Арнайы педагогикалық жетекшіліктің қажеттілігі принципі. Тек арнайы педагог, баланың даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін және танымдық мүмкіншіліктерін, бір жағынан, және оған берілетін түзету мен толықтыруға бағытталған көмектің (жәрдемнің) мүмкін жолдары мен әдістерін білу – екінші жағынан, оқу-танымдық іс-әрекеті процесін ұйымдастырып, осы процесті басқара алады. Көптеген жағдайда білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуының күрделі ерекшеліктеріне байланысты олардың өздік оқу-танымдық іс-әрекеті қиындатылған немесе мүмкін емес.
Түзету-педагогикалық процесте арнайы білім беру принциптері сәйкесті әдістер мен тәсілдер, сонымен қоса білім беру технологиялар арқылы жүзеге асырылады
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар адамға білім беру процесінде арнайы педагогика арнайы білім беру технологияларын, оқыту әдістері мен тәрбие әдістерін қолданады.