Мұғалім жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі және ұстаздық шеберлігі жоғары болуы үшін педагогикалық-психологиялық арнайы зерттеулер негізінде айқындалған педагог мамандығына тән іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс. Өйткені педагогтік іс-әрекет өте динамикалық жүйе, оның өзіндік арнайы құрылымы бар. Олар бірнеше бөліктерден тұрады:
танымдылық,
құра-білушілік (конструктивтік),
коммуникативтік (қарым-қатынас),
ұйымдастырушылық,
хабарлама
зерттеушілік іскерліктер мен дағдылар.
Танымдық іскерлік, ең алдымен, жеке бастың интеллектуалдық мүмкіндігі, мамандық еңбегінің негізі болып саналады. Танымдық іскерлікті қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес, т. б. психикалық қасиеттерінің бірлікте дамуы қажет. Мысалы, адамның байқағыштығы, өзін-өзі бақылауы, кездескен жағдайда дұрыс таба білуі, ойлау үдерісінің дамуы үшін талдау жасау, салыстыру, сәйкестігін ажырату, нақтылай білу, жинақтау, қорытынды жасау сияқты дағдылардың болуы қажет. Бұл қасиет, сапалар үнемі жаттығу, адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, оқу білім алу, еңбек үдерісі барысында тұтас қалыптасатын іскерлік.
Құра білу (конструктивтік) іскерлігі – оқу-тәрбие жұмысын модельдеу, жоспарлау, композициялық материалдарды іріктеп алумен сипатталады.
Оқушылардың жас дара ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие үдерісінің материалдық базасына сәйкес жұмысты ретті ұйымдастыра білу. Бұл іскерлікті меңгеру үшін интеллектуалдық қасиет, қабілет қажет. Алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, алдымен ойлау, салыстыру, болжам жасау, технологиялық, логикалық ойлау қабілеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан құра білу іскерлігі танымдық іскерлікпен ұштасып жататын қасиет.
Қарым-қатынас іскерлігі – бұл мұғалімнің педагогикалық үдерістің барысында адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренуі. Қарым-қатынас тәсілдері ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл бет құбылысын игере білуден басталады. Коммуникативтік іскерлікті тәрбиелеу үшін, адам ең алдымен, басқа адамды түсіне білуі, тани білуі және өзін де таныта, түсіндіре білуге үйренуі керек. Екіншіден, өзінің ой-пікірін, көңіл-күйін, көзқарасын, мақсатын сөйлескен, пікірлескен адамға, ұжымға түсіндіре білуге және оларды да түсіне білуге үйренуі қажет. Үшіншіден, адамдармен қарым-қатынас барысында қажет болған жағдайда, бетбұрыс жасау сияқты мүмкіндіктерді басқара білу оң шешім таба білу. Осылардың нәтижесінде мұғалімде қарым- қатынас жасауға бейімділігі және ептілігі бар, адамдармен оңай тіл табыса алатын, тез араласа алатын жеке бастың қасиеті қалыптасады.
Хабарлау іскерлігі - жеке педагогикалық іскерлік болып бөлінеді. Көбіне қатынас құралы ретінде қарастырылады. Себебі қарым-қатынас хабарлама материалынсыз болуы мүмкін емес. Информациялық іскерлік оқу-тәрбие үдерісінің оптималдығын арттыруда шешуші орын алады. Оқу-білім материалын терең жан-жақты білу, оқу әдістерін меңгеру, барлық хабарлама құралдарын пай-далану дағдысының болуын талап етеді. Бұл іскерлік мұғалімнен даусты үйлестіре білуді, көңіл-күй сезімімен сөйлеуді, сөздің құдыретті күшін және дауыс үнін бет қимылды меңгере білуді талап етеді. Сөйлеу, әңгімелесу, көрсете отырып түсінді-ру, пікірлесу, тыңдау, сұрақ-жауап айту тәсілдерін қолдану арқылы тыңдаушы-ның зейінін аудару – мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне қажет іскерлік.
Ұйымдастырушылық іскерлік - бұл мұғалім еңбегінің бөлінбейтін үнемі жүріп отыратын маңызды саласы. Педагогикалық үдерісті басқарудың негізгі шарты. Бұл барлық педагогикалық іскерлікті бір-бірімен байланыстырып басқаратын іскерлік.
Ұйымдастырушылық іскерліктің өзіндік белгілері бар. Олар: жұмысты анықтау, мақсатын белгілеу, жұмысты талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын ұйымдастыыру, орындалған жұмысты қорытын-дылау, бағалау, есеп беру, нақтылы объектіге зейін қоя білу, кездесетін кедергіні тез арада болдырмауға психологиялық ахуал туғыза білу, іске қызығушылықпен кірісу, басқаларға жағымды ықпал жасау іс- әрекеттерінен құралады.
Зерттеушілік іскерлік - әрбір педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау және эксперимент жүргізуді жоспарлауды, сонымен қатар мұғалім озат тәжірибені де, өзінің тәжірибесінде жинақтауды, оларға теориялық-практикалық негізде талдау жасауды және мектеп өміріне ендіруді қамтиды. Жоғарыдағы аталған мамандыық - педагогтік
іскерлік, білім шеңбері жинақталып, мұғалімнің жеке басының қасиет- сапарларыын ашып беруге мүмкіндік жасайды. Мұғалімнің жеке басын сипаттайтын қасиеттер: кәсіби бағыттылығы, ғылыми көзқарасы, идеялық сенімі, саяси-қоғамдық азаматтық белсенділігі, адамгершілік-гуманистік қатынасы,
Педагогикалық-кәсіптік қасиеттері – балаға деген ынта-ықылас махаббат, педагогикалық еңбекке қызығу, психологиялық-педагогикалық сезгіштік, байқағыштық, әділдік, талап қоя білушілік, табандылық, ұстамдылық, өзін-өзі басқара білу, қайырымдылық, мамандық еңбекті сүйе білу.
Танымдылық қасиеттер: ғылыми ой-өрісінің тереңдігі (білімдарлығы), рухани танымдық қызығушылығы және оны қажетсінуі, интелектуалдық белсенділігі, жаңаны жақтаушылығы, педагогикалық өздігінен білім алуға ынталығы, шығармашылықпен педагогикалық ынтымақтастықты қолдауы, жаңашыл педагогтарды дұрыс түсінуі, қабылдауы.
Сонымен, мұғалімнің педагогикалық және психологиялық мазмұны жағынан алғанда, адамның барлық мүмкіншіліктерін көрсетуді талап ететін күрделі еңбек.
Мұғалім адамдарды тәрбиелеуші, жетілдіруші, үнемі ықпал жасаушы маман иесі болғандықтан, оның кәсібінің ерекше белгісінің бірі – педагогтік әдеп.
Педагогтік әдеп, кең мағынасында педагогикалық үдерісте әрбір оқу- тәрбие мәселесін шешуде, жеке адамдармен не ұжыммен қарым-қатынас жасауда көрінетін кәсіптік сапа.
Педагогтік әдеп жай ғана сыпайылық білдіру ғана емес, ол шығармашылық ақыл-ой әрекеті, мәдени мінез құлықтыың, саналы іс-әрекеттің, білімділік пен іскерліктің жиынтығы. Мұғалімнің әрбір қадамында, баламен арақатынасында сезгіштік, байқампаздық, салмақтылық, ұстамдылық, ілтипаттылық, кешірімділік, талап қоя білу, адамға сенім арту, ынталы-ықыласты болу, талас- тартыс туған жағдайда әділдік, адалдық көрсету, бала жүрегіне жол таба білу, оны тыңдай білу, түсіне білу педагогтік әдептілік белгілеріне жатады.
Мұғалім жас ұрпақты жаңаша ойлауға адамзат тарихында ғасырлар бойы жиналған байлықты білуге және бүгінгі күнде өмірімізде орын алған рухани жұтаңдықтан арылуға ықпал жасаушы мамандық.
Ортамызға қайта оралған халқымыздың рухани байлығының төл перзенттері Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Міржақып еңбектері мұғалімнің сана-сезімін, дүниетанымын жаңартуға бағыт береді.
Сонымен мұғалімнің рухани өсіп-жетілуі оның педагогикалық шеберлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік мұғалімнің мектептегі оқу-тәрбие жұмысы мен кәсіби білімінің кешенді дайындығының негізі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |