Лекция. Тақырыбы: Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы ерекшеліктері Лекция жоспары: Педагогикалық кәсіби қасиеттер Мектеп мұғалімі


Талап етілетін іскерліктер мен дағдылар



бет4/7
Дата18.02.2022
өлшемі60,92 Kb.
#132312
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№ 1 лекция
Педагогика 3

Талап етілетін іскерліктер мен дағдылар


  1. Перцептивтік – бала психологиясын және сол мезеттегі психологиялық қалпын түсіну және оны сәйкес қабылдау.

  2. Дидактикалық – оқу үдерісін жоспарлай білу, ұсынылатын материалды оқушыға түсіндіре білу, сабақты шығармашылық деңгейде өткізу, өз бетінше еңбек етуге баули отырып балалардың ойлау қабілетін дамыту.

  3. Конструктивтік – тәрбиеленушінің жеке тұлғасын қалыптастыру және жобалау қабілеті, әртүрлі жүйелерде баланың іс–әрекетін болжай білу, жұмыс нәтижесін алдын ала болжай білу, оқушының жас және психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жеке тәсілді іске асыру.

  4. Коммуникативтік - балалармен, ата-аналармен мұғалімдермен педагогикалық мақсатты қарым–қатынас жасауға қабілеттілік, жаңа міндеттерге байланысты қайта жаңғырта білу, жылы шырайлылық, көпшілдік.

  5. Ұйымдастырушылық – балаларды қызықтыру, ынталандыру, сенімділігін арттыру, олардың жеке және ұжымдық іс–әрекетін ұйымдастыра білу қабілеттілігінің болуы.

  6. Экспрессивтік (функционалдық) – өз ойын, білімін, сенімін сырттай ым–ишара және сөз арқылы бейнелей білу.

  7. Академиялық – танымдық іс–әрекетке қабілеті, балаларға ықпал ету құралдары, формалары мен әдістері туралы білімдерін жүйелей білуі, өзіндік білім алу, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша өз тәжірибесін зерделеу және тұжырымдай білу.

  8. Техникалық-технологиялық – металл, ағаш өңдеу, электромонтаждау жұмыстарының қолмен және механикаландырылған түрлерін білуі, ағаш және металл өңдеу станоктарында жұмыс жасай білу, автомобиль жүргізе білу іскерліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет