Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы



бет45/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013
16.02 ашық тәрбие сағатының тақырыбы, 1501-19 Лесбекова Элнура, 1501-19 Лесбекова Элнура, элнур, Кристалдард ішкі құрылымы №2, Оптика сессия жауаптары, 21-Қатты дене, Жолдау, түрік лек, Сопылы ілімні алыптасуы, Механика пәні. Материялық нүктенің кинематикасы, Айналмалы қозға-emirsaba.org, file ru
Қоғамдық-саяси ситуация.
XX ғасырдың басында капиталистік қатынастардың қазақ даласында дамуы күшейе түсті. Өлкеде өнеркәсіптің жаңа салалары пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісі одан әрі дамып, жұмысшы табы қалыптасты.
Патша өкіметінің аграрлық саясаты салдарынан орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы жаппай сипат алды. Сөйтіп, қазақ еңбекшілерінің жерлерін басып алу кеңінен жүргізілді. Қазақ шаруаларын тонауды патша өкіметі "қоныстанушы", "жер қоры" деп аталатын желеумен іске асырды. Бұл қорды жасау үшін жергілікті халықтың жайлы қоныстарын тартып алып отырды. Шаруалардың Ресейден Қазақстанға шұбыруы бұрынғыдан да артты. Түркістан генерал-губернаторының толық емес дерегі бойынша XX ғасырдың басына дейін бір ғана Жетісу облысына 16 мың отбасы келіп қоныстанса, 1905 жылы олардың саны 28 мыңға жеткен. Мұндай жағдай Қазақстанның басқа өлкелерінде де байқалды. Қазақстанның Ресейге түгелдей басыбайлы болып қосылуы, өндірістік кәсіпорындардың дамуы, сауда жүйесінің кеңеюі, қалалардың қалыптасуына барынша ықпалын тигізді.
XX ғасырда Қазақстандағы қала тұрғындарының саны едәуір өсті. Мәселен, Семей қаласында 1903 жылы 27 334 адам түрса, 1909-10 жж. - 31 382, 1914 жылы - 35 мыңға жеткен. Бұл кезде ірі қалалар болып саналған Оралда - 47,5 мың, Петропавл мен Верныйда - 43,2 мыңнан адам тұрған. Қала тұрғындарының саны негізінен Ресейден көшіп келген қоныс аударушылар есебінен өсті. Құрамына қарай олар қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер мен саудагерлерге, сол сияқты, қазақтардың дәулетті бөлігі мен жай еңбекшілерге /мещандар, шаруалар, жұмысшылар/ бөлінді.
Патшалы Ресей Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен. тау - кен байлықтарын пайдалануға айырықша назар аударды. Олар мұнда тау - кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу кәсіпорындарын дамытуға күш салды. Алтын, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды.
Тау - кен өнеркәсібі, негізінен, Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды. Империалистік монополиялар өндірісті жетілдіруге қажет қаражат бөлмеді, оның орнына механизмдерді арзан жұмысшы күшімен ауыстыру пайдалырақ деп санады. Бұл техникалық прогрестің, өндірістік күштердің дамуын тежеді, жұмысшылардың жағдайын нашарлатты. XX ғасырдың басында мыс, алтын, темір және басқа қазба байлықтарды шығаратын тау-кен өнеркәсібі орындары шетелдік ақциөнерлік қоғамдардың қолына көшті. Мысалы, Лондонда пайда болған Спасск мыс кендерінің ағылшын - француз ақциөнерлік қоғамы Спасск-Успенск мыс кені мен зауытын, Саран-Қарағанды таскөмір кенін, темір рудниктерін сатып алды. Қоғамның ақцияларын ұстаушылар американдықтар, немістер, шведтер, австриялықтар және басқалары еді. 1914 ж. Риддер руднигінің, Өскемен қорғасын мырыш зауытының құрылыстары басталды.
Өлкедегі тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын шығару еді. Екібастұз, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары жұмыс істеді. Қазақстанның батыс және солтүстік - шығыс аймақтарында түз өндіру кәсіпшілігі маңызды рөл атқарды. Олардың ең ірілері Ішкі Ордадағы Басқұншақ, Павлодар уезіндегі Каряковск, Қарабас кәсіпшіліктері болды. Батыс Қазақстанда Орал-Ембі аймағында мұнай шығарылды. 1912-1914 ж.ж. мұнай мен кен орындарын пайдалану мен иелері ағылшын капиталистері болған "Батыс Оралдық мұнай қоғамы", "Орал-Ембі қоғамы" және "Солтүстік Каспий мұнай компаниясы" айналысты.
Қазақстанда бұл кезде ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін: теріден былғары жасайтын, май шыжғыратын, сабын қайнататын, арақ, спирт шығаратын, май шайқайтын және басқа кәсіпорындар көбейді. Жетісу, Ақмола және облыстарында жүн, шұға фабрикалары, ет консерві зауыттары, сондай - ақ үн -жарма өнеркәсібі дами түсті. Оңтүстік Қазақстанда шикізаттар өңдейтін майда кәсіпорындардан басқа мақта тазарту өнеркәсібі өркендеді. Балық аулау кәсіпшіліктері Еділ - Каспий бассейнінде, Орал - Ембі өлкесінде, Арал теңізінде, Ертіс өзені, Балқаш пен Зайсан көлдерінде дамыды.
Өлкеде өнеркәсіптің және қалалардың өсуімен байланысты темір жолдар салу маңызды рөл атқарды. XX ғ. басында Қазақстанда Орынбор-Ташкент, Троицк - Алтай және Жетісу темір жолдарын салу кеңінен өрістетілді. 1917 жылы өлкеде темір жолдың жалпы ұзындығы 2793 шақырымға жетті. Қазақстанға капитализмнің енуі мұнда тауар - ақша айналымының ұлғаюы патриархалдық-феодалдық қатынастардың ыдырауына, қазақ ауылында капиталистік қаты - настардың дамуына жағдай жасады. Өнеркәсіптің жаңа салаларын өмірге әкелді, еңбектің қоғамдық бөлінісінің өсуіне және жалдамалы жұмысшылардың пайда болуына үлкен ықпал етті. Натуралдық шаруашылықтың ыдырауы қазақ шаруаларының кедейленген топтарын "қосымша табыс іздеуге" мәжбүр етті. Өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істеу олар үшін ақша тауып күн көрудің көзіне айналды. Қазақстан жұмысшы табы негізінен 1860-1890 жылдары жүргізілген реформалардан кейін пайда бола бастады. Бірақ бұл процестің қарқыны мен жұмысшы санының өсуі әр облыста бірдей болмады. Жұмысшылар тау-кен өнеркәсібі дамыған аудандарда 1855 жылы 1,5 мыңға жуық болса, 1890 жылы 11 мыңга жетті. Жалпы XX ғасырдың басында Қазақстанның кәсіпорындарында 15 мыңға жуық жұмысшы істеді. 1917 жылы олардың саны 65 мыңға өсті.
XX ғасырдың басына қарай Қазақстанның жұмысшы табы құрамында сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да елеулі өзгерістер болды. Олардың ірі кәсіпорындарға шоғырлануымен байланысты кен өнеркәсібі мен темір жол транспорты жұмысшылары арасында таптық сана-сезімнің қалыптасуы байқалды.
Әуел бастан-ақ көп ұлтты болып қалыптасқан жұмысшы табының 60 пайызы қазақтар болды да, қалғандары орыс, украин, татар, башқұрт және т.б. ұлттардың өкілі еді.
Жұмысшылардың, әсіресе, жергілікті қазақ жұмысшыларының жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күнінің қаншаға созылатынын кәсіпорын иелері өз еркімен белгілеп отырды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа дейін созылды. Олардың тұрмыс жағдайына қамқорлық жасалмады. Жалақы Ресейдегі кәсіпорындағыдан екі-үш есе кем төленді. Әйелдер мен балалардың ақысы тіпті аз болды. Ордер арқылы берілетін азақ-түлік пен тауарлар көтеріңкі бағамен берілгендіктен жұмысшылар есеп айырысқанда, көбінесе қожайынға борышты болып қалды.
Жұмысшылардың еңбек жағдайы өте - мөте ауыр, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты оқиғалар жиі болып тұрды. Жұмысшылардың осыған байланысты наразылықтары да жиі-жиі бой көрсете бастады.
1891 жылы шілденің 12-13 күндері Өскемен уезіндегі Владимировск алтын кенінде ереуілге шыққан 140-тан астам қазақ жұмысшылары тұрмыс пен еңбек жағдайларын жақсарту туралы талап қойды. 1898 жылы 5 наурызда Зырянов мыс рудниктеріндегі жұмысшылар жалақыны арттыруды талап етіп, топтасып көшеге шықты. Оларды патша әкімшілігі әскери күшпен басты.
Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Ресейдегі революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозгалысының дамуына Ресейдің орталық губерниялары мен Сібірден келген жұмысшылар және жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмысшы қозғалысына саналылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізді.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басына қарай Ресейде капиталистік даму империалистік сатыға көтерілді. Бірақ, Ресейде империализм елдің экономикасы мен саяси құрылысында феодалдық-крепостниктік қалдықтардың сақталуы жағдайында дамыды. Помещиктердің сойылын соғатын ірі монополистік капиталмен тығыз байланыстағы патша өкіметі елдің өндіргіш күштерінің дамуына тұсау болып, қоғамдық прогресті тежеді.
Имперализм дәуірінде ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптык және ұлттық қайшылықтар шиелінсе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін түншықтырды, орыс емес халықтарды езуді күшейтті. Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкелді.
Қазақстанда революциялық идеяның, соның ішінде марксизмнің тарауы Орталық Ресейден көп кейін басталды. Оған өлкеде әлеуметтік-экономикалық қатынастың әлсіздігі және жұмысшы табының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарда, Көкшетау мен Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благоевтар тобынан келген В.Г.Харитонов, Қарқаралы мен Семейде социал-демократ И.С.Домашевич, Верныйда /Алматыда/ А. С. Кочаровская т.б.еді.
Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұңғыш маркстік үйірме негізінен жер аударылғандардан құрылды. 1903 жылы осындай үйірме Петропавл темір жолында, 1902 жылы 1 мамырда Орал қаласында саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды. Сонымен жоғарыда айтылған деректердің барлығы Қазақстан өлкесінде қоғамдық сананың қалыптаса бастағанын, патша өкіметінің отаршылдық, езгісіне қарсы күрестің күшейе түскенін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет