Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет9/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Негізгі компьютер
егізгі компьютер

МПД

МПД


терминал

терминал

терминал

терминал

2- сурет. Терминал –негізгі компьютер архитектурасы


Аталған архитектура екі типті құрылғылар негізінде жұмыс істейді:



  • желі жұмысын және берілгендерді сақтау мен өңдеуді басқаратын негізгі компьютер

  • теминалдар, яғни негізгі компьютердегі командаларды, сеанстарды ұйымдастыру мен тапсырмаларды орындау, бастапқы берілгендерді енгізу және тапсрма нәтижелерін алуды қамтамасыз етеді.

Қарапайым желіде, өте көп емес компьютерлер санымен мәліметтермен
Бірақ ірі желілерде компьютерлердің саны көп болса, онда желі мақсатының дұрыс жұмыс істеуі, мәліметтермен алмасу жыдамырақ жүруі үшін бір немесе бірнеше мықты компьютерлерді белгілеу қажет, және бұл желі қажеттіліктерінің дұрыс қызмет етуі үшін (сақтау және мәліметтермен алмасу, желілік принтерде басылуы) маңызды болып табылады. Мұндай белгіленген, таңдап алынған компьютерлер серверлер деп аталады. Олар басқару желілерінің операциялық жүйесімен жұмыс істейді, ал мұндай желілер жоғары рангілік желілер деп атайды.Негізгі компьютер мультиплексор арқылы терминалмен 1-суреттегідей ретпен байланысады. Негізгі компьютермен желі архитектурасының классикалық мысалы ретінде жүйелік архитектураны (System Network Architecture - SNA) алуға болады.
Бір рангілік архитектура (peer-to peer architecture) – ақпараттық желінің концепциясы болып, оның ресурстары жалпы жүйеге толығымен таратылады. Бұл архитектураның ерекшелігі – мұндағы барлық жүйелер тең құқылы. Бір рангілік желілерге кіші желілер жатады. Мұндай желілерде кез келген жұмыс станциясы файлдық сервер ретінде де, жұмыс станциясы ретінде де қолданылады. Бір рангілік локальдық есептеуіш желілердегі кез келген компьютердегі кеңістік пен файлдар жалпы пайдаланыла алады. Олардың ресурстарын жалпы пайдалуға болуы үшін желілік бір рангілік операциялық жүйелердің қашықтықтан қосылу қызметі болуы керек. Қауіпсіздік шаралары байланысты, өзге тұтынушылар файлдардың құрылғанынан кейін-ақ оларды пайдалан алады. Бір рангілік локальдық есептеуіш желілері тек азғантай жұмыс тобы үшін ғана қолайлы болып есептеледі. Бір рангілік локальдық есептеуіш желілері құруға ыңғайлы әрі арзан желі саналады. Оларды құрғанда желілік картасы мен желілік тасымалдауыштары тек Windows 95 немесе Windows for Workgroups операциялық жүйелерінде ғана жұмыс істей алады. Компьютерлерді байланыстырғанда тұтынушылар өз ресурстары мен мәліметтерін ортақ пайдалануға ұсына алады.
Бір рангілік желілердің мынадай артықшылықтары бар:

  • Бөлек дербес компьютерлер бөлінген серверлерден тәуелсіз жұмыс істей алады.

  • Бағасы арзан әрі пайдаланылу да оңай болады.

  • Құрылғылар және программалық жабдықтарды аз пайдаланады.

  • Басқарушыны қажет етпейді.

  • Саны оннан аспайтын тқтынушылардан құрылған желілер үшін өте тиімді жұмыс істейді.

Бір рангілік архитектуралы желілер үшін қиын мәселе ретінде компьютерлердің желіден ажырап кетуін атауға болады. Бұл жағдайда желідегі ұсынылатын сервис түрлерінің барлығы жоғалып кетеді. Желілік қауіпсіздікті тек бір ғана ресурсқа қолдануға болады және тұтынушы желі ресурстарындағы барлық парольдерді есте сақтауы қажет. Қажетті ресурстарды алғаннан кейін компьютер өнімділігі төмендеп кетуі мүмкін. Бір рангілік желілердің кемшілігі – орталықтандырылған басқарудың болмауы.
Бір рангілік архитектура «терминал-негізгі компьютер» немесе «клиент-сервер» архитектураларын да қолдануға мүмкіндік береді.
Клиент-сервер архитектурасы (client-server architecture) – негізгі ресурстарды серверде сақтап, тек өз клиенттеріне қызмет көрсетуге арналған ақпараттық желі концепциясы болып табылады (3-сурет).
Сервер – басқа желі объектілеріне олардың сұранысы бойынша сервис қызметтерін ұсынатын объекті. Сервис – клиенттерге қызмет көрсету процессі.

Сервер










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет