Лекция кешендері


Ықшамсабақ өткізу. Ықшамсабақты бағамдау және сабақ жоспарын жақсарту



бет85/98
Дата08.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#121703
түріЛекция
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   98
Байланысты:
лек жаңарт тарих

Ықшамсабақ өткізу. Ықшамсабақты бағамдау және сабақ жоспарын жақсарту
Ықшамсабақ (microteaching) мұғалімдерді белсенді психологиялық дайындау әдісі ретінде
Педагогикалық психологияға сынап қарайтын мұғалімдердің өздері де психологиялық дайындық тәсілдерінің құндылығын сөзсіз мойындайды. Ықшамсабақ осындай тәсілдердің бірі болып табылады.
Ықшамсабақ мұғалімдер үшін бихевиоризм қағидаттарына негізделген іскерлік психологиялық тренинг болып табылады. Мұғалімдерді психологиялық дайындау әдісі ретінде ықшамсабақ АҚШ-та алпысыншы жылдардың басында қалыптаса бастаған. Оның авторы Дуайт Аллен және Кевин Райан бастаған Стэнфорд университетінің зерттеушілер тобы болды (Alien&Ryan, 1969). Жалпы есеппен жаңа әдісті енгізуге он жылдан аз уақыт жұмсалды, 1968 жылы ықшамсабақ үдерісі мұғалімдерді дайындау бағдарламаларының 53%-ында қолданыс тапты.
Ықшамсабақ мұғалімдерді дайындауға арналған дәстүрлі тәсілдердің кемшіліктеріне жауап ретінде пайда болды. Дәстүрлі дайындық педагогикалық психология бойынша курстарды өту, тәжірибелі әріптестерінің жұмысын бақылау және игерген білім мен дағдыларды сыныпта қолдануды қамтыды. Дайындықтың бұл түрлерінің әрқайсысына елеулі кемшіліктер тән:
Теориялық курстар көп жағдайда тәжірибеден алшақ болады, оның негізінде білім пассивті түрде меңгеріледі.
Бақылаушы өзінің назарын неге аударған жөн екенін түсіну үшін, ол айтарлықтай тәжірибелі болған жағдайда ғана басқа мұғалімнің оқытуын бақылау тиімді болмақ. Оның үстіне, бақылаушы мұғалімнің емес, оқушының рөлінде болады.
Мұғалім меңгерген білімін пайдалана отырып, әуелі қателіктер мен сынамалар жолымен жүруіне тура келеді, бұл оқушылармен «эксперимент жасау» деген сөз, ал оның зияны оқушыларға тиюі мүмкін.
Ықшамсабақ мұғалімнің теориялық білімі мен практикалық жұмысын байланыстырушы, өзіндік зертхана (тәжірибе алаңы) болуы тиіс. Ұшқыштар, жүргізушілер және басқа да кәсіп өкілдері дайындық кезінде жаттығу құрылғыларында тәжірибе жасап үйренетіні сияқты, мұғалімдердің де өз «жаттығу құрылғысы» болуы қажет (Broudy, 1964; Davis&Gregory, 1970).
Жоғарыда атап өткендей, ықшамсабақтың әдістемелік негізі оперантты оқыту (Skinner, 1968) және «мінез-құлықты түрлендіру» (Bandura, 1969) сияқты бихевиористік және необихевиористік қағидаттар болып табылады. 5-10 минутқа созылатын әрбір ықшамсабақ оқытудың жеке бір дағдысын меңгеруге бағытталады. Мұндай дағдылар ынталандыру тәсілдерін түрлендіру (қозғалыс, ым-шара, үнсіздікті сақтау, әртүрлі сенсорлық арналарды, әртүрлі қарым-қатынас стильдерін пайдалану және т.б.), сабақтың басында өзіне мақсат қою, сабақты аяқтау, тыныштықты және вербалды емес құралдарды пайдалану, оқушыларды ынталандыру, сұрақтар қою, мысалдар келтіру және т.б. болуы мүмкін. Ықшамсабақта басты назар нені оқытуға емес, қалай оқытылатынына бағытталады деуге болады. Ықшамсабақ барысы бейнежазбаға түсіріледі және сабақты жетекші (бақылаушы) бақылайды. Сабаққа арнайы дайындалған оқушылар (әдетте 4-8 оқушы) қатысады, олар ықшамсабақтан кейін мұғалімге ауызша немесе жазбаша кері байланыс береді – өздерінің ойынша нақты бір дағдыны мұғалімнің қалай іске асырғанын бағалайды. Одан кейін мұғалім жетекшімен бірге ықшамсабақтың бейнежазбасын қарап, оқушылардың бағалауын талдайды және сынама жасап жаттыққан дағдыны жетілдіру мүмкіндіктерін талқылайды. Орта есеппен жарты сағаттай уақытқа созылатын талқылаудан кейін, мұғалім ықшам сабақты қайталайды, бірақ бұл жолы сабақты басқа оқушылармен өткізеді. Бұдан соң, бірінші және екінші ықшамсабақтың бейнежазбалары мен оқушылардың берген бағаларын салыстырып, қол жеткен жетістіктер туралы қорытынды жасайды. Әдетте ықшамсабақ өткізуге дейін сынама жасайтын дағды бойынша мұғалімдерді алдын-ала үйретіп, дайындайды. Мұндай оқыту осы дағдыны модельдеу көмегімен жүргізіледі – мысалы, оны анағұрлым тәжірибелі мұғалім көрсетеді немесе қажетті бейнежазба ұсынылады. Шебер жұмысты осылай бақылау нақты дағдыны қалыптастыруды айтарлықтай жақсартады (Bandura&Walters, 1963), мұғалім жіберген қателерін өзінің тәжірибесін жетілдірудің құралы ретінде қабылдай бастайды. Жекелеген дағдыларды меңгеру межесіне қарай, ықшамсабақ тапсырмасы қиындай түседі, сабақтың ұзақтығы да артуы мүмкін (20 минутқа дейін). Осылайша, ықшамсабақтың көмегімен жекелеген дағдыларды меңгеру оқыту стратегияларын меңгеруге ауысады.
Д.Аллен мен К.Райан ықшамсабақтағы оқушылардың рөліне ерікті мектеп оқушыларын шақырған (көбінесе сағатына бірнеше доллар сыйақы беру арқылы). Оқушылар шынайы сыныпқа сәйкес іріктеледі (үлгерім деңгейі, мінез-құлықы әртүрлі, т.б.). Олардың жасы ықшамсабақ өткізетін мұғалімдердің сыныбына сәйкес таңдалды. Авторлардың пікірінше, ақшалай сыйақы мен бәсеке (тиісті талаптарды орындамағандарды басқа оқушылармен алмастырды) сабаққа белсенді қатысу және қажетті тәртіпті орнату үшін жеткілікті ынталандырушы құралдардың бірі болды. Ықшамсабаққа қатысар алдында оқушыларға толық нұсқау беріледі, оларды негізінен ауызша немесе жазбаша түрде кері байланыс беруге үйретті (мысалы, арнайы бағалау үлгі-парағы қалай толтыру керектігі). Басқа мамандар (Gregory, 1972) оқушылардың рөлін мұғалімдер де орындай алады деп есептейді. Сабақта нағыз оқушылардың немесе олардың рөлінде болатын басқа адамдардың болуы алға қойылған міндеттерге және ықшамсабақ жүргізілетін жағдайларға тәуелді.
Ықшамсабақ арнайы маманның (Т.Грегори нұсқасы) немесе жетекші, анағұрлым тәжірибелі мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі (Д.Аллен мен К.Райан нұқасы). Екі жағдайда да олар қажетті аудио- және бейнежазба жасайды.
Ықшамсабақтың мысалы ретінде Томас Грегори ұсынған нұсқаны қарастырайық (Gregory, 1972). Бағдарлама тоғыз тапсырманы орындауды көздейді, олардың әрқайсысына бір немесе бірнеше сабақ арналуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет