Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы



бет41/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013
16.02 ашық тәрбие сағатының тақырыбы, 1501-19 Лесбекова Элнура, 1501-19 Лесбекова Элнура, элнур, Кристалдард ішкі құрылымы №2, Оптика сессия жауаптары, 21-Қатты дене, Жолдау, түрік лек, Сопылы ілімні алыптасуы, Механика пәні. Материялық нүктенің кинематикасы, Айналмалы қозға-emirsaba.org, file ru
ЖЭС және оның қорытындылары.
Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін экономикалык және әлеуметтік-саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді.
1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары - 50,3, орыстары - 31,1, украиндары - 14,4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал, ауыл шаруашылығы мешеу жете дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шарушылығында көшпелі және жартылай көшпелі шараушылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн. десятина болса, 1922 ж. 1,6 млн. десятинаға қысқарды. Мал шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы - 2 млн-ға, қой-ешкі 6,5 млн-дай, түйе - 0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдары барлық мал түрі 10,8 млн. басқа кеміді.
Қазақстанның өнеркәсібі де құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты. Қазақстан халық шаруашылығы жалпы өнімінде өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 6,5 пайыз құрады. Өнеркәсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі төмен, шикізат пен отын жетіспеді.
Бұл кезде Қазақстанда да Ресейдегі сияқты экономикалық бірнеше меншік түрі: париархалдық, ұсақ тауарлық, капиталистік жекеменшік, мемлекеттік-капиталистік және социалистік меншіктер орын алды. Бірақ олардың экономикалық көлемі әртүрлі еді. Қазақстан экономикасында социалистік үлестің меншік салмағы тіпті төмендеді.
Қазақ ауылында капитализмге дейінгі қатынастар таза жойылған жоқ. Олар капиталистік қатынастармен тоғысып немесе ұштасып жатты. Қазақстан халқының таптық құрылымының елдегі орталық аудандарынан айтарлықтай айырмашылығы болды. Мұнда ұлттық буржуазияның тап ретінде қалыптасу процесі аяқталмаған еді.
Жеті жылға созылған соғыста (бірінші дүниежүзілік және соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік мси өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз V алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік неғұрлым көп айырымсыз қатал әдістермен жиналды. Мұның өзі (Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың өкіметіне қарсы шығуына әкелді.
Мұндай наразылықтың күшеюі Кеңес өкіметін салғырттан, яғни "әскери коммунизм" саясатынан /салғырт солай аталатын/ бас тартуға, жаңа экономикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр етті.
Бұл арада "әскери коммунизм" саясатының социализм орнатуда неғұрлым тар түсінігі болғанын да айту керек. Ол азық-түлікті күштеп алу, ірі, орта және ұсақ кәсіпорындарды қоғамдастыру, сауда-саттыққа, рынокқа тыйым салу, ақша айналымын тоқтатып, сол арқылы жаңа қоғам орнатуға болады деп әрекеттенудің көрінісі. Оның тұсында өкімет барынша орталықтандырылып, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі пайда болды. Барлық партия мүшелері әскери жағдайда деп танылды. Көп адамдар мұндай жағдай социализмге барар жолды қысқартады деп есептеді. Әрине «әскери коммунизм» социализмге жеткізетін шара емес, ділгерліктен туған болатын. Сондықтан оны жаңа экономикалық саясатпен, төтенше жағдайда енгізілген салғыртты енді салықпен ауыстыру уақыт талабы еді.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты /НЭП-ті/ іске асыру 1921-1923 жылдарда Қазақ АҚСР Орталық Атқару комитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарай аз болды. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт ас жиналса, 1921 жылы салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 миллион пұттан асқан жоқ. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шп ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет