Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет5/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Жергілікті желі шектеулі /радиусы 1-2 км-ден аспайтын/ аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді.
Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу. Жергілікті желі перифериялық құрылғыларды (қатты диск, басып шығарғыш) қолдана отырып бір-бірімен байланысатын компьютерлер тобын құрайды. Жергілікті желілер бір және одан да көп файл-серверден, жұмыс станцияларынан және перифериялық құрылғыдан тұрады. Желідегі тұтынушылар бір файлды бір мезетте қолдана алады (берілгендер файлы секілді, және де бағдарламаның файлдарын да), жұмыс станциялары арасында хаттаманы жібере алады, сонымен бірге файлдарды сақтай алады.
Глобальді /WAN/ желіге Internet желісі жатады. Қазіргі кезде бұл мемлекеттер арасындағы байланысты біріктіретін желі болып табылады.
Аймақтық желілер / MAN/ соңғы уақытта пайдалана бастады. Аймақтық желілер – бір қала территориясында орналасқан компьютерлерді біріктіруші желілер. Локальдық желіліер алыс емес ара қашықтықтар үшін, ал глобальді желілер өте үлкен қашықтықта, бірақ жылдамдықтары мен ұсынылатын қызметтері шектеулі болуымен ерекшеленетін болса, аймақтық желілер аралық желі қызметін атқарады. Аймақтық желілерде цифрлық магистральдық байланыс арналары, көпшілік жағдайда жылдамдықтары 45Мбит/с аспайтын талшықты-оптикалық арналар қолданылып, қала ішінде пайдалануға және локальдық желілерді глобальдық желімен байланыстыруда қолданылады. Аймақтық желілер қоғамдық желі болғандықтан, олардың ұсынатын қызметтерінің бағасы қала ішінде пайдаланылатын дербес желі құрудан арзанырақ болады.
Компьютерлік желілер пайдаланылу саласы бойынша, құрылғыларының құрамы бойынша, программалық жабдықтар мен функционалдық мүмкіндіктері бойынша әрқилы болып бөлінеді.
Фукционалдық мүмкіндіктері бойынша есептеуіш, ақпараттық және аралас /ақпараттық-есептеуіш/ желілер түрлері болуы мүмкін.Есептеуіш желілер негізінен тұтынушылардың абоненттері арасындағы мәліметтермен алмасу қызметтерін атқарады. Ақпараттық желілер тқтынушылар сұранысы бойынша қызметтер ұсынады. Ақпараттық-есептеуіш желілер есептеуіш желілер мен ақпараттық желілердің қызметтерін біріктіреді.
Пайдаланылуы бойынша компьютерлік желілер жалпы пайдаланылатын /универсалдық/, яғни түрлі салалардағы тұтынушылар пайдалана алатын және арнайы деп бөлінеді. Арнайы желілерге өндірісті басқару желілері мен мекемелер желілері жатады. Соңғы уақытта дербес компьютерлік желілер, яғни жеке компаниялар мен фирмалардың желілері құрала бастады.
Пайдаланылатын компьютерлерінің типі бойынша гомогендік /бір типті/ және гетерогендік/әр түрлі типті/ компьютерлік желілер болып бөлінеді. Гомогендік компьютерлік желілер программалық үйлесімді, ал гетерогендік программалық-үйлесімсіз компьютерлерден құралады. Гомогендік желіге жергілікті есептеуіш желілерді, ал гетерогендікке глобальдық желілер жатады.
Пайдаланылу аймағы бойынша компьютерлік желілер мынадай салаларда қолданылады:

  • бір мекеменің, бірлестіктің, саланың өндірістік жоспарларлауы мен басқару жұмыстары үшін.

  • Транспорттық өндірістік процесті басқару үшін. Мысалы, әуе қозғалысында, транспорт құралдарына билеттерді сату мен орындарды белгілеу үшін.

  • Банкі финанстық салада түрлі қаржылық есептеулер жүргізу үшін.

  • Ғылыми-зерттеулер мен жобалау–конструкторлық саласында қажетті ақпаратты тасымалдау мен пйдалану тиімдгілін арттыру үшін, күрделі инженерлік есептеулерде компьютер қуаттылығын пайдалану үшін.

  • Медицина саласында қолдану үшін.

Желілік ресурстарды басқару тәсіліне байланысты екі типті – орталықтандырылған және орталықтандырылмаған – компьютерлік желілер болады және арнайы кабельді желіге қосатын орын (разъемі) болуы шарт.
Компьютерлік желілер ақпараттар жүйесі мен байланыс арналарынан құралады. Ақпараттық жүйелер деп ақпаратты тасымалдайтын және қолданатын жүйені атайды. Ақпараттық жүйелер ретінде ақпаратты сақтайтын, өңдейтін немесе тасымалдайтын объекті түсіндіріледі. Ақпараттық жүйелердің құрамына компьютерлер, программалар, тұтынушылар және мәліметтерді өңдеу мен тасымалдауға қажетті басқа құрылымдар кіреді. Алдағы уақытта тұтынушылардың қажетті талаптары үшін қолданылатын ақпараттық жүйені жұмыс станциясы (client) деп атайды. Желідегі жұмыс станциясының дербес компьютерден айырмашылығы желі адаптері (желі картасы), мәліметтерді тасымалдау арнасы және желілік программалық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Байланыс арналары деп сигналдарды жіберудің жолдары мен құрылғыларын атайды. Сигналдарды жіберу жабдықтарын абоненттік немесе физикалық арна деп атайды.
Байланыс арналары (data link) байланыс сымдары бойымен желілік құралдар мен байланысының физикалық жабдықтарының көмегімен жүргізіледі.
Логикалық арналар дегеніміз – бір жүйеден екіншісіне мәліметтерді тасымалдау жолы. Логикалық арна бір немесе бірнеше физикалық арналардағы маршрут бойымен жіберіледі. Логикалық арнаны физикалық арналар мен коммутация түйіндері арқылы жүргізілетін маршрут ретінде түсіндіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет