Оқушылар орындықтарды шеңбер етіп сынып ортасына қояды. Тақырып/сұрақ/сөйлем беріледі, оған оқушылар жауап беру керек. Алайда олар белгіленген затты ұстап тұрмаса, сөйлей алмайды. Бұл тапсырмада мұғалім барлық оқушының бір кісідей қатысып отырғанына көз жеткізу үшін қатаң түрде бақылайды, сондай-ақ оқушыларға қай кезде сөйлеу керектігіне қатысты өздерінің шешім қабылдауына мүмкіндік береді.