1-ойын.Кім тезірек айтады?
Мақсаты: 4-тің көлемінде есептік санауды дамыту жиынтықтарды салыстыру іскерлігін дамыту.
Мұғалім сұрақтар қойып, мөлшері әртүрлі заттар салынған суреттердікөрсетеді Қайсысы аз жаңғақтар ма әлде бүршіктер ме? Т.с.с. Бірінші болып қол көтерген бала жауап береді. Әрбір дұрыс жауап үшін мұғалім фишка береді. Кім көп фишка жинаса, сол жеңеді.
2-ойын. Қисық айналар патшалығы.
Мақсаты: шаршы туралы түсініктердің негізінде төртбұрыш түсінігімен тәжірибелік танысу.
Мұғалім Қисық Айналар Патшалығына қашып кеткен Шаршы туралы ертегі оқиғасын айтып береді ...Шаршы қисық айнаға жүгіріп барып, оған қараған кезде ол жақтан аздап шаршыға ұксас фигуралар атып шығады... . Сосын мұғалім әртүрлі төртбұрыштар салынған карточкаларды көрсетіп,оларды шаршымен салыстыруды ұсынады, мұнан кейін сурет салатын қағазды таратып, шаршыдын өзгеше 4 төртбұрыштың суретін салуға тапсырма береді. Бұл тапсырманы дұрыс және басқалардын тез орындап шыққан бала жеңеді.
Достарыңызбен бөлісу: |