Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет30/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
DNS қызметі.Домендер аттарының жүйесі (DNS - Domain Name System) – TCP/IP-дің қосымшалары хостар аттары мен IP адрестері арасында қосылысты орнату үшін қолданатын таратылған деректер қоры. DNS электрондық поштада бағыттауыш ретінде қолданылады. Біз таратылған терминін қолданатын себебіміз, барлық қажетті ақпарат Internet-тің бір ғана түйінінде сақталмайды. Әрбір түйіннің (университет, университет қалашығы, компания немесе компанияның ішіндегі бөлім) жеке ақпараттық деректер қоры бар, ол басқа жүйелерге Internet арқылы сұраныс жіберуге мүмкіндігі бар сервер программасын іске қосады. DNS клиенттер мен серверлерге бір-бірімен қатынас жасауға мүмкіндік беретін хаттаманы ұсынады.

  • DNS кез-келген Internet-ке қосылған хостың маңызды бөлігі, бұл жүйе жеке біріккен желілерде де кең қолданылады. Ұйымдастырудың негізі – DNS аттарының кеңістігін құратын тармақталған ағаш. Барлық DNS сұраныстар мен жауаптардың форматтары бірдей. Бұл хабарламаларда сұрақтардың ресурстар жазбалары (RR), жауаптары және RR қосымша ақпараттар болуы мүмкін.

 DNS қызметтері. ТСР хаттамасы және оның негізгі функциялары.

  • Домендер аттарының жүйесі (DNS - Domain Name System) – TCP/IP-дің қосымшалары хостар аттары мен IP адрестері арасында қосылысты орнату үшін қолданатын таратылған деректер қоры. DNS электрондық поштада бағыттауыш ретінде қолданылады. Біз таратылған терминін қолданатын себебіміз, барлық қажетті ақпарат Internet-тің бір ғана түйінінде сақталмайды. Әрбір түйіннің (университет, университет қалашығы, компания немесе компанияның ішіндегі бөлім) жеке ақпараттық деректер қоры бар, ол басқа жүйелерге Internet арқылы сұраныс жіберуге мүмкіндігі бар сервер программасын іске қосады. DNS клиенттер мен серверлерге бір-бірімен қатынас жасауға мүмкіндік беретін хаттаманы ұсынады.

  • Әрбір ұзындығы 63 символдан тұратын таңбасы бар. Ағаштың тамыры – таңбасы жоқ арнайы түйін. Таңбалар үлкен және кіші әріптерден тұруы мүмкін. Ағаштағы кез-келген түйін үшін домен аттары (domain name) дегеніміз – тамыр рөліндегі түйіннен басталатын таңбалар тізбегі, сонымен қатар таңбалар нүктелермен ажыратылады. Ағаштың әрбір түйінінің қайталанбайтын ерекше домендік аты болуы керек, бірақ бірдей таңбалар ағаштың әртүрлі нүктелерінде қолданылуы мүмкін. Доменнің нүктемен аяқталатын атын оның абсолюттік домендік аты (absolute domain name) немесе доменнің толық аты (FQDN - fully qualified domain name) деп атайды. Мысалы, sun.tuc.noao.edu. Егер домен аты нүктемен аяқталмаған болса, ол әлі аяқталуға тиіс дегенді білдіреді.


  • Домен

    Сипаттамасы

    com edu gov int mil net org

    Коммерциялық ұйымдар Оқу орындары АҚШ-тың мемлекеттік ұйымдары Халықаралық ұйымдар АҚШ-тың әскери ұйымдары Желілер Басқа ұйымдар

  • Аймақ (zone) – DNS ағашының жеке басқарылатын бөлігі. Мысалы, екінші деңгейдің домені noao.edu – бұл бөлек аймақ. Екінші деңгейдің көптеген домендері кішігірім аймақтарға бөлінген. Мысалы, университет өз аймағын факультеттер бойынша бағыныңқы аймақтарға, ал компания филиалдар немесе бөлімдерге бөлуі мүмкін.

  • Аймақты басқару жауапкершілігін өзіне алған ұйым таңдалған уақыттан бастап, ол ұйым осы аймақ үшін бірнеше DNS серверлерін (name servers) ұйымдастыруы керек. Аймақта жаңа жүйе пайда бола салып, бұл аймақтың администраторы жаңа хостың атын және IP адресін DNS серверінің деректер қорына енгізеді. Кішігірім университеттерде, мысалы, жаңа жүйе пайда болған кезде, мұны бір адам жасай алады, бірақ үлкен университеттерде жауапкершілік бөлініп берілуі керек (мысалы, департаменттер бойынша), себебі бұл жұмыс бір адамның қолынан келмейді.

  • TCP хаттамасы (Transmission Control Protocol) бір ортақ жүйеге біріктірілген әртүрлі компьютерлік коммуникациялық желілерге қосылған хост-компьютерлердегі процестер жұбының арасында сенімді тікелей қосылысты орнатуды қамтамасыз етеді. Ол транспорттық деңгейде IP хаттамасы мен өз қосымшасының арасында орналасқан.

  • 1.Деректердің негізгі берілісі. ТСР модулі деректердің үздіксіз ағындарын екі бағытта да жіберуді орындайды. Бұл ағынды ТСР октеттер ағыны ретінде қарастырады. Ол бұл ағынды бөліктерге (дейтграммалар) бөледі, деректерді жіберу үшін ТСР IP модулін шақырады.

  • 2.Деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету. ТСР модулі деректерді бұзылудан, жоғалып кетуден, қайталанудан және деректердің кезегінің бұзылуынан қорғайды. Ол үшін барлық октеттер өсу ретімен нөмірленеді. Әрбір сегменттің тақырыбы ондағы октеттер санынан және бірінші октеттің реттік нөмірінен тұрады. Содан кейін әрбір сегментте бақылау қосындысының мәні бар, ол бойынша деректердің бұзылуы тексеріледі

  • 3.Арналарды бөлу. ТСР хаттамасы бір уақыт мезетінде бірнеше қосылыстың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан ТСР-сегменттің тақырыбында порт нөмірлері бар. Интернеттің кең тараған барлық қызметтерінің порттарының стандартты нөмірлері болады. Мысалы, электрондық поштаның портының нөмірі – 25, FTP – 21 және т.б. IP-адрес пен порт нөмірінің жиынтығын сокет деп атайды. Сокет Интернеттің қолданбалы процесін ерекше түрде идентификациялайды.

  • 4.Қосылыстарды басқару. Қосылыс дегеніміз – деректер ағындарының жағдайы, оның ішінде, сокеттер, жіберілген және қабылданған октеттердің нөмірлері, терезелер өлшемдері туралы ақпараттар жиынтығы.

  • Мұндағы әрбір таңба сәйкес битке арналған орынды көрсетеді. Source Port (жіберуші порты) 16 бит – жіберуші портының нөмірі, Destination Port (қабылдаушы порты) 16 бит – қабылдаушы портының нөмірі, Sequence Number (кезек нөмірі) – 32 бит. Берілген сегменттегі деректердің бірінші октеті үшін кезектің нөмірі (SYN синхронизациялау жалаушасы болмаған жағдайда). Егер SYN жалаушасы бар болса, онда кезек нөмірі инициализацияланатын (ISN) болады, ал деректердің бірінші октетінің нөмірі ISN+1-ға тең.

  • Acknowledgment Number (растау нөмірі)– 32бит. Егер бақылау биті ACK орнатылған болса, онда бұл өрісте берілген дейтграмманың жіберушісі кері бағытта алғысы келетін кезектің келесі нөмірі орналасады. Қосылыс орнатыла салып, растау нөмірлері үнемі жіберіліп отырады.

  • Data Offset (деректердің жылжуы) – 4 бит, TCP тақырыптағы 32-биттік сөздер саны. Деректер өрісінің басына көрсетеді. TCP тақырып оның опциялары болса да, үнемі сөздің 32-биттік шекарасында аяқталады.

  • Reserved – 6 бит. Бұл кейінге сақталған өріс, нөлдермен толтырылуы тиіс.

  • Control Bits (бақылауыш биттер) – 6 бит.Бұл өрістің биттері солдан оңға қарай орналасады.

  • TCP хаттамасының көмегімен партнерлер арасындағы әрекеттесу үш кезеңнен тұрады:

  • *Логикалық қосылысты орнату;

  • *Деректермен алмасу;

  • *Қосылысты жабу.

  • TCPхаттамасы, бір жағынан, қолданушымен немесе қолданбалы программамен, екіншіден, Internet хаттамасысияқты неғұрлым төмен деңгейдің хаттамасымен әрекеттеседі.

  • Қолданбалы процесс пен TCP хаттамасы арасындағы интерфейсті тереңірек түсіндірейік. Бұл интерфейс қолданбалы процеске файлдарды басқару үшін берілетін операциялық жүйенің шақыруларына ұқсас. Мысалы, бұл жағдайда қосылыстарды ашу және жабу, орнатылған қосылыстарда деректерді жіберу және қабылдау үшін шақырулар орын алады. TCP хаттамасының қолданбалы программалармен асинхронды әрекеттесуі мүмкін екендігі де жорамалданады. TCP хаттамасын құрушылар нақты операциялық жүйенің қасиетіне сай интерфейстерді құруда біршама еркіндікке ие болғандарымен, кез-келген қолайлы орындалудан TCP хаттамасы мен қолданушы арасындағы интерфейстен кейбір міндетті минималды функциялардың орындалуын талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет