Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы


- лекция. Екінші дүние жүзілік соғыс және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан. Соғыстан



бет46/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013
16.02 ашық тәрбие сағатының тақырыбы, 1501-19 Лесбекова Элнура, 1501-19 Лесбекова Элнура, элнур, Кристалдард ішкі құрылымы №2, Оптика сессия жауаптары, 21-Қатты дене, Жолдау, түрік лек, Сопылы ілімні алыптасуы, Механика пәні. Материялық нүктенің кинематикасы, Айналмалы қозға-emirsaba.org, file ru
12- лекция. Екінші дүние жүзілік соғыс және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан. Соғыстан
кейінгі дамуы.
Жоспары:

  1. Соғыстың басталуы, оның сипаты.

  2. Қазақстандықтар соғыс майданында.

  3. Соғыс жылдарындағы халық ағарту ісі.

  4. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан.

  5. Қоғамдық – саяси өмір және оның ерекшеліктері.



Пайданылған әдебиеттер тізімі:

1Кан Г.В, Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Оқулық.-Алматы: «Кітап»,2012.-312б.


2.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін: очерк.-Алматы : «Дәуір».1994.-446б.
3. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. – Алматы: «Атамұра», 1996-2010ж.
4.Қазақ мемлекеттілігінің тарихы ( ежелгі және ортағасырлық кезең)/ ҚР Білім және ғылым министрлігі: Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты.-Алматы: «Адамдар» ЖШС, 2007.-431 б.
5.Омарбеков Т. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері: Көмекші оқу құралы.-Алматы: «Өнер», 2003.-551б.

1941-1945 жылдардағы ¥лы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жүмылдруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп, азаттық соғысына бір кісідей көтерілді. Осы тұста өткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді.


Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И. Н. Панфилов тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айыныц ішінде 238, 310, 314, 387 және 391- атқыштар дивизиялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс кезінде не бары республикада 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерінің полктері, әр түрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен тек қазақстандық құрамалар мен бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жердегі басқа да құрамалар мен бөлімдерді толықтырып отырды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. қазақстандықтар қатысты. Республика майданға 14,1 мың көне жеңіл автомашина, 1,5 мың трақтор, 110,4 мың жылқы және 16,2 мың арба жіберді.
Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды.
Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ.Жұматов, Ш.Шолтаров, К.Иманқұлов, Е.Качанов, т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Жау тылында қалған көптеген жауынгерлер партизан қозғалысына қатысты.
316 - дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші ұлан дивизиясы атағы берілді. Мәскеу түбіндегі ұлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған басқа да әскери құрамалар қатысты.
Ұлы Отан соғысы барысында Сталинград шайқасы бетбұрыс кезең болды. Бұл сұрапыл шайқасқа қатысқан құрамалардың арасында Қазақстанда жасақталған 38-атқыштар дивизиясы бар еді. Ол әр кезде 62 - армия /қолбасшысы В. И. Чуйков/, 57-армия /қолбасшысы Ф. И. Толбухин/, сондай-ақ Сталинград үшін болған шайқастың негізгі ауыртпалығын көтерген 64-армияның /қолбасшысы М. С. Шумилов/ құрамында соғысты. Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен қатар Курск иінінде, Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жан қиярлықпен соғысты. Ленинград қоршауындағы әскери бөлімдерде қызмет еткен жауынгерлердің арасында Д.Шыныбековтың, алысқа ататын зеңбірекке бекітілген аэростат командирі С.Жылқышиевтің есімдері мақтанышпен аталып жүрді. 1942 жылғы шайқастардың бірінде Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының түлегі Арыстан Ахметов өз есімін өшпес даңққа бөледі. Ол 19 жауынгермен әскери маңызы бар бір төбені жаудан қорғап, соңғы адамы қалғанша соғысты. Жаралы болып ес-түссіз жау қолына түскен одан жау солдаттары әскери мағлұмат алмақ болып азапқа салды. Тістерін сындырып, құлағын кесті. Осындай азапта жау офицерінің бетіне түкіріп, қайсарлық пен қаһармандык үлгісін көрсеткен А. Ахметовты қанішерлер үстіне жанармай құйып өртеп жіберді. Батыр жігіт жау алдында сес бермей, өмірден өтті. Елге оның ерлігі туралы хабар майдангер жазушы Павел Кузнецовтың очерктері арқылы жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет