Лекция Кіріспе. "Өндірістік қауіпсіздік негіздері "


Лекция 6 Өндірістік жарықтандыру



бет15/19
Дата23.04.2022
өлшемі105,62 Kb.
#140591
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Лекция 1
ЭКОЛОГИЯ
Лекция 6 Өндірістік жарықтандыру
Адам қоршаған ортадағы ақпараттың 90% көру мүшесі арқылы қабылдайды. Сондықтан көз арқылы алынған ақпарат көбіне ортаның жарықтығына байланысты болады. Өндіріс бөлмелерінің жарықтандыру табиғи және жасанды түрде жүргізіледі.
Жасанды жарық табиғи жарықтың жетіспеушілігінен жыл бойы мен тәуліктік өзгеруіне байланысты қажет. Бұл уақытта ол энергия шығынын келтіріп, табиғи жарыққа қарағанда төмен, спектрлік сипатта болады.
Табиғи жарық тек қана көру мүшесіне ғана емес, сонымен қатар жалпы адам ағзасына және психологиялық тұрғыдан әсер етеді. Осыған байланысты бөлмедегі табиғи жарық санитарлы нормалар мен ережелерге сай болуы керек.
Егер табиғи жарық норма бойынша жеткіліксіз болса, оған жасанды жарықты қосамыз. Мұндай жарықтандыру аралас деп аталады. Аралас жарықтандыру өндірістік ғимаратта негізінен нақты, өте нақты және дәл жұмысты орындау үшін жобаланады.
Дұрыс орындалған жарықтандыру жүйесі өндірістік зақымдануды азайтуға едәуір септігін тигізеді. Ол көптеген өндірістік факторлардың потенциалды қаупін азайтады, көру мүшелеріне қалыпты жұмыс жағдайын жасайды және адам ағзасының жалпы жұмыс қабілеттілігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет