Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы


Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы



бет40/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013
16.02 ашық тәрбие сағатының тақырыбы, 1501-19 Лесбекова Элнура, 1501-19 Лесбекова Элнура, элнур, Кристалдард ішкі құрылымы №2, Оптика сессия жауаптары, 21-Қатты дене, Жолдау, түрік лек, Сопылы ілімні алыптасуы, Механика пәні. Материялық нүктенің кинематикасы, Айналмалы қозға-emirsaba.org, file ru
Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы.
Кеңес өкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер, оның ішінде, Уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау-шенеуніктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйесі жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады. Мұндай өзгерістердің іске асуында Қазақстан калаларында құрылған төңкерістік комитеттердің рөлі зор болды. Олар қызыл ұландар бөлімдерін, жұмысшы жасақтарын кұрды, кедейлерге арқа сүйеп, қанаушы таптардың қарсылығына тойтарыс берді, өкімет билігінің кеңестердің қолына өткенін жариялап, олардың нығаюы үшін ат салысты. Кеңестер билікті ойдағыдай жүргізу қабілетіне ие болған жерлерде төңкеріс комитеттері өз міндеттерін кеңестерге беріп, тарап кетті.
Өкімет билігінің ескі құрылымы Қазақстанда бірден жойылған жоқ. Олар әуелі кеңестердің қарамағына өтіп, сосын аттарын өзгертіп, бірте-бірте Кеңес қарауына алынды. Мәселен, 1918 жылы ақпанда жұмысшы, шаруа, солдат, мұсылман депутаттары Ақтөбе Кеңесі қалалық басқарманы Кеңес басқару орны етіп қайта құрып, қалалық думаны таратты. Семей облыстық Кеңесі 1918 жылы 9 наурызда дума мен басқармаларды таратып, уақытша үкіметтің уездік комиссарларының міндетін жаңа құрылған кеңестерге жүктеді. Сол жылы 12 сәуірде Түркістан өлкесінің Халық Комиссарлар Кеңесі азық-түлік басқармаларын тиісті Кеңестердің азық - түлік бөлімі етіп қайта құру жөнінде жарлық шығарды. Қостанай уезіндегі шаруашылық иелігі (хозяйственная управа) Кеңестің қарамағына алынды. Кеңес өкіметінің қайта құру шараларын іске асыруға өршелене қарсы шыққан Петропавл, Ақмола, Түркістан, Өскемен, Верный, Әулиеата, Жаркент, Қапал, Лепсі сияқты жерлердегі земстволық, қалалық басқармалар таратылды. Кейбір жерлерде /Қостанай, Перовск, Қарқаралы, Зайсан/ олар Кеңестердің қарамағына көшті.
Ескі мемлекеттік аппаратты қирату отарлау саясатына берілген алғашқы соққы еді. Ол еңбекшілердің Кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай туғызды. Олардың көмегімен үстем таптардың артықшылықтары шектеліп, қазақтардың ұлттық теңдігі қамтамасыз етілді. Олар Ресей Кеңес Федеративтік Республикасының тең құқықты азаматы болды. Шіркеудің мемлекеттен, мектептің шіркеуден ажыратылуы, ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 1917 жылғы 10 қарашадағы Жарлығымен адамдардың сословиге бөлінуі, олардың құқықтық артықшылығы мен шектеушілігі, сондай-ақ сословиялық мекемелер, ұйымдар жалпы сословие атауы жойылды.
Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде басқарудың бірыңғай құрылымы болған жоқ. Кейбір жерлерде Орталықтағы сияқты Халық Комиссарлар Кеңесі, екінші бір жерлерде облыстық мекемелер мен басқармалардың Комиссариаттары құрылды. 1918 жылдың күзінен бастап, басқарудағы ала - құлалық жойылып, Кеңес атқару комитеттері билікті ез қолына топтастыра бастады. Маңызды мәселелер салалық басқармалардың коллегия мәжілісінде қаралып отырды.
Ауыл - селоларда әлі кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес өкіметінің нұсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық-түлік ташпылығынан қорлық көрді. Бай, кулактар белгіленген нарық бойынша мемлекетке астық тапсырудан бас тартты. Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас көтерді. Осының бәрі уездік кеңестерден шұғыл және шешуші шараларды іске асыруды талап етті. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу, жергілікті жерлерде екімет билігін нығайту қажет болды. Бұл міндеттерді іске асыру басқарудың коллегиялық әдіспен нығайтуды керек етті. Осыған орай көптеген маңызды мәселелер коллегия мәжілістерінде қаралып шешілді.
