Лекция кешендері


-тапсырма. Мақсаты: шынайылық таныту



бет92/98
Дата08.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#121703
түріЛекция
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   98
Байланысты:
лек жаңарт тарих

7-тапсырма. Мақсаты: шынайылық таныту.
Осы тапсырманы орындау үшін мұғалім өзінің мұғалімдік рөлінің шеңберінен шығып, өз адамгершілік қасиеттерін ашуға қабілетті болуы тиіс. Герберт Гринберг (Greenberg, 1969) мұғалімнің тарапынан өз сезімін шынайы білдіруге кедергі келтіретін төрт түсінік бар деп есептейді. Бұл сабырлылық туралы түсінік (мұғалім кез келген жағдайда өзін сабырлы, бірқалыпты ұстауы тиіс), ұстамдылық туралы түсінік (мұғалім үнемі ұстамды болып, оқушылармен арасындағы арақашықтықты сақтауы тиіс), барлық оқушыларға сүйіспеншілікпен қарау туралы түсінік (мұғалім сыныптағы барлық оқушыларға бірдей қарауы керек), сезімді жасыру қажеттігі туралы түсінік (мұғалім оқушылардан өзінің шынайы сезімдерін жасыруы тиіс). Аффективті оқыту кезінде мұғалім бұл түсініктерден бас тартуы тиіс. Ол үшін мұғалім біріншіден, өз-өзіне, екіншіден, барлық оқушыларға адал болуы тиіс. Алайда, Т.Грегори атап өткендей, бұл мұғалімнің оқушыларға өшпенділік танытуға рұқсат алғанын білдірмейді.
Р.Каркуффтың схемасын негізге алатын болсақ, шынайылық «тиісті төрт деңгейде» көрсетілуі мүмкін:
1) оқушылармен қарым-қатынаста өзін қорғаштауды мақсат ету (defensiveness), пікірлер мұғалімнің шынайы сезімдеріне сәйкес келмейді немесе шынайылық оқушыларды кінәлаудан ғана көрініс табады;
2) мұғалімнің сөздері оның шынайы сезімдерін ішінара ғана көрсетеді, ол өзінің жақтырпайтынын немесе мін тағушылығын көрсеткен кезде ғана шынайы болады;
3) мұғалім өз сезімін ым-шара, интонация, кідіріс жасау арқылы көрсетеді, бірақ оларды сөзбен айтып растамайды;
4) мұғалім сөзбен және сөзді қолданбай-ақ өзінің жағымды және орынды жағымсыз көзқарасын шынайы көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет