39
جحلا كسانم
Мүлтәзім – екі қолдарың арасындағы бағыныш
баспалдақтарың.
Я, Қайырымдылық беруші! Рақымшылығыңды
сұраймын, азаптан құтқар.
Я, Алла! Сенен сұрайтыным:
ақыл-есімді дұрыс
қыл, тауқыметті тарттырма.
Ісімді оң қыл, жүрегімді тазарт, қабірімді нұрлы
ет, кінәмді кешіре гөр.
Жаннаттың төрінен биік дәрежелер бер. Әмин.
Содан кейін қажы
Ибраһим мақамына келеді.
Ибраһим мақамы
Құран кәрімде Ибраһим пайғамбардың (
ғ.с.
) өмірі
жайында көп айтылған. Жас кезінде Ибраһим әкесі Азар
мен тайпаластары мінажат ететін пұттарға табынудың
ешқандай мағынасы жоқ екенін түсінеді.
Кейін ол
құдіретті күшті Күннен, Айдан, жұлдыздардан іздейді.
Ақырында ол құдіретті күш жалғыз Жаратушы Алла
тағалада екенін ұғып, өмірінің соңына дейін Жаратқан
Иеге құлшылық етіп өткен.
40
Қажылық
Мұхаммед пайғамбар (
с.а.с.
) «Халилулла»
(«Алланың сүйіктісі») деген теңеуі бар Ибраһим
пайғамбардың (
ғ.с.
) өмір жолын үлгі тұтқан.
Қағба ірге тасын көтергенде Ибраһим пайғамбар
(
ғ.с.
) тұрған тасты Ибраһим мақамы деп атайды. Ол
Қағбаның есігінің алдында орналасқан. Ибраһим
пайғамбар (
ғ.с.
) Исмаил баласымен Қағбаны салған
кезде жалпақ тасқа шығып тұрған.
Сол тастың
бетінде Ибраһим пайғамбардың (
ғ.с.
) ізі қалған.
Қағба тұрғызылғаннан кейін, Алла тағала Ибраһим
пайғамбарға (
ғ.с.
) былай дейді: «Адамдарға қажылық
жасау керектігін айт. Сонда олар жаяу да, көлікпен де
шалғайдағы жерлерден келеді» (
«Хаж» сүресінің 27-
аяты
).
Осы кезден адамдар Қағбаға келіп, Алла тағалаға
сыйына бастайды.