Облыстық, уездік, болыстық кеңестердің жер, азық-түлік, шаруашылық, сот, бақылау, қаржы болімдерінің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске асырылды. Төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссия, милиция құрылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды. Заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады. Осындай курс Семей уезінде ұйымдасты. Облыстық Кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынасты реттейтін комиссиялар құрылды. Олар Қытайға көшіп кеткен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына қатысушылардың елге оралып, жайлы жерлерге орналасуына көмектесті.
РКФСР Халком Кеңесінің 1917 жылғы 22 қарашадағы "Сот туралы" жарлығымен соттың ескі құрылымы түгелдей қысқартылып, жергілікті жерлерде соттың жаңа жүйесі пайда болды. Сонымен бірге ескі проқурорлық бақылау мен қылмысты іс тергеушілер институттары, қорғаушы және жеке адвокатуралар жойылды. 1918 жылы облыстардағы Кеңес Атқару Комитеттері жанынан сот бөлімдері, ал өлке орталығында Қазақ өлкелік соты ұйымдасты.
1918 жылғы көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 жылғы сәуірдің 20-нан 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің бесінші съезінде іске асты. Оның құрамына Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Орта Азия республикалары мен Қазақстан жерін межелеу жүргізілгенге дейін Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс-сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей ордасы Астрахань губерниясы қарамағына кірді.
Кеңес өкіметі ішкі және сыртқы жаулардан қорғану үшін республиканың қарулы күштерін құру мәселесіне көп көңіл бөлді. 1918 жылғы 15 қаңтардағы жұмысшы, шаруа қызыл әскерін құру жөніндегі үкіметтің нұсқауына сәйкес елде әскери бөлімдер құрыла бастады. Олар еріктілерден тұрды. Қазақстанда облыстық, уездік кеңестер жанынан әскери комиссариаттар, әскери бөлімдер, қызыл штабтар құрылып, жауынгерлерді әскер ісіне үйретумен шұғылданды.
Бірақ еріктілік негізінде құрылған бөлімдерде тәртіп, бір - бірімен байланыс нашар болды. Олардағы жағдай түзетуді қажет етті. Шет ел басқыншылығы, ішкі және сыртқы жаулармен күрес әскер бөлімдерін құруда еріктіліктен бас тартып, әскери міндеттілікті енгізуді, әскер бөлімдерін темірдей тәртібі бар, соғыс өнеріне жақсы үйретілген күшке айналдыру керек еді. Солай істелді де, әскер құрамында ұлттық әскерлер құрамалары, оның ішінде қазақ жастарынан тұратын болімдер құрылды. Кеңес өкіметінің декреттері негізінде фабрика, зауыт, банктерді национализациялау іске асырылды. Қазақстанда алдымен ұсақ, Орта кәсіпорындары мемлекет меншігіне көшті. Кейін ірі кәсіпорындар да, оның ішінде Спасск мыс қорыту зауыты, Екібастүз көмір әндірісі, Риддер рудниктері мемлекет қарамағына алынды. Онда еңбек тәртібін нығайту, жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселесімен кәсіподақтар кеңінен айналысты. Олар өндіріс пен енімді болуді бақылауға алды. Жұмыс күні, еңбекақыны реттеу, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, мұқтаждарына көмек керсету, әйелдер мен жасөспірімдердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелерімен шұғылданды. Кеңес орындарымен тығыз қарым - қатынас жасап отырды.
Кеңестердің екінші съезінің шешімдеріне сәйкес жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай казақ - орыстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, сондай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.
Жер мәселесін шешудегі жергілікті кеңес орындарының қызметі бірнеше кезеңнен тұрды. Оның 1917 жылғы қарашадан - 1918 жылғы жазға дейінгі кезеңінде жергілікті Кеңестер, жер комитеттері мен комиссиялары бос жерлерді, тәркіленген помещиктік имениелерді есепке алып, шаруалардың жағдайын анықтап, жерсіз, жері аз шаруаларды жермен қамтамасыз ету мәселесімен шұғылданды. Шаруалар съездерінің шешімдерімен қоныс аудару қорынан алынған жерлерді пайдалану ережелерін жасады.
Екінші кезең - 1918 жылдың жазынан - 1920 жылдың аяғына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл тұста жерді социализациялау жонініндегі шараларды іске асыруға әзірлік жұмыстары жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет