Сабақтың түрі: қайталау сабағы



Дата11.01.2017
өлшемі62,7 Kb.
#6678
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Уақыт ( Қайталау сабағы)

5 - сынып
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдануын көрсету
Білімділік: Жыл мезгілдері тақырыбы төңірегінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Осы тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдану. Сан есімді дұрыс қолдана білу.

Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, ойлау, тыңдай білу қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: сөздік қорды молайту, байланыстыра сөйлеу қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, іздендіру, жазу, тыңдау, топпен, жұппен, жеке жұмыс түрлері, карточкамен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілімен, табиғат танумен, тарихпен.

Көрнекілігі: жаңа сөздер, карточкалар, жыл мезгілінің,уақыт,дәуір, апта, тәулікке байланысты суреттер, сабаққа байланысты тест сұрақтары.

(Үзілісте сабақ басталғанға дейін қазақша ән қойылады. Еңсепов «Күміс бұлақ»

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: (оқушылар 2 топқа бөлініп отырғызылған

  • Сәлеметсіздер ме! Құрметті мұғалімдер,оқушылар! Сабақты бастауға рұқсат етіңіздер. (тақтада сабақтың тақырыбы, күні жазылған)

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Уақыт», яғни осы модуль бойынша қайталау сабағы. Сабақтың мақсаты: осы модуль бойынша алған білімдеріңді көрсету.

1.Тіл дамыту кезеңі: модульді оқып үйрену барысында біз жаңа сөздермен таныстық. Енді жаңа сөздерді қайталап еске түсіреміз. Қайталаңдар:

- дәуір, уақыт, ғасыр, жарым, тура, дәл, түс, кеш, үйірме, сәтті күн, үнемдеу,жоспар,жоспарлау. Рахмет. Енді мен орысша айтамын,сендер қазақша айтасыңдар.
(сөдермен жұмыс)
эпоха- дәуір қандай сөз? Жіңішке ме, әлде жуан ба?

время- қандай сөз? Мое время, наша время? Уақыт неге жуан сөз?(тақтаға сөзді ілу,

оқушыны шақыртып сөзді дәлелдету))

век-

половина-

ровно-

полдень-

вечер- қандай сөз? (Тақтаға бір оқушыны шақыру)

кружок – қандай үйірме?Сен қандай үйірмеге барасың?Есте сақтаңдар! Қандай үйірмеге барасың?- деп сұрағанда, үйірме сөзіне тек – ге барыс септігінің жұрнағы жалғанады. Енді жауап бергенде ол сөз қалай өзгереді?Мысалы: мен қазақ тілі үйірмесі… барамын.(сөйлем тақтада жазулы) Қандай жалғаулар жазу керек?дұрыс тәуелдік жалғау, барыс септігінің –не жалғауы жалғанады. Тәуелдік жалғау нешінші жақ? Дұрыс

3 – ші жақ. Келесі сөз:

удачный день- қазақ халқында аптаның қай күні сәтті күн?

экономить- нені үнемдеу керек?(уақытты) нені?кімді?сұрақтары қай септіктің сұрағы? Етістіктің шақтарын да айту: үнемдеймін, ді-м, - п

жатырмын

план- мой план,твой план, наш план т.б. 7 мин.

планировать-- нені жоспарлау керек? Рахмет.
Балалар, қазір нешінші сабақ?

Төртінші сабақ қай сабақ? қазір жылдың қай мезгілі?Көктем айлары?

Бүгін нешінші наурыз?

Бүгін аптаның қай күні?

Кеше аптаның қай күні болды?

Ертең аптаның қай күні болады?

Ауа – райы қандай?

Партаның үстінде не бар?

Қаламсауытта не бар?

2 мин.


  • Тапсырма. (Аудирование) балалар, қазір Маша қазақша әңгіме айтады, сендер түсініп орысша аударасыңдар. Машаның әңгімесі. Тыңдаңдар! 2 мин


Біз қазір топпен жұмыс істейміз.(топтағы оқушылардың атын айту)
1- топ « Дарынды балалар »

2- топ «Достар »

2. Топпен жұмыс. (құм сағатын пайдалану)

  • Тапсырма: ( Сурет таратылады)

Сурет бойынша әңгімелеу.( уақыт туралы. Әр оқушы сөйлем айтуы тиіс, өзі қай жыл мезгілінде туғаны туралы нақты айту) Сендерге 2 минут уақыт беріледі.(жәй музыка ойнайды) жауаптары тыңдалынады. 4мин



  • Тапсырма: «Уақыт қанша?» уақыттарды жазумен жазып, сөйлем құрастыру керек.(сағат салынған карточка таратылады. Неше бала болса сонша тапсырма, сонша жауап болу керек) 4мин



  • Тапсырма: реттік сан есімнің жұрнақтарын дұрыс жалғау керек.Тапсырманы орындау ушін әр топтан бір оқушы тақтаға шығады. (Бір мезгілде екі тапсырма орындалады, тақтада реттік сан есімінің жұрнақтары жазылған, соған сандары қою керек)

( жауабын тыңдау) 2 мин

Рақмет, қазір сергіту сәтін өткіземіз. Тұрыңдар!(сергіту сәті)



  • Ұлттық ойын .Қазақ халқы көп ғасырлар бойы төрт түлік малмен айналысада. Ұлттық ойындары да малмен байланысты. Балалар сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?қазақ халқының ойындары немен байланысты болды?(төрт түлік малдың суреттерін көрсету) 2мин

Дұрыс, сендер қандай ойынды жақсы көресіңдер?

Асықты жақсы көресіңдер.Ойын «Ханталапай» деп аталады.

(асықты көрсету)

- ойынға неше асық керек?

- 11 асық қалай аталады?

- «Ханалшы» түскенде не жасау керек?

- Не жинау керек?

- қандай асықтарды соғу керек?(бүгі мен бүгін, шігі мен шігін, алшысы мен алшысын, тәйкесі мен тәйкесін соғу керек.)

Ал «Ханталапай» ойнайық. (бұл ойынды жыл бойы әр үзілісте, ойнауға дағдыланған)

РАХМЕТ, кім жеңді? Ал кім жеңілді? (жауапты тек қазақ тілінде береді, себебі соған үйренген) 5 минут

  • Қорытындылау

- Сонымен қазір жылдың қай мезгілі? көктем айлары қандай? Орысша, ағылшынша және қазақша айтайық.

(Сызбаны көрсету керек)
көктем - весна ағылшынша - сприң

наурыз - март - мач

көкек - апрель - әйприл

мамыр - май - мәй
3 оқушы әрбір айдың мағынасын 3 тілде түсіндіреді.
Наурыз – персидское слово. Нау в переводе с персидского означает новый – по казахский жаңа, руз – означает день – күн. Наурыз новый день или новый год. Назвать март – наурыз – новым годом логично, так как природа обновляется: новая зелень и рождение молодняка и т.д.

Апрель – көкек (кукушка). В этом месяце кукушка только начинает куковать.
Май – мамыр. Мамырлау – в это время птицы выводят птенцов. Птенцов , вылупивших в этом месяце, казахи называют мамыр – отсюда и название месяца.

2 мин

Үй жұмысы: Уақыт тақырыбына қазақша, орысша мақал – мәтел табу, оларды дәптерге жазу. Күнделіктеріне міндетті түрде жаздыру.

(Орысша да айту) 1 – мин.
Бүгінгі сабақта алған бағаларың:


1 - топ

Баға лары

2 - топ


Баға

лары














(бағаларын айтып үлгеру, күнделікке міндеті түрде бағасын қою.)

1 – мин.

Рефлексия: (таратып беру)

- Бүгін саған сабақ ұнады ма?

- Саған не ұнады?

  • Маған бәрі ұнады.

  • Маған ойын ұнады. 2 мин

Сабақтың соңында: Құрметті ұстаздар келе жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын.

Сабақ аяқталды. Сіздерге көп рақмет! 2 мин



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет