Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы



бет48/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013
16.02 ашық тәрбие сағатының тақырыбы, 1501-19 Лесбекова Элнура, 1501-19 Лесбекова Элнура, элнур, Кристалдард ішкі құрылымы №2, Оптика сессия жауаптары, 21-Қатты дене, Жолдау, түрік лек, Сопылы ілімні алыптасуы, Механика пәні. Материялық нүктенің кинематикасы, Айналмалы қозға-emirsaba.org, file ru
Майданға бүкілхалықтық көмек.
Қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түскен Қарсыбай Сыпатаев, капитан Н. Гастеллоның ерлігін қайталаған ұшқыш Нұркен Әбдіров, жаудың пулеметтен оқ шашып тұрған дзотының аузын өз кеудесімен жапқан Ленинград қорғаушысы Сұлтан Баймағамбетов қазақ жауынгерлерін ерлікке рухтандырды.
Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдавияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Еуропа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуге ат салысты. Қазақстандық жауынгерлер Берлинді алуға қатысты. Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев қатардағы жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстаг қабырғасына қызыл жалау тікті.
Қазақстандықтар партизандық қозғалысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда, Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында - 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен партизандық бригадалар мен отрядтарда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері Г.Ахмедьяров, Ғ. Омаров, В. Шаруда, Қ. Қайсенов, Ә. Шәріпов, Ә. Жанкелдин, Ж.Саин, т. б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болып отыр.
Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 99-ы қазақ. Солардың қатарында Кеңестік Шығыстың қос қарлығашы, қаһарман қыздары - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Кеңес Одағының Батыры атағы ұшқыштар Т.Бигелдинов, Л. И. Беда, И.Ф.Павлов, С. Д. Луганскийге екі реттен берілді. 110 қазақстандықтар Даңқ орденінің үш дәрежесіне ие болды. Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. Соғыс Қазақстан үшін қымбатқа түсті. Ұлы Отан соғысында 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты.
Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жанқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді.
Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикада 2300 мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Кәсіпорындармен бірге келген адамдарды Қазақстан еңбекшілері жақын бауырындай қабылдап, қамқорлық көрсетіп, тұрғын үймен, басқа да қажет нәрселермен қамтамасыз етті. Республика өнеркәсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255 мың жұмысшыға дейін жетті. Олар соғыс жылдарындағы қысылтаяң кездің қиындықтарын жеңе отырып, еңбекте жаппай ерлік көрсетті. Қазақстанды майданның сенімді тірегіне, елдің ең негізгі әскери өнеркәсіп ошағына айналдырды. Мұның өзі жалпы одақтық экономиканың, өндірістің бар саласында да, сол сияқты жаңадан құрылған саласында да, оның үлесін арттыруды талап етті. Оған Батыс аудандардан көшіріліп келген 220-дан астам кәсіпорындарды қатарға қосудың үлкен маңызы болды. Қазақстанда 1943 жылы қорғаныстық маңызы бар ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан істеп тұрған кәсіпорындар өнім өндіруді арттырды. Мәселен, сол жылы республикадағы қара металлургия өндірісінің тұңғышы Ақтөбе ферросплав зауыты іске қосылып, өнім шығара бастады. Ақтөбе химия комбинаты бор, фосфор кышқылдарын, сода шығаруды жолға қойды. Шымкент дәрі-дәрмек жасау зауыты шөптен дәрі жасауды игерді. Теміртауда Қарағанды металлургия комбинатын салу қолға алынды. Машина жасау зауыттары Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда іске қосылды. Жаңа рудниктер мен байыту фабрикалары салынып, мыс, қалайы, күміс, алтын шығару артты. Балқаш, Қарсақпай мыс қорыту зауыттары күшейді. Түсті металл шығару өсті. Тамақ өнеркәсібінің: Шымкентте жеміс-жидек консерві комбинаты, Алматы, Қарағандыда кондитер фабрикалары, Петропавлда темекі фабрикасы пайдануға берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет