Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы


Өлкедегі қоғамдық-саяси және идеялық күрес



бет43/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013
16.02 ашық тәрбие сағатының тақырыбы, 1501-19 Лесбекова Элнура, 1501-19 Лесбекова Элнура, элнур, Кристалдард ішкі құрылымы №2, Оптика сессия жауаптары, 21-Қатты дене, Жолдау, түрік лек, Сопылы ілімні алыптасуы, Механика пәні. Материялық нүктенің кинематикасы, Айналмалы қозға-emirsaba.org, file ru
Өлкедегі қоғамдық-саяси және идеялық күрес.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты жүргізуші Кеңестер болды. Оларға шаруалар қауымының сенімі арта бастады. Бұл тұста кеңестерді нығайтуға байланысты біраз жұмыстар жүргізілді. 1921 жылы уездер мен губернияларда Кеңестер съезі болып өтті. Алайда Қазақстандағы Кеңес құрылысында бірқатар қиыншылықтар мен кемшілік кездесті. Көптеген қызметкерлер жаңа экономикалық саясаттың мәнін түсінбеді, бұрынғысынша "әскери коммунизм" әдістерімен жұмыс жасады. Кеңестер құрамына жаңа құрылысқа қарсы, іштен бүлдіру әрекетіне бейім адамдардың кіріп алу фактілері орын алды. Дегенмен Кеңестерді құрып, нығайту жұмысы мақсатты түрде жүргізілді. Оған белсене қатысқан Қазақ АҚСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы С.Мендешев, орынбасары Ә. Жанкелдин, Ішкі істер халық комиссары Ә. Әйтиев және басқалары Кеңестердің жұмысын жандандыруға елеулі еңбек сіңірді.
1921 жылы 4-10 қазанда Қазақ АҚСР Кеңестерінің екінші съезі болып өтті. Онда
республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қорытындылары шығарылды. Сонымен бірге жергілікті жерлерде кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді.
1922 жылы Кеңестер сайлауы етті. Олардың құрамын жергіліктендіру іске асырылды. Бөкей, Орал, Ақтөбе, Семей губернияларында болыстық атқару комитеттері сайлауынан депутаттардың жартысынан астамы қазақтар болды. арасында саяси жұмыс жүргізу мақсатында Қызыл керуен және жылжымалы Қызыл отау сияқты жұмыстың түрлері пайдаланылды.
КАҚСР Орталық Атқару Комитетінің тұңгыш қызыл керуені 1922 жылы Ә.Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты. 9 мамырдан 12 маусымға дейін керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37 ауылында сондай-ақ Екібастұз бен Спасск зауытында болды. 126 жиын, 420 әңгіме өткізді. Керуен Кеңестердің іс қағаздарын казақ тілінде жүргізуді жолға қойды. Мұның өзі мемлекеттік жүйені нығайтуға ықпал етті.
1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық бірінші съезі Кеңестердің Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жариялады. Басқа да автономиялық Кеңес республикалары сияқты Қазақ АҚСР-да Кеңестер Ресей Федерациясы құрамында Одаққа кірді.
Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық-мемлекеттік жағынан 1924 ж. жүргізілген межелеу республика өміріндегі оқиға болды. Ұлттық жерлердің межеленуі де Түркістан АҚСР-інің құрамындағы бұрынғы Сырдария облыстарының жерлері Қазақ қарайтын болды. Соның нәтижесінде Қазақстан жері 700 мың шаршы шақырымға, ал халқы - 1 млн 468 724 адамға өсті. Тұрғындары негізінен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді. Республиканың астанасы Қызылордаға (Ақмешіт) көшті. Қазақ жері мен біртұтас ұлттық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және экономикалық маңызы болды.
1925 жылы сәуірде Қызылордада республика кеңестерінің Бесінші съезі өтті. Ол "Ауылға, қыстаққа және деревняға бет бұрыңдар" деген ұран негізінде жұмыс істеп, жерге орналастыру жұмыстарының келелі жоспары, суландыру құрылысын дамыту, мемлекеттік және кооперативтік сауданың рөлін одан әрі нығайту, өндірістік серіктіктерді қолдау мәселелерін талқылады. Съезде халықтың байырғы тарихи атауы қалпына келтіріліп - казақ халқы, ал республиканы - Қазақ АҚСР-і деп атау туралы қаулы қабылданды. Сол жылы Кеңестер сайлауында ауылдық кеңестерге 60 мыңға жуық депутат сайланды. Олардың құрамында жұмысшы және селолық жердегі жалдамалы-жұмысшылар 6,1 пайыз, кедейлер -70,9, орта шаруа - 18,8, қызметшілер - 4 пайызын қамтыды.
1925 жылы ақпанда Қазақ облыстық партия комитеті өлкелік болып қайта құрылды. Сол жылдың аяғына таман Қазақстан партия ұйымында 30 мыңнан астам партия мүшесі мен партия мүшелігіне кандидаттар есепте тұрды. Бұл кезде бұқара арасындағы саяси ағарту жұмысына көп көңіл бөлінді. Осының нәтижесінде өлкеде 76 қалалық клуб, 7 кітапхана мен қызыл шайханалар, ауылдар мен селоларда 584 оқу үйі, 33 қызыл шайхана, 12 қызыл отау, 168 қызыл бұрыш, 9 шаруа мен малшы үйі, 93 болыстық кітапхана жұмыс істеді. Егер республика құрылған кезде небары үш-ақ газет шықса, 1925 жылы "Еңбекші Қазақстан", "Народное хозяйство Казахстана", "Советская степь", "Қызыл Қазақстан" т.б. 13 газет пен 5 журнал шықты.
Кәсіподақтардың қатары өсті. 1925 жылы қаңтардың қыркүйекке дейін кәсіподақтарға мүше болып 20 мыңға жуық жұмысшы мен қызметші, соның ішінде 6 мыңнан астам қазақ еңбекшісі өтті. Республикадағы кәсіподақ мүшелерінің саны 100 мыңнан асты.
1925 жылы республиканың коммунистік жастар одағының ұялары 51 мың қыздар мен жігіттерді біріктірді Жастардың көптеген танымал басшылары шықты. Олардың арасында С. Жақыпов, Қ. Әміров, С. Нұрпейсов, Ф. Рузаев, С. Сапарбеков, С. Тәтібеков, А. Шымболатов және т. б. бар еді.
1925 жылы Қазақстан жастары өздерінің дарынды басшыларының бірі Ғани Мұратбаевтан айырылды. Ол 1902 жылы бұрынғы Сырдария облысы Қазалы уезінде туған. Ғани 15 жасынан бастап өзінің өмірін жастар арасындағы жұмысқа арнады. Зор қабілетті, ғажайып күш-жігері мен енбегі арқасында ол Түркістан республикасының, ал кейіннен бүкіл еліміздің жастар ұйымында басшы қызметте істеді. 1921 жылы қыркүйектен бастап Ғ. Мұратбаев Түркістан комсолы Орталық Комитетінің хатшысы, ал 1922 жылғы мамырдан бастап РКЖО Орта Азия бюросының хатшысы болып істеді.
Қазақ әйелдері қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласты. 1925 жылы қаладағы және ауыл мен селодағы еңбекші әйелдердің 6,6 мыңы жергілікті кеңестерге мүше болып сайланды. Қазақ әйелдерін басыбайлықтан құтқаруға бағытталған істер атқарылды. Республикадағы әйелдер қозғалысына Алма Оразбаева, Мәдина Бегалиева, Сара Есова және тағы басқалары ұйытқы болды.
1928 жылы Қазақстанда жаңадан әкімшілік-територияларға бөлу іске асырылды. Осы уақытқа дейін болып келген алты губерния, екі округ, отыз екі уезд және 400 болыстықтардың орнына 13 облыс және 193 аудан құрылды. Жаңа аудандардың құрылуы кеңес аппаратының бұқара жақындасуына, оларды кеңес құрылысына тартуға ықпалын тигізді. 1929 жылы әкімшілік-территориялық қайта құру негізінен аяқталуымен және Түркістан-Сібір темір жолының құрылысының бітуімен байланысты Қазақстан Автономиялық Советтік Республикасының орталығы Қызылордадан Алматы қаласына көшірілді.
20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде қайғылы жағдайлар бастады. Ол сталинизм идеологиясы негізінде идеологиясы негізінде қалыптасқан тоталитарлық жүйенің нығаюымен байланысты еді. Елдегі орын алған экономикалық және мәдени дамудағы жаңа экономикалық саясаггың тоқталуымен байланысты одан әрі тереңдей түсті. Республикада "әскери коммунизм" саясаты кезіндегі жұмыс тәсілдері қайтадан Халықтың өкіметі ясеке адамның дара басшылыгымен ауыстырылып, басқарудың командалық-бюрократық тәсілі іске аса бастады. Мұның барлығы БК/б/П Қазақ Өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылы Ф.И.Голощекиннің келуімен байланысты болды. Ол келісімен республикада халыққа қысым жасау саясаты күшейіп, бұл ерекше қатаң сипат алды. Осы кезде Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде күрт өзгерістер енгізілді. 1925 ж. желтоқсанында өткен өлкелік партия комитетінің бесінші конференциясында "Ауылды кеңестендіру туралы" шешім қабылданды. Ол ауылдық жерлерде тап күресінің шұғыл шиеленісуіне түрткі болды. Республикада "Кіші Қазан" төңкерісін өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, сөйтіп жаппай жазалау дәуірі басталып, ол қазақ халқын құлақ есітпеген қайғы қасіретке ұшыратты.
Қазақстанда голощекиндік-сталиндік үлгі бойынша "қайта құрумен" келіспеген көрнекті жауапты кызметкерлердің қарсылығы жанышталды. 1927-1929 жж. әртүрлі сылтаулармен белгілі мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М.Мырзағалиев Республикадан аластатылды. Қазақстан Аткару Комитетінің Төрағасы Ж. Мыңбаев, Ағарту халық комиссары С. Сәдуақасов, Жер халық комиссары Ж. Сұлтанбеков және басқалар қызметпен алынды. Қазақ қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күреске қатынасқан деп кінәланды. Оны 1927 ж. қарашада өткен 3-ші өлкелік партия конференциясынын шешмдері айқын көрсетіп берді. БК/б/П Орталык Бақылау комиссиясы негізі "топқа бөлінушілердің" бірі С. Сәдуақасовтың ісімен арнайы шұғылданғанына қарамай, мұндай топтардың бар екенін таба алмады. И. В. Сталинге, В.М.Молотовқа, Л. М. Кагановичке жазған хатында Қазақстан елкелік партия комитетінің ұйымдастыру болімінің меңгерушісі Н. И. Ежов барлық қазақ кадрлары, барлық қазақ коммунистері ұлтшылдықпен және жікшілдік күреспен уланған, олардың арасында дені сау партиялық күш жоқ деп жеткізілді. Болашақ КСРО ішкі іскер халық комиссары Ежов Алматыдан Мәскеуге ауысар алдында езінің лауазымына осылай "даярланды", 1937 жылғы жаппай жазалау соның жанталасуымен жүргізілді.
20-шы жылдардың соңында республикада саяси жағдайды ушықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцкийшіл-зиновьевшіл оппозициямен және "оңшыл оппортунистермен" күрестің күшеюі ұлт республикаларында ұлт-азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде көрініс тапты. 1928 жылдьщ аяғында "буржуазияшыл-ұлтшылдар" деп аталғандардың ішінде бұрынғы Алашорда қайраткерлерлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алынды. Олардың қатарында А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов және басқалар бар еді. Құрамында М. Тынышбаев, Х.Досмұхамбетов, Ж.Ақпаев, К.Кемеңгеров және басқалары бар ұлттық интеллигенцияның (40 адамдай) басқа тобы 1930 қыркүйек-қазанда ұсталды. Кешікпей олардың ішінен 15 адам Ресейдің Орталық қара топырақты облыстарына жер аударылды. Бұлардың барлығы дерлік 1937-1938 жж. атылды. Жалпы 1929-1931 жылдары қазақ интеллигенция өкілдерінің он мыңынан астамы жаппай жазалауға ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет