Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


Бұлшық еттердің құрылысы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет69/123
Дата08.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#120043
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   123
Байланысты:
Лекциялық сабақтар
раскраска2, Жасузак Асылзат
Бұлшық еттердің құрылысы мен қызметі. 
Жаңа туған сәбидің бұлшық еттері толық 
қалыптаспағанымен, дене салмағының 20-22%-ндай ғана (ересек адамда 40-45%) болады. Адам 
денесінде 600-ден астам бұлшық еттер бар. Бұлшық еттердің екі түрі бар: көлденең жолақты 
және бірыңғай салалы бұлшық ет. Қаңқа бұлшық еттері көлденең жолақты бұлшық ет. Бұлшық 
еттердің сүйекке бекитін сіңір бастары, денесі болады. Бұлшық еттердің пішіні әртүрлі болып, 
өзінің атқаратын қызметіне байланысты қалыптасады. Бұлшық еттің екі басы болса қарапайым, 
үш немесе одан да көп болса күрделі бұлшық ет деп атайды. Қозғалтатын буындардың санына 
байланысты бір буынды, қос буынды, көп буынды деп бөлуге болады. Орналасуына қарай бас, 
мойын, арқа, кеуде, құрсақ, қол-аяқ еттеріне жіктеледі. Қызметіне қарай бүгілдіргіш, 
жазылдырғыш, айналдырғыш т.б. болып бөлінеді. Жалпы, адам денесінде 327 жұп және 2 сыңар 
бұлшық ет бар. 
Бұлшық еттердің қызметі – жиырылу. Бұлшық еттің жиырылуы нерв импульстерінің 
орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп бұлшық етті қоздыруынан болады. Бұлшық еттің 
қызметі оның лобильділігіне де байланысты. Ұлпаның лобильділігі деп оның қозуды өткізу 
жылдамдығы мен қозу уақытын айтады. Бұлшық еттер жиырылғанда көп күш жұмсалады. 
Жиырылу күші еттің талшықтарының санына және қалыңдығына байланысты. Еттің күші деп 
оның ширау қабілетін айтады. Бұлшық еттің күші оның құрылысына да байланысты. Бұлшық 
еттер көп ядролы жуандығы 0,1 мм, ұзындығы 2 мм – 12 см ет талшықтарынан тұрады. 
Олардың сыртын фасция деп аталатын ет қабығы жабады. 
Бұлшық еттерде көптеген нерв ұштары – рецепторлар орналасқан Олар еттің қозуына 
байланысты жиырылу және созылу дәрежелерін сезеді. 
Бұлшық еттердің өсіп жетілуі әртүрлі. Ең алдымен құрсақ еттері дамиды, кейіннен шайнау 
еттері жетіледі. Еңбектеу мен жүруге байланысты аяқ-қол, арқа еттері дамиды. Бұлшық 
еттердің дамуы 25-30жасқа дейін байқалады. 
Нәрестенің етінің жиырылу қабілеті ересек адамның шаршаған етінің қаб ілетіндей ғана 
болады. Жиырылу қабілетін хронаксия деп аталатын еттің тыныштық қалпынан қозуға 
ауысуына қажетті уақыты арқылы анықтайды. Оны арнайы хронаксиметр деп аталатын 
аспаппен сигма, яғни секундтың 1/1000 бөлігі мөлшерінде өлшейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет