Лекция. Тақырыбы: Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы ерекшеліктері Лекция жоспары: Педагогикалық кәсіби қасиеттер Мектеп мұғалімі



бет1/7
Дата18.02.2022
өлшемі60,92 Kb.
#132312
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№ 1 лекция
Педагогика 3

1- лекция.

Тақырыбы: Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы ерекшеліктері


Лекция жоспары:
  1. Педагогикалық кәсіби қасиеттер


    1. Мектеп мұғалімі -қоғамның басты тұлғасы.

    2. Мұғалімнің жеке басының үйлесімділігі

    3. Мұғалімнің қызметі және оған сипаттама

    4. Мұғалімнің қабілеттері 1.5.Педагогикалық іс-әрекет

Лекция мақсаты: Педагогтың кәсіби іс-әрекеті туралы студенттердің білімдерін қалыптастыру.

Лекция мәтіні:


Педагогикалық бағыттылық, өнегілілік сапа, коммуникативтік қабілеттілік, ұйымдастырушылық қабілеттілік, перцептивтік қабілеттілік, педагогикалық мәдениеттілік, суггестикалық қабілеттілік, дидактикалық қабілеттілік, техникалық шығармашылық.
Мектеп мұғалімі -қоғамның басты тұлғасы.
Жалпы білім беру ісін қайта құру сонымен бірге оқу-тәрбие жүйесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің бағдарламалық міндеттерін шешу жас мамандардың кәсіби біліктілігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты.
”Халық мұғалімі – жас өспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – балаларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты шығарманы, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді.” (Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасыныңң негізгі бағыттары. Алматы, 1984ж.)
Мұғалім - адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Тәрбие деген аталы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызметтің ең беделді әрі ең білгір адамдарға тапсырылатыны сондықтан. Осыған орай мұғалім – тәрбиешілердің еңбегіне зор мән берілген.
В.И.Лениннің: ”Бізде халық мұғалімі буржуазиялық қоғамда еш уақытта жетпеген, жетпейтін және жете алмайтын жоғары дәрежеге қойылуға тиіс. Бұл- дәлелдеуді керек етпейтін ақиқат. Істің мұндай жағдайына біз халық мұғалімінің рухани жағынан көтерілуі жөнінде де, оның өзінің шын жоғары атағын ақтауға барлық жағынан әзірлеу жөнінде де, ең бастысы – оның материалдық жағдайын көтеру арқылы жетуге тиіспіз” – деген мұғалім туралы бұл ойлары елдің қазіргі даму кезеңінде терең әлеуметтік мәнге ие болып отыр.
Педагогикалық үдерісті құраушылар: мақсаты, міндеті, мазмұны, құралы, формалары, әдістері мен тәсілдері, тапсырмалар (Педагог пен оқушы арасында)
Мұғалім жөніндегі айтылған құнды ой-пікірлер.

К.Маркс. “Ең күшті құштарлығыңда да, өмірдегі ең қуанышты сәттерің де
- өзіңдіі адамдарға қажетті әрі жақын екеніңді сезіне білуіңде”. Абай. “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға”.
Д. Писарев. “Тәрбиедегі басты мәселе – тәрбиешінің кім екендігінде”.
Л. Толстой. “Егер ұстаз өз ісін де, шәкіртін де жақсыы көре білсе, ол – нағыз ұстаз”.
В.Белинский. “Тәрбие - ұлы іс: онымен адам тағдыры шешіледі”.
Катон Старший. “Өз ісімен неге үйрететінін көрсете білген адам – нағыз ұстаз”.
Джон Локк. “Бүкіл халықтың тұрмыс халі балаларды дұрыс тәрбиелеуге байланысты”.
Мұғалімнің жеке басының үйлесімділігі
Педагогикада мынадай аксиома бар: интеллект интелектімен ұшталады, мінез-құлық мінез-құлықпен тәрбиеленеді, жеке адам жеке адаммен қалыптасады.
Мұғалім өзінің педагогикалық қызметін партияның бағдарламалық нұсқауларымен, біздің жеке мұраттарымызбен салыстырып отыруы тиіс. Жан- жақты саяси ой өрісі мен коммунистік сенімділік мұғалімге оқыту мен тәрбиелеу барысында партия жолын ешбір бұлтақсыз жүргізуге жәрдемдеседі. Егер мұғалімнің өзінде әлемдегі және біздің еліміздегі оқиғаға деген ықылас айқын көрінсе, уақыт тынысын сезе білсе, онда мұның өзі оқу-шыға да сондай ықылас туғызады.
Оқушылар: «Ұстаз бәрін білуге және одан да артығырақ білуге тиіс»,— дейді. Бұл әзілде бірталай шындық бар. Мұғалім өзі оқытатын пән саласындағы ғылымды жетік білуі — қарапайым да, қажетті талап. Д. И. Менделеев былай деп жазған еді: ғылымды өзі жетік білетін, оны меңгерген және оны жақсы көретін ұстаз ғана шәкірттеріне жемісті қызмет ете алады. Өзің жақсы көрмейтін пәннен гөрі, өзің жақсы көретін пән он есе жақсы меңгеріледі,— деп есептейді тәжірибелі мұғалімдер.
Алайда мұғалімдер үшін арнайы әзірлікпен және жалпы білімдарлықпен қоса, ойлаудағы икемділіктің, танымдық және практикалық міндеттерді творчество-лықпен шеше білудің де маңызы зор. Мұғалім ойын қадағалау мүмкіндігі оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастырады.
Мұғалімнің жеке басындағы барлық қасиеттерінің кәсіптік мәні бар. Мәселен, А. В.Луначарский атап көрсеткеніндей, педагогика моральдағы кез келген кемістік, мінез-құлықтағы кез келген кемістік тікелей у болып, ол жеткіншек ұрпаққа жұғады. Жақсы мұғалім — бұл ең әуелі қайғы-қуанышыңа ортақтасатын, парасатты әрі адал, балаларды кұрметтей білетін және оларға ұқыпты карайтын жақсы адам.
Мұғалім дұрысында мархаббатты мамандық. Белинскийдің ойынша: тәрбие мақсаты — адамгершілік құралы — сүйіспеншілік. Педагогикадағы адамгершілік адамдарға әрдайым риясыз пайда келтіруі, балалардың рухани және дене саулығы таза болып өсуіне жәрдемдесуі арқылы көрінеді.
Сонымен коса мұғалім бейнесін көпшілік мақұлдаған ізгілікті жандардан тұратын бейне бір стандартты, өзгермейтін модель ретінде
елестетуге.болмайды. Адамға тән нәрсенің барлығы мұғалімге жат емес. Алайда болашақ жас педагогтар үшін өзін-өзі тәрбилеудің кәсіптік- педагогикалық өзіндік пайдалы сипаттарын білгені жөн.
Үйірсектік. Тұйық мұғалімге өзі мен шәкірті арсындағы өзара түсінісушілік пердесін ысыруы оңайға түспейді. Оларға, үйірсек мұғалімдерге қарағанда, шәкіртінің ішкі әлеміне енуі едәуір қиынға түседі.
Өзін-өзі үстай білу. Өз эмоциясы мен сезімін меңгере білген мұғалім жоқтан өзгеге күйгелектенбейді, асығыс қорытынды мен ескертуді жасамайды, яғни орынсыз жазаламайды (тәрбиелеудің ауыр амалдары). Сондықтан «ауыр» амалдар әлсіз педагогтарға тән деп тектен тек айтпайды.
К.Д.Ушинскийдің айтуынша, мұғалімге шексіз шыдамдылық қажет. Мұғалім оқушымен жұмыс істегенде қабылдау сергектігі мен экоциялылығы шыдамдылықпен және өзін-өзі ұстай білушен үйлесім табуы тис.
Мақсатқа жетудегі табандылық. Іскер мұғалімдер өзі қойған талабынан қайтпайды. Ол: тамшы тасты өз күшімен емес, өзінің жиі таматындығымен теседі,— деген ма-қалдык мәнін жақсы түсінеді.
Оптимизм және әзіл. Москва жанындағы бір мектептің жоғары сынып оқушыларынан оқытушының мінезіндегі қандай ерекшеліктерді айрықша бағалайтыңдығын атауды сұрады. Олар оқытушының өз пәнін терең меңгеруі және оқушыларды құрметтей білуінен кейінгі үшінші орынға әзілді атады. Өте сыпайы, әрі орынды әзіл — тәрбие үдерісінің белсенділік катализаторы. А. С. Макаренко педагогтарға балалар ұжымында сергек, қуанышты көңіл-күй туғызу, тәрбиеленушіге «оптимистік болжамда» қарау, яғни оқушының жақсы жақтарына сену және тәрбиеде соған арқа сүйеу қажет деп үйретті.
Сонымен, мұғалімнің жеке сапасымен және педагоги-калық терең білімдіілігімен тұтасқан идеялық сенімділігі, оның кәсіби шеберлігінің берік іргетасын қалайды. Оқытқан мұғалім емес, қайтсе де оқытқысы келетін мұғалім,— деп тектен-тек айтылмаған. Нағыз педагогта жұмыс уақыты және бос уақыт деген болмайды: ол әрқашанда балалар туралы ойлайды. Мұғалімнің мақсаткерлігі — оның жеке басына тән қасиет. Педагогтарға мынадай критерий қолдануға болады: сен неге талаптанғаныңды айтсаң, онда мен сенің кім екеніңді және қандай екеніңді айтамын.
Педагогикалық қызметтің ойдағыдай болуының қажетті шартты — баланы жақсы көру. Балаларды жақсы көрмей тұрып, оларды адамгершілік пен адалдыққа тәрбиелеу мүмкін емес. Балаға салқын қарау көп жағдайда олардың мінез-құлқына рақымсыздықтың, іс-әрекетіндегі теріс қылықтың пайда болуына әкеп соғады. Балаларды біреуді жақсы, ал біреуді жек көруге тәрбиелеуге бол-майды. Н. К. Крупскаяның пікірінше, мұғалімнің балаларды жақсы көре білмеуі, оның жарамсыз маман екендігін көрсетеді.
Бала жақсы көргенді-жаксы көреді, құрметтегенді — құрметтейді.Олар әуелі өз «физигін», «математигін», «әдебиетшісін», сонан соң физиканы, математиканы немесе әдебиетті ұнатады немесе ұнатпайды. Екіншіден, шәкіртін жақсы көрген мұғалім, жұмысын да ұнатады.
Әрине, баланы жақсы көру, мұғалімнің басқа да толып жатқан қасиеттерін алмастырмайды. Керісінше, бұл қасиеттер жақсы көрумен тез үйлесіп, оның
мән-мағынасын толықтыра туседі. Л. Н. Толстой былай деп жазды: «Егер мұғалім өз ісін ұната білсе, ол жақсы мұғалім бо лады. Егер мұғалім оқушысын, оның әке-шешесіндей жақсы көре білсе, ол небір білімді мұғалімнен де таңдаулы ұстаз болғанымен, ісін де, оқушысын да жақсы көре білсе, ол — нағыз ұстаз».
Бұрынғылар айтқан екен: қатал болған жақсы, одан да жақсысы — қайырымдылық, бірақ ең жақсысы — әділдік.
Мұғалімнің жеке басындағы үйлесімділік көбінесе талапкершілігімен, көнбістігімен, эмоциялығымен, парасаттылығымен, сенімділігімен, сақтығымен, қаталдығымен және жұмсақтығымен айқындалады. Мұның барлығын мұғалім ешбір жерден таба алмайды, оны іс үстінде өз мінез-құлқын тексеру арқылы ғана және үнемі өзін-өзі тәрбилеу нәтижесінде ғана тани алады.
Жоғарыда мұғалімнің жалпы әлеуметтік-педагогикалық қызметі қарастырылды, ал мұның өзі оның жеке басына қойылатын маңызды талаптарын айқындайды. Сонымен қоса олардың нақтылы педагогикалық қызметтері де оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін белгілі бір педагогикалық қабілеттілік қажет. Мәселен, бір ғалымдар мұғалімнің конструктивтік ұйымдастырушылық және коммуникативтік қызметін баса көрсетсе, басқалары педагогикалық қызмет жүйесіне информациялық, дамытушылық, бағдарлаушылық, ұйымдастырушылық және зерттеушілік қабілеттерін жатқызады.
Оның авторлары жіктеу ерекшеліктеріне қарамастан мынадай қағиданы ескереді. Педагогикалық қабілеттілік — бұл адамның дербес — психологиялық ерекшеліктері, оның өзі педагогикалық қызметтің әдістері мен амалдарын тез, әрі терең меңгеруге мүмкіндік береді. Педагогикалық қабілеттіліктің негізгі түрлерін көрсетелік:
-педагогикалық қызметтің тиімділік мүддесі үшін оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен дұрыс қарым- қатынас орната білу. Әсіресе оқушылардың ұжыммен өзара қатынасып сез- дірмей, бірақ әсерлі ықпал етудің, олардың өзара тәрбиесіне басшылық жасаудың айрықша маңызы бар;
-педагогикалық байқағыштық, яғни мектеп оқушылары мен оқушылар ұжымының жетілу тенденцияларын сырттай байқалмайтын белгілері бойынша көре білу қабілеті, білімдегі осалдықты, мінез-құлықтағы өзгерісті, сондай-ақ балалар бойындағы жағымды-өзгерістерді дер кезіне байқай білу;
-ұйымдастырушылық қабілеті — оқу-тәрбие үдерістерін дұрыс құра білу;
- қатынастық сапа— оқылатын материалды көкейге қонымды және бейнелі етіп баяндай білу, сөйлеу мәдениетінің жоғарылығы, негізгі және қосалқы информацияларды дәл ажырата білу т. б.;
нақты педагогикалық міндеттерге сәйкес оқушыларды таңдандыра, қызықтыра және шабыттандыру білу;
Педагогикалық мақсаттағы қиял мүғалімге оқушының жеке басын
«жобалауға» және өз еңбегінің нақты нәтижесін көрсетуге жәрдемдеседі.
Әрбір студенттің бейімділігі — өз қабілетін үнемі жетілдіріп отыру, институтта оқыған алғашқы күнінен бастап педагогикалық шеберлік сырларын меңгеру.
Мұғалімнің еңбегінің әлеуметтік құндылығы.
Ян Амос Коменский мұғалімдерге “ең тамаша міндетжүктелген, күн астында одан жоғары тұрған ешнәрсе жоқ” деп жазды.
К.Д.Ушинский: “Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі”.

  • Мұғалім - қоғам мен өскелең ұрпақ аралығындағы сарапшы.

  • Мұғалім – бұл болашаққа ұмтылған адам.

  • Мұғалім ең күрделі үдерістерді – жеке адамды қалыптастыру үдерісін басқарады.

Мұғалімнің қызметі және оған сипаттама
Мұғалімнің қызметі өте күрделі әрі көпсалалы. Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, білім беру мен тәрбие және оқыту үдерісін басқарады. Сондықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, идеялық шыныққандық, саяси-моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-құлық талап етіледі.
Мұғалім еңбегі өзінің мақсаты, мазмұны және қоғамдағы алатын орны жағынан ең құрметті болып танылған. Педагогикалық қызмет қиындығы мол қызмет. Себебі, ол бір-екілі ғана баланы тәрбиелемейді, ондаған әр түрлі қабілеті мен бейімділігі, қызығушылығы, мінез-құлқы мен әдет-ғұрпы, түсінігі мен көзқарасы әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді. Олардың әрқайсысының өзіндік жекелеген ерекшелігін дамытады, ынтымақты тату, жарасымды ұжымға топтастырады. Әр балаға жеке адам деп шынайы қамқорлық жасайды. Адам жанында, қоғамды да, табиғи ортаны да ізгілікке бөлейтін пәрменді ерекше құрал – мәдениет. Ал мұғалім мәдениетінің қайнар көзі, әдебиет пен өнер шығармаларының жаршысы. Сондықтан қандай мұғалім болашақтың мүсіншісі бола алады деген сұрақ туатыны заңды. Қазіргі заман мұғалімі қызметіндегі ең басты ерекшеліктің бірі – жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды күшейту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматын, еңбеккерлерін және отанды қорғаушысын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, адам, айнала қоршаған дүние туралы үнемі ізденіп біліммен қаруланғаны шарт. Мұғалім еңбегінің негізгі объектісі әрі субъектісі де бала, ал оның дамуының, тәрбиесінің заңдылықтарын жете білу – бірінші кезектегі міндет.
Осыдан мұғалімді адам тану мамандығының иесі деуге де болады. Себебі, бала пассивті материал емес. Мұғалім еңбегі өте-мөте ептілікті, сезгіштікті, шыдамдылықты әрі сергектікті талап етеді. Мұғалім – бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және одан өзіне зор ләззат алатын адам.
Мұғалімнің балаға деген махаббаты оның бойындағы барлық қасиеттерді ауыстыра алмайды, қайта басқа қасиеттердің айқын көріне түсінуіне негіз болады. Мұғалімнің балаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы балада да мұғалімге деген сыйлау сезімін тудырады. Мектеп өміріне көз салсақ, балалар
бір қарағанда алдымен математика, не физика, химия мұғалімін жақсы немесе жек көреді, содан кейін біртіндеп мұғаліммен бірге оның беретін физика не химия пәніне де қызығып, жақсы көре бастайды. Екінші жағынан, балаға шын ықыласы бар мұғалімнің өзінің мамандық қызметіне де қызығушылығы арта түсетінін көруге болады. Л.Н.Толстой мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен біріктіре алмаса, онда ол – шын мәніндегі қазіргі заманның мұғалімі бола алмайтынын өсиет етіп айтқан.
Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-қатынаста болуымен және рухани араласуымен сипатталатынында. Сондықтан мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы оның интеллектуальдық мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы педагогикалық үдерісті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.
Қазіргі жағдайда басты міндеттердің бірі – білім сапасын арттыру алдынғы орынға қойылып отыр. Сондықтан мұғалімнің білімділігі, интеллектуалдық мүмкіндігі жоғары болған сайын оның шәкірттерінің білімге, ғылымға деген қызығушылығының артуына ықпалы күшейе түседі. Сөйтіп, мұғалім өз заманының ең білімді, мәдениетті адамы бола отырып, оқушыны оқи білуге, білім ала білуге үйретеді. Білімді үнемі толықтырып отыру күрделі ғылыми пәндерді терең әрі және жан-жақты игеру қазіргі мұғалімге қойылатын басты және айқын талап. Бұл үшін білім дәрежесі ғана шешуші мәнге ие болмайды. Оған қоса білімнің дәлдігі, жүйелілігі және үнемі дамып отыратындығы қажет. Адамның педагогикалық қызметке жарамдылығы білімнің молдығында ғана емес, сол білімнің үздіксіз дамып отыратындығында, меңгеруге ыңғайлылығы мен жағдайына бейімділігінде. Бұл үшін мұғалім ертеңгі мектепке дайын болуы тиіс және күні бұрын нақтылы білім қорын жинауы керек. Мұғалімнің ғылыми білімдер жүйесін меңгеруі жоғары болуы мүмкін. Дегенмен, осындай жағдайда ол мұғалімнің кәсіптік дәрежесінің бір ғана көрсеткіші бола алады. Алған білімді педагогикалық қызметтің мақсатымен, әдіс-жағдайларымен байланыстыра, ұштастыра білу шеберлігі шешуші көрсеткіш болып табылады.
Өз бетінше ойлай білу, қиын динамикалық жағдайларда жол таба білу - қазіргі заман мұғаліміне тән кәсіби бейне. Ойлау үдерісінің әрдайым педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталуы, мұғалімнің кәсіби мінез-құлқы мен әрекетіне өзіндік сипат береді. Бүгінгі мұғалім- балаларға білім беруші ғана емес, сонымен бірге олардың жаңадан ғана қалыптасып келе жатқан сана – сезімін жоғары дәрежедегі рухани байлыықтармен байытушы, балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті оятушы, оларды өз бетінше жаңалық ашуға , жаңалық жасауға үйретуші әлеуметтік белсенділігі бар жеке адамды тәрбиелеуші. Сондықтан мұғалім оқушылардан осы қасиеттерді көру үшін, ең алдымен, осындай жақсы жақтарды өз бойында тәрбиелеуі тиіс. Мұғалім ешбір қажымайтын, өз ісін сүйетін, өзінің шығармашылық деңгейін әрдайым молайтып отыратын мамандық иесі.
Мұғалім - өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашылық еңбек ететін, педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіретін маман. Педагогикалық шеберлік – идеялық-саяси бағыттың, жалпы мәдениеттің, мамандық білім, іскерлік дағдының, ұстаздық тәжірибенің жиынтығы. Мұғалім
еңбегінің нәтижелі болуы оның табиғи дарындылығында дейтін пікірлер де бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандықта болмасын кездеседі. Бірақ адам мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтіні ақиқат. Педагогикалық шеберлік – кейбіреулерге ғана табиғаттың таңдап берген сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құмарлығынан туындайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы.
Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық саласына да өте қажет, ал мұғалім үшін, ол - ұстаздық дарындылыққа жетудің жолы, педагогикалық еңбекте шешуші орын алады. Себебі мұғалім еңбегінің объектісі – жансыз дүние емес, құрал-жабдық өндірісі де емес, өте күрделі, қарама-қайшылықты әрі нәзік тірі организм, жас ұрпақтың рухани дүниесі. Мұғалімде педагогикалық қабілет пен бейімділіктің болуы – оның еңбегінің нәтижелі болуының кепілі. Педагогикалық қабілет пен мінез-құлық қасиеттері мектептегі кезден-ақ біртіндеп көріне бастайды да, педагогикалық жоғары оқумен әрі қарай дамып жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет