І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ. Негізгі білімді тиянақтау.
Мақсаты:жаңа білімді енгізу қажеттілігін танытатын жағдайды көрсету;
-Біз «Артық-кем» деп аталатын бойжазу өткіземіз.
Мұғалім тапсырманы жариялайды Мен бір санды айтамын, сендер айтылған саннан 1-ге артық(кем) санды атайсындар, сосын допты балаға лақтырады. Бала жауап беріп, допты қайта лақтырады. Бойжазудан кейін мұғалім сабақтан тақырыбын жариялайды.
ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті.
Мұғалім балаларға арнайы белгілері бар екендігін, олардың көмегімен сандарды салыстырудың нәтежелерін жазуға болатынын түсіндіреді. Мұғалім тақтаға «<»,« >»,« = » белгілері бар карточкаларды іледі және балаларды сандарды салыстыру нәтежелерін жазу әдәстерімен (әуелі нақты заттар топтарының мысалында, сосын көрнекілікті пайдаланбастан) таныстырады. Материалды бекіту үшін мұғалім ойын ойнауды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |