Отбасы-неке құқығы. Отбасы-неке әдет-ғұрып құқығы тереңірек зертгелген сала. Қазақ қоғамының негізі ру болса, рудың негізі отбасы болды.
Отбасының басшысы ер адам болды. Казақтардың үлкен отбасы әкенің, балалардың, тәуелді жақын туыстардың, малшылар мен құлдардың отбасынан түрды. Бай феодалдардың әр әйелі бір отау, кейде ауыл болып тұрды. Мұндай жағдайда бірнеше ауылдар отбасылық-ауылдық қауымды құрды.
Отбасы басшысы ер адам адат бойынша артықшылық құқықпен пайдаланды. Отбасының әйел мүшелерінің кұқығы шектеулі еді. Ер адам отбасы мүлкінің иегері болып танылды әрі отбасы тірлігі үшін жауап берді. Ол басқа отбасы мүшелерін жазаға тарта алды. Бірақ әке баласына беретін еншіден, қызына беретін жасаудан бас тарта алмады. Ұлына енші, қызына жасау беру әкенің міндеті әрі парызы болды. Мұның өзі адаттың әрбір отбасы мүшесінің құқығын қорғағандығын көрсетеді.
Мұрагерлік құқығы. Мұраға қалдыру жазба және ауызша өсиет тұрінде жасалды. Ауызша өсиет болғанда куәлер катыскан. Әдет-ғүрып қүқығы бойынша әке мүрасына иелік ететіндер оның балалары, әйелдері, аға-інілері, жақын туыстары болды.
Мұра ретінде мал, қыстау, үй-жай, ақша және жесір калып отырған.Ер адам қартайып өлгенде, оның ұл-қыздары үйленіп, бөлініп кетсе оның мал мүлкіне енші алмаған кенже баласы ие болады.Әке жастай өліп, артында жас балалары мен жас әйелі қалса, әменгерлік әдет бойынша өлген адамның жақын туыстарының бірі оның әйеліне үйленіп балаларын қамқорлығына алады да мал-мүлкіне заңды түрде иелік етеді.
Адат әке мұрасын әділ бөлуге, осы негізде балалар мен туыстар арасында алауыздық тумауға ерекше көңіл бөлген. Мұраны бөлу адатты басшылыққа альш, әрбір нақгы жағдайда қайтыс болған адамның, туыстарының, ел ақсақалдарының араласуымен жүзеге асып отырған.
Мұрагерлік қүқық қыздардың қүқығын қорғап отырған. Мұра бөлудің мынандай тәртібі туралы деректер бар: мұраның сегізден бір бөлігі жесірге тиесілі; он екіден бір бөлігі қайтыс болғанның әкесіне тиесілі; он екіден бір бөлігі әкенің барлық әйелдеріне тиесілі.
Мұраның қалған бөлігі ұлдары мен қыздары арасында бөлінеді. Ұлдың үлесі қыздан екі есе артық болады.