Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет35/123
Дата08.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#120043
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   123
Байланысты:
Лекциялық сабақтар

Көру талдағышы 
К өз алмасы
шар пішінді. Оның алдыңғы және артқы полюстерін ажыратады. Көз алмасының 
орталық бөлігін - 
ядро
деп атайды, оның сыртын 3 түрлі қабық қаптап тұрады. 
Көз алмасының сыртқы қабығын - 
фиброзды қабық
деп атайды. Оның алдыңғы дөңестеліп келген 
бөлігі – 
қасаң қабық
, артқы көп бөлігі – 
склера
деп аталады. Бұл қабықта қантамырлар болмайды. Көз 
алмасының ортаңғы қабығы – 
қантамырлар қабығы
деп аталады. Оның алдыңғы бөлігі – 
нұрлы 
қабық
, ортаңғы бөлігі - 
кірпікті дене
, ал артқы бөлігі – 
нағыз тамырлы қабық
деп аталады. Нұрлы 
қабықтың ортасындағы тесік 
көз қарашығы
деп аталады. 
Көз алмасының ішкі қабығы – 
торлы
қабық деп аталады. Онда 
колба тәрізді
және 
таяқша 
пішінді
жарық сезгіш клеткалар орналасқан. Таяқша пішінді клеткалар қараңғылықты сезеді, ал колба 
тәрізді клеткалар күндізгі жарықты сезіп, заттың түсін ажыратады. 
Көз алмасының нұрлы қабығының артқы жағында қос дөңесті линза пішінді 
көз бұршағы
(хрусталик) орналасқан. Оның артқы жағын толығымен шыны тәрізді дене толтырып жатады. 
Көздің қасаң қабығы мен нұрлы қабығының арасын - көздің 
алдыңғы қуысы
, нұрлы қабық пен 
көз бұршағының арасын -көздің 
артқы қуысы
деп атайды. Бұл қуыстарда аздаған сұйықтық болады. 
Көздің қосымша мүшелеріне – 6 көзді қозғаушы бұлшық еттер (оның төртеуі түзу, екеуі қиғаш), 
терілі қабақтар, жас бездері, кірпіктер жатады. 
Жас бездері
- көздің сыртқы бұрышының үстіңгі 
жағында орналасқан. Оның өзегі көздің ішкі бұрышына барып ашылады. Одан бөлінетін ылғал көз 
алмасының қасаң қабығын үнемі ылғалдап тұрады. 
Көздің өткізгіш бөлімі көз алмасының торлы қабығынан басталады да, көру жүйкелері арқылы 
ортаңғы мидың жоғарғы екі төмпешігіне барады. Көру анализаторының орталығы ми қыртысының 
шүйде бөлігінде орналасқан. 
Оптикалық жүйе
ге көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді дене жатады. Олар жарық 
сәулелерін жинақтап, жарық толқындарын сындыру қызметтерін атқарады. Жарық сындыру қабілеті 
диоптрия
деп аталатын сәулелердің ауытқу мөлшерін анықтайтын өлшеммен есептеледі. 1 диоптрия 
фокустық нүктесі 1 м қашықтықта орналасқан линзаның жарық сәулелерін сындыру күшіне тең. 
Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы 
аккомодациялық
қызмет атқарады. Аккомодация деп көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан. 
Заттардың бейнесін қабылдау қабілетін айтады.


Көздің шыны тәрізді денесі жарық сындырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Мұнда 
жеткен жарық сәулелері сынып, торлы қабықтың үстінде фокустық нүктеде жиналады. Егер шыны 
тәрізді дененің жарық сындыру қабілеті тым күшейсе, сәулелер торлы қабықтың үстінде фокустық 
нүктеде жиналады. Егер шыны тәрізді дененің жарық сындыру қабілеті тым күшейсе, сәулелер торлы 
қабыққа жетпей фокусталып, ал нашарласа одан асып жиналады. Мұндай жағдайларда заттың бейнесі 
бұлдырланып, анық көрінбейді. Шыны тәрізді денеде сәулелердің сынуына байланысты заттардың 
бейнесі аударылып көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет