Лекциялар жиынтығЫ Құрастырушы: арнайы пән оқытушысы Барманбетова А. Н. Алматы 2010 лекция 1



бет6/32
Дата13.12.2021
өлшемі406,75 Kb.
#100273
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
РПУ конспект КАЗ
Білімалушыларға арналған ішкі тәртіп ережелері, РПУ конспект КАЗ
ЛЕКЦИЯ 6.

Таңдаушылық

Бұл қабылданушы сигналдан жиілік бойынша ерекшеленетін бөгеттің әлсіздену дәрежесі. Таңдаушылық РҚҚ-ның АЖС формасына тәуелді (немесе резонансты сипаттаманың формасына). Резонансты сипаттама – бұл күшейту коэффициентінің кіріс сигналының жиілігіне тәуелділігі. Әртүрлі жиіліктерде күшейту коэффициенті бірдей емес. Егер РҚҚ-ның резонансты жиіліктерін Fо баптаса – онда РҚҚ тасушы жиілігі Fо-ға тең сигналды қабылдайды. Fокүшейту коэффициенті бұл жиілікте максималды, ол резонансты деп аталады. Бұл кезде РҚҚ шығысындағы сигнал максималды болады. Басқа сигналдар одан азырақ болады. Сөйтіп, басқа жиіліктегі сигналдар әлсізденеді, яғни қабылданушы сигнал бөлініп шығады. Осылайша таңдаушылық іске асырылады. Мөлшерлі түрде ол таңдаушылық коэффициентімен бағаланады:

и = Коf (1),

Мұндағы Кf -fжиілігіндегікүшейту коэффициенті, ол fо-ден f = f–fo абсолюттік расстройка шамасы ерекшеленеді.

С олай таңдаушылық сигналмен салыстырғанда бөгеттің қанша есеге әлсізденетінін көрсетеді.

Резонансты сипаттаманың және формулалардың көмегімен таңдаушылық сипаттамасын салуға болады, ол расстройка өзгерген кезде бөгеттердің әлсіздену тәуелділігін көрсетеді:

f=0, Kf=Koжәнеи=1

Бұл шарттардан жиілігі қабылданушы сигналдың жиілігіне тең бөгеттің әлсізденбейтінін көруге болады. Расстройканы f1-ден f2-ге ұлғайтқанда таңдаушылықи1-дени2-ге дейін көбейеді. Таңдаушылық децибелда (дБ) көрсетіледі.

и(дБ)=20*lg(и)

Бұл теңдік егер и=20дБболса, бөгет 10 есе әлсізденетінін білдіреді. Күшейту коэффициенті дБ түрінде келесідей болады: К(дБ)=20*lg К

Бұл жағдайда и(дБ) = Ко(дБ) - Кf(дБ).

Суретте бір сигналды таңдаушылықтың сипаттамасы келтірілген, яғни оның өлшемі РҚҚ кірісіне тұрақты бір сигналды Uс=const айнымалы жиілікпен бергенде жүргізілді. Шын мәнінде РҚҚ кірісінде бір уақытта әртүрлі жиілікті және амплитудалы көптеген сигналдар әсерлеседі.сигналдың бір уақытта әсерлесуі және сызықты емес элементтердің кірісіндегі бөгеттер келесідей көрсетіледі:



  • Қиылыспалы модуляция – бөгет модуляциясын сигналға тасымалдау

  • РҚҚ-ны блоктау – сигналды бөгетпен бітеу

  • Интермодуляция – сигнал мен бірнеше бөгеттер арасындағы өзара модуляция.

Нәтижесінде:

  • Қиылыспалы модуляция кезінде сигналмен бірге бөгет те тыңдалады, ол бір сигналды таңдаушылық сипаттамасы бойынша басылу қажет;

  • Блоктау кезінде шығыстағы сигнал азаяды немесе мүлдем жоғалады. Тасымалдаушы бөгеттер сигналдың тасымалдаушы жиілігінен айрықшаланады, бірақ оның амплитудасы өте жоғары.

Бір сигналды таңдаушылық қабылдағыштың бөгеттен қорғанатынына кепілдік бермейді. Ол үшін тиімді таңдаушылық сипаттамасы қолданылады. Тиімді таңдаушылық – бұл РҚҚ-ның баптау жиілігінде сигналды анықтау және өткізу жолағынан тыс жиіліктегі бөгеттер анықтау қабілеті. Олар сигнал мен бөгеттің бір уақытта әсерлесу кезінде сызықты емес тиімділікті тудырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет