Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Корпоративті және аймақтық желілер



бет7/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Корпоративті және аймақтық желілер
Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді ,банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады. Корпоративті желілер қашықтықта орналасқан бөлімтердегі: филиалдардағы, қонақ үйлердегі т.б тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолданылады. Сонымен қатар корпоративті желілер пайдалаушылардың шектелген бөлігіне қызмет көрсетеді. Мұндай желілерде құпияны сақтау және ақпараттық ресурстарға рұқсат етілмеген шығуға жол бермеу мақсатында арнайы шаралар қолданылады
Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, оны аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе самсыз байланыс серігі қолданылады. Аймақтық желілер аймақ масштабындағы мәселелерді шешу мақсатында бағытталады. Бұл электрэнергетика, жол, аймақтық жабдықтау, банктік есеп, кітапхана ісі т.с.с жұмыстарды ақпараттық қамтамасыз ету қызметтері болуы мүмкін.
Егер қашықтықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады.
Модем (МОдулятор/ДЕмодулятор сөздерінің қысқартылуы)-таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үзіктелген аналогтық сигналдарға айналдыруды қамтамасыз ететін, қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы.
Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерйиялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай-ақ электрондық поштаны пайдаланады, телекоммуникацияларға қатыса алады.
Кабельдік тікелей жалғау
Екі компьютерді желіге қосудың Direct Cable Connection (DСС)-тікелей кабельдік жалғау деп аталатын қарапайым әрі тиімді тәсілі бар. Бұл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың қажеті жоқ: компьютерлер бір-біріне параллель немесе тізбекті порттары арқылы қосылады.
Тікелей жалғауда компьютерлердің бірі-жетекші, екіншісі жетекте болады. Жетекші компьютерден жетектегі компьютердің бумаларына, дискісіне, принтеріне қатынасы қамтамасыз етіледі. Жетектегі компьютердің дискілері мен оған қосылған принтері жетекші компьютерге қатысты желілік болып қалады. Жетекші крмпьютерден детектерді бір компьютерден екінші компьютерге жіберуді басқаруға болады.
Тікелей кабельдік жалғаудың кемшілігі- дерек тасымалдау жылдамдығының баяулығы. Сол себепті тікелей жалғау мекемелерде сирек қолданылғанымен, тұрмыстық жағжайда қолдануға ыңғайлы. Тікелей жалғау арқылы бірнеше адам қатысып ойнайтын көптеген компьютерлік ойындар жұмыс істейді.
Екіден көп бірнеше компьютерді бір-бірімен байланыстыру үшін тікелей жалғау жеткіліксіз. Бұл жағдайда әрбір компьютерге желілік тақша орнатылуы қажет, оларды бір-бірімен кабель арқылы байланыстырып, компьютерлердің бірлескен жұмысын басқаруға арналған арнайы программаларды іске қосу керек. Егер компьютерлер бір-бірінен өте алшақ орналаспаса, олар үшін ортақ желілік жабдық пайдаланылады да, олар бір программалық қамтамасыз ету кестесімен басқарыла береді. Осындай желіні жергілікті желі деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет