«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы


Қазіргі Қазақстанның сайлау жүйесі, оны жетілдірудің жолдары мен бағыттары



Pdf көрінісі
бет39/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82
Байланысты:
umkd

3.Қазіргі Қазақстанның сайлау жүйесі, оны жетілдірудің жолдары мен бағыттары. 
Еліміздегі сайлауды əзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар, сайлау 
комиссиялары болып табылады. Олардың біртұтас жүйесін мыналар құрайды:
 

республикалық Орталық сайлау комиссиясы

аумақтық сайлау комиссиялары; 

округтік сайлау комиссиялары; 

учаскелік сайлау комиссиялары. 
Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі — бес жыл. ҚР-ның Орталық сайлау 
комиссиясы сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесіне басшылық етеді. Орталық сайлау 
комиссиясының төрағасы мен мүшелерін Республика Президентінің ұсынуы бойынша 
Парламент Мəжілісі қызметке сайлайды жəне қызметтен босатады. Орталық сайлау 


21 
комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін жəне еліміздің барлық аумағында сайлау туралы 
заңнамалардың орындалуына басшылық етуді жүзеге асыратын орган болып табылады. 
ОСК Президент жəне Парламент Мəжілісі депутаттарының сайлауын əзірлеу мен өткізуді 
ұйымдастырады, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге 
басшылық жасайды, Президент жəне Парламент сайлауының еліміздегі қорытындыларын 
шығарады, сайланған Президентті жəне Парламент депутаттарын тіркейді, заңда 
керсетілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Саяси партиялардың ұсынысы 
негізінде жергілікті мəслихаттар құратын, облыстық, аудандык, калалық, каладағы 
аудандық сайлау комиссиялары 
аумақтық сайлау комиссиялары
деп аталады. Олар 
Президентті, Парламенттің жəне мəслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі 
басқару органдарының мүшелерін сайлауды əзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етеді. 
Округтік сайлау комиссиялары саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті 
мəслихаттар сайлайтын орган, ол сайлау округтерінде Парламент Мəжілісінің жəне 
мəслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді камтамасыз етеді, сайлау 
округтерінде Мəжіліс депутаттары мен мəслихат депутаттары сайлауын өткізуді тікелей 
ұйымдастырады. Учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырып, үйлестіріп 
отырады, учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс берудің нəтижелері туралы 
хаттамаларды алады, солардың негізінде округ бойынша сайлау нəтижелерін аныктайды, 
бұл туралы БАҚ хабар жариялайды. Учаскелік сайлау комиссияларын аудандық 
мəслихаттар саяси партияларды ұсынысы негізінде сайлайды.
Олар сайлау учаскелерінде Президент, Парламент Мəжілісінің, мəслихаттарының 
жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі шараларды 
жүргізеді (сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімін анықтайды, сайлау күні сайлау 
учаскесінде дауыс беруді ұйымдастырады). Сайлау комиссияларының мүшелері 
мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады жəне мемлекеттің қорғауында болады. 
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіліктерін кəсіби 
тұрақты негізде жүзеге асырады. Сайлау комиссиясының басқа мүшелерін сайлау өткізу 
кезеңінде олардың келісімінсіз жұмыс берушінің ұйғарымы бойынша жұмыстан шығаруға 
немесе басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді. Сайлау комиссиясының мүшесі сайлау 
комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне 
жататын мəселелер бойынша ұсыныстар енгізуге, комиссия құжаттарымен танысуға 
құқылы. Заңда сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттері нақты көрсетілген. Олар: 

ҚР-ның Конституциясы мен заңнамаларын сақтау; 

жалпы жұрт таныған əдеп нормаларын сақтау; 

азаматтардың сайлау құқықтары мен занды мүдделерінің сақталуын жəне 
қорғалуын қамтамасыз ету; 

шешімдер қабылдау кезінде əділ жəне тəуелсіз болу; 

кандидаттар мен партияның тізімі ұсынған саяси партиялардың қызметіне жария 
баға беруден аулақ болу; 

аталған комиссия орналасқан əкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға 
міндетті. 
Сайлау жəне сайлану құқығы 1995 жылғы қыркүйекте қабылданған «Қазақстан 
Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда реттелген. 
Конституцияның жəне аталған заңның ережелеріне сəйкес Президентті, Парламент 
Мəжілісі мен жергілікті өкілді органдар депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының жергілікті органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең жəне 
төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi. 
Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге сайланады. Республика 
Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, 
мемлекеттік тілді еркін меңгерген əрі Қазақстанда соңғы он бес жыл тұратын Республика 
азаматы сайлана алады. 


22 
Қазақстан Республикасының Парламенті елдің жоғары өкілетті органы болып 
табылады жəне тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан жəне Мəжілістен 
тұрады. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын жəне оның аумағында соңғы 
он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. 
Сенатты 47 депутат құрайды. Қоғамның ұлттық-мəдени жəне өзге де елеулі 
мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын 
Мемлекет Басшысы тағайындайды. Сенаттың тағы 32 депутаты, əр облыстан, Нұр-Сұлтан, 
Алматы қалаларынан екі адамнан сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы 
əрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау 
құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен жүзеге асырылады. Жасы отызға толған, 
жоғары білімі жəне кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық 
маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты 
тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Сенат депутаттары 6 жыл мерзімге 
сайланады. 
Мəжіліс жүз жеті депутаттан тұрады, олардың тоқсан сегізі Парламент Мəжілісі 
депутаттарын партиялық тізімдер бойынша тепе-теңдік сайлау жүйесі бойынша 
сайланады, тоғыз депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Жасы жиырма 
беске толған адам Мəжіліс депутаты бола алады. Саяси партиялар Парламенттің төменгі 
палатасының құрамын сайлаудың тепе-тең жүйесі арқылы (партиялық тізім бойынша) 
құрады. Бұдан бұрын елімізде Парламент Мəжілісі депутаттарын сайлау аралас сайлау 
жүйесі бойынша өткізілетін (67 депутат бір мандаттық сайлау округі бойынша сайланып, 
ал 10-ы – саяси партиялардың тізімі бойынша сайланатын). Мəжіліс депутаттары 5 жыл 
мерзімге сайланады.
Дүниежүзінде əбден жетілдіріліген сайлау жүйесі əлі де болса қалыптаспаған. 
Ғасырлық демократиялық дəстүрі бар ежелгі мемлекеттердің өзі жаңа сайлау науқандарын 
ұйымдастыру мен өткізу барысында кемшіліктер табады. 
Сондықтанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң 
үнемі жетілдіріліп, заманауи əлемнің реалийлеріне сəйкес түзетіліп отырады. Сайлау 
заңнамасымен бірге сайлау үдерісі де жақсарады, сайлаушылардың жəне басқа да сайлау 
үдерісіне қатысушылардың құқықтық мəдениеті артады. 
Сайлау туралы заңға неғұрлым тұжырымдамалық өзгерістер 2004, 2007 жəне 2009 
жылдары енгізілді. Сонымен қатар 2004 жылы баламасыз сайлау, алдын-ала дауыс беру 
алынып тасталды; сайлау комиссияларын қалыптастырудың жаңа қағидаты - саяси 
партиялардың ұсынуымен жергілікті өкілді органдарды сайлау енгізілді; сайлаушылардың 
тізімін құру қағидаты өзгерді: сайлаушылар тізімге тұрғылықты жеріндегі тіркеуге сəйкес 
енгізіледі; кандидаттардың БАҚ-қа тең қолжетімділігіне кепілдіктер енгізілді; отандық 
жəне халықаралық байқаушылардың құқықтары едəуір кеңейді жəне т.б. 
2007 жылғы маусымда Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістерге 
байланысты Сайлау туралы заңда Парламент Мəжілісін қалыптастырудың жаңа тəртібі 
белгіленді, сондай-ақ саяси партиялардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысу 
мүмкіндігі едəуір кеңейді. Атап айтқанда, сайлау комиссиясының құрамында өкілдері жоқ 
саяси партиялар сайлау науқанын дайындау жəне өткізу кезеңіне тиісті сайлау 
комиссиясына өзінің кеңесші дауыс құқығын бере отырып сайлау комиссиясы мүшесінің 
барлық құқығы берілген өкілін жіберуге құқылы. 
Республиканың сайлау заңнамасына 2009 жылы енгізілген маңызды өзгерістердің бірі 
- Парламент Мəжілісін, екінші партия заңда белгіленген 7-пайыздық кедергіні еңсермеген 
жағдайда да, кемінде екі саяси партияның қатысуымен құруға мүмкіндік беретін 
құқықтық тетіктің енгізілуі. Аталған тетіктің енгізілуіне себеп - 2007 жылы өткізілген 
Парламент Мəжілісінің депутаттарын сайлауда дауыс беру нəтижелері бойынша қалған 
барлық партиялар заңда белгіленген 7-пайыздық кедергіні еңсермегендіктен, барлық 
мандаттар бір партияға тиесілі болғандығы
.


23 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет