Тақырыбы: Жергілікті желілер



Дата07.12.2022
өлшемі0,91 Mb.
#161668
Байланысты:
Жергілікті желі

Тақырыбы: Жергілікті желі

Жергілікті желілер

  • Элементтері, яғни есептеуіш машиналар, терминалдар, байланысқан аппаратуралар бір – бірінен салыстырмалы қашықтықта (10км – ға дейін) орналасқан желіні жергілікті есептеуіш желілер деп атайды. Жергілікті желілер көбінесе фирмалар, офистар, зертханалар және басқа да мекемелердің арасына ақпарат алмасу мен оларды өңдеу үшін қолданылады. Көп жағдайларда жергілікті есептеуіш желі басқа есептеуіш желілер мен де байланыста болады ( ішкі және сыртқы, жергілікті және бүкіл әлемдік желілер ). Кез келген есептеуіш желінің басты мақсаты қосылып отырған тұтынушыға ақпараттық және есептеуіш ресурстарды жеткізу болып табылады. Жергілікті есептеуіш желі мен интернетті қосуды хост – компьютер немесе жұмыс станциялары арқылы іске асыруға болады.

Жергілікті есептеу желілерінің түрлері

  • Жұмыс топтарының желісін бір операциялық ортамен басқарылатын дербес компьютерлер қатары құрайды. Бұл компьютерлердің ішінде арнайы файлдық сервер, баспа сервері, факс серверімен жұмыс істеуге арналған мамандандырылған серверлер жиі кездеседі.
  • Бөлімшелер желісін бір бөлімде жұмыс істейтін кәсіпорындардың жұмыскерлеріне біріккен топтар қолданады ( кадрлар бөлімі, бухалтерия, маркетинг бөлімі және т.б.). мұндай желіде жүздеген компьютер қолданылады. Территориясы бойынша бір ғимараттың ішінде орналасады. Олардың серверлері мәоіметтер қорымен , лазерлік принтерлермен, модемдермен және т.б. жұмыс жасай алатындай мамандандырылған.
  • Кампустар желісі campus (студенттер қалашығы) сөзінен шыққан. Бұл желінің мақсаты бірнеше ұсақ желілерді бір желіге біріктіру. Кампустар желісі үлкен территорияны алуы және әр түрлі желілерді біріктіруі мүмкін. Ол бөлімшелер желісі мен жұмыс топтарының арасына байланыс орнатып, өнеркәсіптерге және басқа да қымбат желі ресурстарының мәліметтер қорына доступ құрады.
  • Корпаративтік желілер барлық корпарация мен өнеркәсіптер аумағында қолданылады. Олар бірнеше континенттерді, яғни өте үлкен территорияларды алып жатуы мүмкін. Жеке коммуникацияның қымбат болғандығынан және ақпараттың қауіпсіздігінің салдарынан бұл желіде көбінесе Интернеттің коммуникациялық мүмкіндіктері қолданылады. Сондықтан желінің алатын территориясы бұл жерде аса үлкен рөл ойнамайды. Атқаратын қызметі бойынша жергілікті есептеуіш желіні мынадай топтарға бөлуге болады.
  • Топологиясы бойынша жергілікті есептеуіш желілер түрлері

Шиналық топология

  • Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистралға қосылады.. Мұндай желі сервер және басқа жұмыс станциялары қосылған орталық линияға ұқсас.
  • Артықшылықтары:
  • Кабельге шығынның аз кетуі;
  • Жұмыс станцияларын керек уақытта тоқтатпай ақ қосуға немесе ажыратуға болады;
  • Жұмыс станциялары бір бірімен сервердің көмегінсіз ақ байланыса береді;
  • Кемшіліктері:
  • Кабель үзілген жағдайда үзілген жерден бастап, барлық аймақ жұмыстаншығады;
  • Желіге станциясыз ақ кіруге болады.

Жұлдыз тәрізді топология

  • Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл жерде әрбір терминал орталық станциямен байланыстырылады. Мұнда файлдық сервер орталықта орналастырылады.
  • Артықшылықтары:
  • Кабельдің үзілуі тек бір ғана компьютереге әсер етеді;
  • Жұмыс станциясынан серверге мәліметтерді тасымалдаудың жоғарғы жылдамдығы, себебі екі компьютер бір бірімен тіке байланысқан.
  • Кемшіліктері :
  • Жұмыс станциясынан серверге мәліметтерді тасымалдау жоғары жылдамдықта болғанымен басқа жұмыс станциясының арасындағы жылдамдық төмен болады;
  • Барлық желінің қуаттылығы сервердің мүмкіндігіне байланысты, егер ол төмен жылдамдықта жұмыс жасайтын болса, сәйкесәнше желі де де төмен жылдамдық болады.

Сақиналық топология

  • Мұнда байланысу арнайы тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларының аралап шығады да, оның керекті компютерін қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Сахина түріндегі желі мұнда әрбір терминал қасындағы көрші терминалдарға қосылған.
  • Артықшылықтары:
  • Жұмыс станциялары бір бірімен сервердің көмегінсіз ақ байланыса алады.
  • Кемшіліктері:
  • Мәліметтерді беру уақыты сахинадағы компьютер санына байланысты жоғарылап отырады;
  • Егер арнайы қосыоулар жасалмаса, бір жұмыс станциясының жұмысынан шығуы барлық желіге әсер етеді;
  • Жаң жұмыс станцияларын қосқан кезде желі уақытша сөндірілген болу керек.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет