Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет4/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
1.2 Компьютерлік желілердің жіктелуі. Локальды және глобальды
желілер
Желі дегеніміз- тасымалдау және берілгендерді өңдеуге арналған құрылғылырдан тұратын объектілердің жиыны. Халықаралық срандарттау ұйымы есептеуіш желілер деп өзара тәуелсіз жабдықтар арқылы тізбекті ақпараттың биттік бағытталған тасымалдануын айтады.
Компьютерлік желілерді түрлі белгілері мен қасиеттері бойынша бөлуге болады, бірақ көбіне территориялыққасиеттері бойынша, яғни желінің қамту аумағы бойынша жіктейді.
Егер жалпы желіге бір-бірінен айтарлықтай қашықтықтағы компьютерлер немесе жергілікті желілер біріктірсе, онда мұндай құрылымды таратылған немесе аймақтық желі деп атайды. Қазіргі кезде ірі компьютерлік желілер саны жүздеген мыңдармен есептеледі.
Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.
Компьютерлік желі – бір-бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік беретіндіктен, компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.
Компьютерлік желі жұмыс істеу принципіне, аппараттық және программалық қамтамасыз етуіне байланысты компьютерлік желілердің негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады:

  • Жергілікті желілер (LAN);

  • Аймақтық желілер (MAN);

  • Глобальді желілер (WAN).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет