Сергіту сәті:
ІҮ.Дәптермен жұмы с.
1-тапсырма. Заттар жиынтықтарын артық, кем,сонша сөздерін пайдаланып салыстыру.
2-тапсырма. «>»,»= белгілерімен танысу.
3-тапсырма. Заттар жиынтықтарын «>», «<» белгілерінің көмегімен салыстыру.
4-тапсырма. Екі өлшемді кеңістікте бағдарлау. Зейінді дамыту.
«Торкөздерге» орындалатын тапсырма. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Ү.Рефлексия.
17 сабақ.
Тақырыбы: Қосу «+» белгісі.
Мақсаты: бүтін мен оның бөлшектері туралы түсінікті қалыптастыру; бөлшектерді бүтінге біріктіру ретіндегі қосумен танысу; «+» белгісімен танысу.
Көрнекіліктер:
Мұғалімге көмек:доп, жағдаяттық есептер бар суреттер.
Үлестірмелі материал:фигуралары бар карточкалар, фишкалар.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ. Негізгі білімді тиянақтау.
Мақсаты:жаңа тақырыпты оқып-меңгеруге дайындық мақсатында бүтін мен бөлшек туралы бұрын меңгерген білімдерді тексеру;ойын іс-әректіне уәждеу.
-Біз « Бүтінді ата» деп аталатын бойжазу өткіземіз.
Мұғалім заттың бөлшегін атап,допты балаға лақтырады. Бала ол бөлшекті атап, допты қайта лақтырады.
-желкен-...(желкенді кеме)
-жапырақ-...(ағаш)
-Өкше-...(туфли)
-шатыр-...(үй)
-қабыршақ-...(балық)
Бойжазудан кейін мұғалім сабақтың тақырыбын жариялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |