дальтонизм деп атайды.
К өру талдағышының жас ерекшелігі. Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 г. Ересек адамның көз алмасының салмағы 6-8
г.
Көз жасының безі жаңа туған нәрестеде толық жетілген, бірақ оған келетін жүйке талшығы әлі
жетілмегендіктен алғашқы 3-5 айға дейін жылағанда көз жасы шықпайды. Нәрестенің көзінің қозғалысы
екі көзінде бірдей емес. Көзін жыпылықтату қабілеті өте нашар.
Жаңа туған нәрестенің қарашығы өте жіңішке.
Баланың көзінің қозғалысы тек 1 айға толғанда ғана дұрыс бағыттала бастайды. Затқа көзін тігіп
қарау қабілеті алғашқы 3-5 айға дейін қалыптасады. Бұл мезгілде затқа қарау ұзақтығы 1-1,5 минөт, 3
айда 7-10 мин, тек 3-7 жастың арасында толық жетіледі.
Сәбидің сауытша клеткалары жетілмеген. Сондықтан бала 1 жасқа дейін заттың түсін анық көре
алмайды. Түсті ажырату балаларда 3 жаста басталады.