Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті



Дата31.12.2019
өлшемі19,11 Kb.
#54063
түріСабақ




Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті




Сабақтың мақсаты

Білімділігі 1.Оқушылар М.Төрежанов туралы білімдерін жинақтап,тұжырымдайды. Жыл мезгілдері жайлы ұғымын кеңейте отырып,бұлбұл құстың өзіндік ерекшелігін түсіндіру.

Дамытушылығы. Балалардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту,шығармашылықпен жұмыс істеуге қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелігі. Табиғатты аялауға, адамгершілікке,ізденімпаздыққа, туған жерінің табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.







Көрнекілігі

Құстардың суреттері,автордың портреті,интербелсенді тақта







Сабақтың әдіс-тәсілі

Баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау,топпен жұмыс







Сабақ түрі

аралас







Ұйымдастыру

-Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару

-Көңіл-күйлеріңіз қалай

-керемет/қолдарын көтереді/

-Сабаққа дайындықтарың қалай

-тамаша/алақандарын шапалақтайды/

-Ынтаңыз қалай

-ғажап/қолдарын көтереді/

-Ендеше бастайық

-Топқа бөлу.

-Қазір жылдың қай мезгілі. /көктем/

-Бүгін аптаның қай күні.

-Бүгін ауа-райы қандай.

-Сендерге көктем мезгілі несімен ұнайды./күннің жылығаны,ағаштар бүршік жарады, құстар келеді/


Өз топтарына отыру.





Үй тапсырмасын сұрау

1.Қ.Ыдырысов. өмірі.»Жаңбыр»өлеңін жатқа сұрау./интербелсенді тақта/1-слайд

1.»Жаңбыр»өлеңінің авторы

А.А.Құнанбаев. ә.Қ.Ыдырысов. б.С.Сейфуллин.

2.Жаңбыр жылдың қай мезгілінде көбірек жауады.

А.Қыс. Ә. Жаз. Б.Көктем.

3.Жаңбыр түрлері. /соқыр жаңбыр,өткінші жаңбыр, нөсер жаңбыр/

4.Бұлт түрлері./будақ бұлт,шарбы бұлт,қабат бұлт/

Жаңбыр жауып басылғаннан кейін аспанда не пайда болады./кемпірқосақ/

Өткен тақырып бойынша білімдерін толықтырады,кең-ейтеді.

Өлеңнің авторын біледі.


Жаңбыр, бұлт түрлерін біледі




Жаңа сабақ

Интербелсенді тақта 2-слайд.

Б 1.Құс төресі /бүркіт/

Ұ 2.Үсті қара,басы бозғылт,

Қарға тұқымдас кішкене жыл

Құсы. /ұзақ/

Л 3.Орман тоғайда,нулы жер

Жерде,бақта жүретін, даусы

әдемі кішкене құс./бұлбұл/

Б 4.Жорғалайтын көдеде.

,құстың аты./бөдене/

Ұ 5.Таудың биік шыңын мекен-

дейтін ірі құс./ұлар/

Л 6.»Қар астындағы ұялар»

Қызығушылығын ояту.




Оқулықпен жұмыс

әңгімесінде қандай құс туралы айтылған. /шіл/

-Сонымен қандай сөз шықты./Бұлбұл/

-Балалар,бүгінгі сабақта М.Төрежановтың»Бұлбұлдың әні»әңгімесімен танысамыз.

Интербелсенді тақта /құстардың суреттерін көрсету/ 3-слайд

-Бұлбұл әнші құс,оның 2-түрі болады.

-Дала бұлбұлы.

-Тоғай бұлбұлы.

-Автордың өмірбаянына тоқталу,таныстыру.

-Мәтінді мәнерлеп оқып беру,іштей оқыту,рольге бөліп оқыту.

-Мәтіндегі негізгі кейіпкерлер кімдер.

/Әбдеш және оның досы/

-Мәтінде Әбдеш пен жолдасының қайсысының көп білетіні байқалды.

--Балалар тоғай аралап жүріп нені көрді.

-Құстың даусы неге жағымсыз шықты.

-Топтық жұмыс 4-слайд.

1-топ.Әбдеш қандай бала./мінездеме беріңдер,сипатта /

2-топ.»Бес жолды өлең» 1.Бұлбұл.

2 .Әнші,әдемі,нәзік

3.сайрайды,қонады,ұшады.

4.Бұлбұл-орманның әнші құсы

5.Құс

3.-топ.Шығармашылық жұмыс

Сөз тіркестері беріледі,соларды қатыстыра отырып,шағын мәтін құрастырады.

/Арайлап атқан таң,айдын көл,көркем тоғай,әсем табиғат,гүлдердің хош иісі,самал жел,мөлдір бұлақ,жазық дала,сайраған құстар,киелі топырақ,таза ауа,туған жер./










Интербелсенді тақта 5-слайд.

«Жалғасын тап»

-Орман емшісі-

-Әнші құс-

-Түнгі күзетші-

-Айдын көлдің еркесі-

-Көктем жаршысы-

«Жалғасын табады»




Сергіту сәті

Ал,енді барлығымыз тұрып дем аламыз.

Бәрі бірге орындайды.





Сәйкестік тестін алу.

Слайд - 6

Қаз ............шырылдайды

Бозторғай ........қаңқылдайды

Сауысқан.......шақырады

Әтеш.......саңқылдайды

Қарға.......тыраулайды

Тырна.....сайрайды

Бұлбұл......қарқылдайды







Қорытындылау.

Семантикалық карта.Слайд-7

Құстар.Жабайы құстар.Үй құс.Су құсы.Жырт.

Аққу

Тауық

Тырна

Бүркіт

Кестені толтыру.




Тәрбиелік ой толғаныс

-Табиғатты аялау дегеніміз не.

-Сендер табиғат пен құстарды қорғауға қандай үлес қосар едіңдер.

1.Табиғаттағы әрбір тіршілік иесін қорғау керек.

2.Гүлдерді жұлмау керек.

3.Құстарды атпау керек.

4.Құстарға қолдан ұя жасап,жемшашар әзірлеп қою керек.








Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»







Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқу.8-слайд

Мазмұны бойынша сурет салу.


Күнделікке жазу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет