, еңбекті қорғау шығындары, гидротехникалық құрылғыларды, қоймаларды, гидрохимиялық лаборатории-яларды күтіп ұстау, тозу және ағымдағы жөндеу шығындары, жұмысшылар-ды жұмыс орнына жеткізу шығындары, т.б. есептейді.
Әрбір цехта пайдаланылатын құралдарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары тек сол цехта дайындалатын өнімнің түрлеріне апарылуы тиіс. Бұл оларды пайдалану орындары бойынша, бөлек есепке алуды білдіреді. Құралдарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары есебін осылай ұйымдас-тыру олардың ағымдағы есебін жүргізіп, құралдарды күтіп ұстау шығындары сметасының орындалуын бақылауға әсер етіп, үстеме шығындарды бөлуге негіз болады.
Шаруашылықта үстеме шығындарды цех бойынша есепке алып, содан кейін оны өнімнің түрлері бойынша тарату қажет. Сонда бұл шығындар шы-ғын объектілерінің өзіндік құндарына тікелей қосылып, оларды жанама бөлу-дің қажеттілігі жойылады. Сонымен бірге, өндіріс шығындарының пайда болу жерлері мен жауапкершілік орталықтары арасында тығыз байланыс қалыптасып, оларға тиімді бақылау жүргізудің мүмкіндіктері туады.
Нарықтық қатынастар жағдайында шығындарды тиімді басқару мен ба-қылау үшін үстеме шығындардың есебін дұрыс ұйымдастыру және олар-ды өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстардың арасында экономии-калық дәйектелген бөлу базаларының негізінде дұрыс тарату өндірістегі басқарушылық есебінің маңызды болып саналады. Сондықтан, бұл өнім өнді-рісіне жұмсалған үстеме шығыстарды жоспарлы нормамен немесе лимит-термен жүйелі түрде салыстырып, ауытқуларды дер кезінде анықтап оты-руды қажет етеді.
Үстеме шығыстарға өнімдерді өндіруге жалпы қатысы бар, бірқатар жалпы сипаттамаларға ие, өндірісті басқару мен қызмет көрсетуге байла-нысты бірнеше өнім түрлерін өндірген жағдайда осы өнімдердің құндарына тікелей қосыла алмайтын, сондықтан өндірілген өнімдер мен аяқталмаған өндіріс арасында жанама тәртіппен таратылатын шығындар жатады.Мысалы шұжық өндірісінде үстеме шығындарды бөлу кезінде үстеме шығындардың кейбір түрлері өндіріс процесінің талаптыранан туындап отырады, яғни өндіріспен байланысты болады. Ал шығындардың кейбір түрлері, мысалы, жалпы ұйымдастыру, қызмет көрсету, басқару процесіне байланысты болатынын естен шығармау қажет. Соған байланысты шұжық өнімдері әртүрлі өндіріс сатылары арқылы өндірілетінін ескерсек, онда әрбір сатыдағы (жауапкершілік орталығы мен шығынның пайда болу орындарындағы) үстеме шығыстарды осы сатыда дайындалған өнімінің өзіндік құнына алғашқы құжаттардың негізінде тікелей қосуға болады. Мұндай шығындарға, еңбекті қорғау, күзет, өрт сөндіру, жалдау ақыларын, материалдар мен құрылғыларды сынау шығындарын жатқызуға болады. Ал шығындардың мынадай түрлерін, яғни өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбек ақыларын өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбек ақыларына қарай, еңбек ақыдан аударым сомаларын өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша еңбек ақыларына қарай, отын, қосалқы бөлшектер мен көмекші материалдардың құнын машиналар мен механизмдердің бір сағатта пайдаланатын нормасына немесе жұмыс істеген уақытына қарай, яғни әрбір үстеме шығынның түріне бөлек бөлу базаларын қолдану арқылы бөлуге болады.
Шұжық өнімдерін өндіретін жекелеген кәсіпорындардың қызметін тә-жірибесін зерттеу нәтижелері ұйымның коммерциялық-өткізу қызметі та-бысты жұмыс істеу үшін осы қызмет бойынша барлық шығындарың то-лық және жан-жақты есебі ғана емес, сонымен бірге жұмысты келесідей ба-ғыттар бойынша қамтитын өткізудің дәлелденген жүйесін қалыптастыру қажет етіп отырғанын байқатады: сатып алушылар мен тапсырыс беру-шілердің деректерінің базасын қалыптастыру; сатуды жоспарлау кезіндегі бақылауды жетілдіру; өткізу-сату жоспарының орындалуын бақылауды күшейту.
Өнеркәсіптің басқа да салалары сияқты, ет және шұжық өнімдерін өн-діруші салалардағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне елеу-лі әсер ететін фактордың бірі – бұл ұйымның коммерциялық-сату (өткізу) қызметі екенін айта аламыз. Ұйымның жабдықтау-дайындау, өндіріс және коммерциялық-сату қызметтері бірін-бірі үнемі толықтырып, үздіксіз өзара байланыста болуға тиісті. Өйткені, шұжық өнімдерінің технологиялық ере-шеліктері мен сипатына байланысты, оларды сақтау орындарында ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Тек берілген тапсырыстар мен нарықтағы ұсынысқа байланысты орындалатын шұжық өндірісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін, ұйымның ішінде өткізу-сату бөлімінің басқарушылық есебін өндірістік жоспармен және нақты өндіріс көлемімен байланыстыра отырып, ұйымдас-тыру қажет деп тұжырым жасаймыз.
Басқару есебі басқарушылық шешімдердің тиімділігін алдын-ала баға-лауға, оңтайлы түрде бөлімшелер арасында бөліп, таратуға, ұйымның да-му жолдарын белгілеуге және дағдарыс жағдайын болдырмауға қолайлы жағдай туғызатын бюджеттеу жүйесіне сүйенеді. Бюджет – жорамалданған әрекеттерді орындауға дейін жасалатын қаржылық құжат болып табылады. Басқару есебінде бюджеттеуді жоспарлау процесі деп те атайды. Жоспарлау процесі бақылау процесімен тығыз байланысты, соған байланысты жоспар-лау мен бақылау ұйымды басқарудың ең қажетті бөлігі болып табылады. Біз-дің пікірімізше, шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға бюджеттендіру жүйесін енгізудің нәтижесі келесідей міндеттерді шешуге мүмкіндіктер береді:
1.Кәсіпорын ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға;
2.Қызметті үйлестіруді және жекелеген бөлімшелер мен жалпы кәсіп-орындар мүдделерінің өзара байланысын қамтамасыз етуге;
3.Шұжық кәсіпорынының шаруашылық қызметінің түрлі баламаларын болжауды, жоспарлауды, нормалауды, талдауды бақылауды, бағалауды және қабылданылатын басқарушылық шешімдердің дәлелдігін арттыруды іске асыруға;
4.Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және ұйымның қаржылық жағдайын жақсартуға.