Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы


Азамат соғысы (1918-1920 ж.ж.). «Әскери коммунизм» саясаты



бет39/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013
16.02 ашық тәрбие сағатының тақырыбы, 1501-19 Лесбекова Элнура, 1501-19 Лесбекова Элнура, элнур, Кристалдард ішкі құрылымы №2, Оптика сессия жауаптары, 21-Қатты дене, Жолдау, түрік лек, Сопылы ілімні алыптасуы, Механика пәні. Материялық нүктенің кинематикасы, Айналмалы қозға-emirsaba.org, file ru
Азамат соғысы (1918-1920 ж.ж.). «Әскери коммунизм» саясаты.
Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. 1918 жылы 23 наурызда Орал казак - орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Олар генерал Толстовтың бұйрығымен жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз атты. Сол жылдың 28 - 29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады.
1918 жылы мамырдың аяғында Антанта елдерінің көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының офицерлері бүлік шығарды. Олар іштегі төңкеріске қарсы күштермен бірігіп, Новосибирск, Челябинск, Томск және Солтүстік Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды. К.Сүтішев, И.Дубинин, П.Калюжная, Ғ.Ыдырысов, К.Шугаев, П.Салов және тағы басқаларын азаптап өлтіріп, Өскемен Совдепінің төрағасы Я.Ушаковты тірідей кеменің оттығына тастады.
Оларға ақ гвардияшылармен бірге әскерлер, меньшевиктер және алашордашылар дем берді. Дегенмен Қазақстанның Сырдария, Жетісу /мұнда Лепсі мен Қапал уездерінің кейбір жерлерінде соғыс қимылдары жүріп жатты/ Бөкей ордасы мен Торғай облысының кейбір уездері мен болыстарында Кеңес өкіметі сақталып қалды.
Төңкеріске қарсы күштер Самарада ақ гвардияшылар мен әскерлердің Комуч (Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті) "үкіметін", Омбыда Колчак бастаған Сібір ақ гвардиашыларының "үкіметін", Каспий сыртқы облысында ағылшын "үкіметін" құрды. Бұл кезде немістер Донбасқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин соғыс қимылдарын күшейте түсті.
1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты майдан - Шығыс майданы еді. Шығыс майданының Орал бағытында ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Бұл майданның жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылдың 2 маусымында Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері кейін шегінуге мәжбүр болды. Осыған байланысты Ақтөбе майданы құрылды. Ондағы қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск /Қызылорда/, Черняевск /Шымкент/, Әулиеата және т.б. қалаларда құрылған отрядтар көмекке келді. Оның қатарына негізінен еріктілер кірді, әскери міндет туралы БАОК - нің 1918 жылы 29 мамырда қабылдаған жарлығынан кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жылдың жазында ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде Х.Чурин, Ж. Сәрсенов, X. Ишанов, Б. Жәнікешев т. б. қызмет етті.
1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ә. Т. Жанкелдин мен А. Иманов
Торғайда екі атты әскер эскадронын, әскери оқу және пулемет топтарын, Ырғызда атты әскер эскадронын құрды. Өлкеде ұйымдасқан қызыл әскер бөлімдерінің қатарына азамат соғысы жылдарында Ресейге келіп қалған көптеген шетелдіктер: венгр, чех, румын, поляк, неміс жұмысшы және шаруалар өкілдері де кірді.
Ақтөбе майданына 1918 жылы Әліби Жанкелдин бастаған экспедиция Мәскеуден көп қару - жарақ пен оқ - дәрі жеткізді. 1918 жылы күзде 1 және 4 Қызыл Армия бөлімдері шабуылға шығып, Бугурслан, Бұзылық, Қазан, Александров-Гайды босатып, Орынбор мен Орал қалаларына жақындады. Сөйтіп, Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919 жылдың қаңтарында Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан және Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді.
1919 жылы көктемде Фрунзе бастаған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал Чапаев бастаған 25 дивизия оңтүстік - батыс аудандарда соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді Қазақстанда Колчақ тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. 1918 жылы желтоқсан айының аяғында Ә. Жанкелдин, А. Иманов және Ырғыз отрядының біріккен күші мен Торғайда кеңес өкіметі қалпына келтірілді. Бұл кезде Ақмола, Семей облыстарында да партизандық қозғалыстар өрістеді. Сондай-ақ, Жетісу майданының солтүстік-шығыс шебінде 1918 жылы тамыз және 1919 жылғы қазанның орта кезіне дейін ақ гвардияшыларға қарсы күрес жүргізілді. Мұндағы қорғаныс орталығы Черкасское селосы болды.
1919 жылдың орта кезінде қызу шайқастардың барысында Колчак Армиясы екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай шегінді. Колчактың "Оңтүстік армиясын" Түркістан майданының қызыл әскер бөлімдері 1919 жылы тамыз айының екінші жартысында құртып жіберді.
Колчак армиясының жеңілуі, солтүстік-шығыс Қазастанның азат етілуі Орал майданының жойылуына септігін тигізді. Осының нәтижесінде Түркістан майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізіліп, мұндағы қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1920 ж. наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік Жетісу майданы жойылды.
Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы күрес Азамат соғысының майдандары жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ. 1920 жылғы 12 маусымдағы Верныйдағы бүлік соның көрінісі еді. Бүлікті басуды іске асырғандар арасында Д.А.Фурманов. П.Белов, Ғ.Мұратбаев, Б.Шагабудинов, т. б. болды.
1918-1920 жылдары шетел басқыншылары мен елдің ішіндегі төңкерісті жақтамайтын күштердің қарсылығы жеңілгеннен кейін, Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Оның көкейтесті мәселелері қазақ жұртшылығының съездерінде талқыланды. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920 жылдың аяғында (Жетісу мен оңтүстік облыстарды қоспағанда) 939 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 779 артель, жерді бірлесіп өңдейтін 28 серіктестік (ТОЗ) құрылды.

  1. жылғы 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі "Қырғыз /Қазақ/ өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитет құру туралы" декрет қабылдады. Онда болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды.

  1. жылы 30 сәуірде РК/б/П Орталық Комитеті Қырғыз /Қазақ/ облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАҚ пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында "Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын кұру туралы" жарлық қабылдады. Орынбор қаласы Қазақ АҚСР-інің алғашқы астанасы болды.

1920 жылы 4 қазанда Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті (төрағасы С. М. Мендешев) және Халком Кеңесі (төрағасы В.Радус-Зенькович) сайланды. Съезд Қырғыз (Қазақ) АҚСР-і РКФСР-дің құрамына кіретін жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалардың, казактардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің автономиялық республикасы болып құрылғанын мәлімдеді. Декларация Кеңестердің таптық мәнін белгілеп берді. Ол халықты ұлттық езушілік пен құлдықта ұстау саясатынан батыл қол үзетінін жариялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет