Дүниенің философиялық бейнесі – көптүрлі. Бірақ бәрі адам және дуние қатынасының төңірегінде қалыптастырылған. Бұл қатынас материалистік немесе идеалистік, диалектикалық немесе метафизикалық, объективтік немесе субъективтік тұрғыдан түсінілуі мумкін.
Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдік нормаға тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастыруындағы негізгі өлшем. Дүниетаным - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және практикалық жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-практикалық тэсіл. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемі моделі сияқты мәдениет категорияларының, жүйесі көрініс тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: |