«Логика» (вариативті компонент негізінде мектепалды даярлық сыныбына арналған.) Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Аменова Әлия Тілеуғалиқызының іс-тәжірбиесінен



бет48/109
Дата08.02.2022
өлшемі421,5 Kb.
#118642
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   109
Байланысты:
ЛОГИКА вариатив

1-ші ойын. «Қоншықтар биі »
Мақсаты:4-тің көлемінде есептік санау дағдыларды бекіту; 4-тің көлемінде сандарды салыстыру іскерлігін дамыту қимыл қозғалыс белсенділігін дамыту;
Ойынға қатысушылар мұғалімнің айналысында тұрып аюдың қлншықтарын бейнелейді. Мұғалім дағыраны 4-тің көлемінде бірнеше рет соғады, қоншықтар дәл сонша рет (1 рет артык 1реткем) аяқтарымен еденді тебу керек. Қателескен балалар ойыннан шығып,орындарына отырады. Бірде бір рет қателеспеген балалар жеңеді.


2-ші ойын« Санды тап»
Мақсаты:1-4 цифрлары туралы білімдерді бекіту;сандарды көрнекілік материалға сүйенбестен салыстыру іскерлігін дамыту;
Мұғалім тақта алдына 2 қатысушыны шақырады (басқа балалар өз орындарынан отырып тексереді). Бірінші қатысушы тақтаға арқасын беріп тұрады. екінші қатысушы – «жүргізуш». Ол 4-тің көлемінде бір сан жасырып,оны тақтаға жазады. Тақтаға арқасын беріп тұрған қатысушы жүргізушіге Бұл – 3-тен артық сан ба? Бұл 4-тен кем сан ба? Деген сияқты жетекші сұрақтар қояды. Оның міндеті – санды 2 әрекеттен аспай тауып алу. Егер ол мұны жасай алса, онда ол жүргізуші болады, ал оның орнына басқа қатысушы шақырылады. Ал санды таба алмаса, онда ойыннан шығып, орнын басқа қатысушыға береді, жүргізуші болып бұрынғы қатысушы қала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет