М6 бп тк mtta «Мәтінді тілдік талдау әдістемесі» п ә н н І ң о қ у- ә дістемеліккешен І


Поэзиялық және прозалық шығармаларды әдеби талдау



бет43/66
Дата09.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#174066
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66
Байланысты:
bekitilgen 2023 matin pmno umkd

Поэзиялық және прозалық шығармаларды әдеби талдау





Әдебиет теориясы

Нені білдіреді?

Мысалдар

1.

Эпитет

Көз алдына елес-тетеді.



Суық, дымқыл, жалпақ, жуан, көркем Сұры бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

2.

Теңеу

Бір нәрсені екінші
нәрсеге теңестіреді

Дауылпаз, найзағайдай жарқылдайды. Оқтай зымырап бұлтқа енеді.

3.

Троп

Бұра сөйлеу, бұрылыс, бұрмалап айту.

Алатау ақ бас шалым. Абайдың шығармасын оқыдым деудің орнына Абайды оқыдым.




Троптың 6 түрі

Метафора, кейіптеу, метонимия, синекдоха.

Символ, аллегория

4.

Метафора

Екі нәрсенің ұқсастығын ауыстырып айту

Бала жүрек-бала бауыр

5.

Кейіптеу

Жансызды жанды қылып айтады.

Басқан жері сықырлап келіп қалды (қыс,
аяз)

6.

Метонимия

Керісінше, жандыны жансыз қылып айтады.

Еркекке ей қалпақ. Атты деген сөзді көк жұлынды жетелеу.

7.

Синекдоха

Жекешенің орнына көпше немесе керісінше айтады.

Бидай пісіпті, Тары өсіпті.
Үйіңде неше адам бар? Басың нешеу?

8.

Символ

Бейнелеп айтады.

М.Әуезов заңғар жазушысы. Некрасов - халық мұңшысы

9.

Аллегория

Астарлап, жұмбақтап сөйлейді.

Түлкі –айлакер, қасқыр-қара жүрек, Арыстан өктемдіктің өкілі.

10.

Ирония

Әжуалайды, келекелейді

Жиекем арқасына он мақта тыққандай - ақ

11.

Сарказм

Ирониядан тереңірек мысқылдау, кекесін сөздермен сөйлейді.

Аузың қисайып, төбе шашың томпайып

12.

Әсерлеу

Үлкейтіп өсіртіп суреттейді.

Тайбурыл жоғарғы ерні көк тіреп,
төменгі ерні жер тіреп

13.

Литота

Кішірейтіп айтады

Қоғалы көлден қақ қалған, Атамның үйі жер мен жексен болған.

14.

Фигура

Образ - латынша түр дегенді білдіреді. 6 түрі болады.

1. Анау 2. Қайталау 3. Шендестіру
4. Дамыту 5. Инверсия 6. Элекция

15.

Әдебиет жанрлары

Эпос, лирика, драма, поэма, роман, повесть, әңгіме

Комедия, трагедия

16.

Өлең

Ырғақ, тармақ, шумақ бунақ .

2 бунақ,3 бунақ. 4 тармақ,6 тармақ, 6,8,11,12 буынды.

Әрбір жазушының жазу стилі сөзді қалай мәнерлеп, бейнелеп қолдануына тікелей байланысты. Демек, сөзді сөйлей білудің өзі – үлкен ғылыми жүйе. Көркем әдебиетте, әсіресе поэзиялық шығармаларда көркем әдебиет тілін пайдалану өрісі өте кең.


Академик Қабдоловтың тілімен айтсақ көркем әдебиет тілі «өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына қолдану».
Ал, Қ. Жұмалиев былай деп анықтама береді: «Не құбылыстың бір жағы, не аттары алынып, сөз мағынасында емес, екінші мағынада араларындағы жақындығымен бірінің олрнына екіншісі алмастырылып қолданылса және сол құбылысты түгел көрсете алса, оны да көркемдеу дейді.
«Көркемдеп қолдану- белгілі бір заттар мен құбылыстардың сыртқы және ішкі мән-мағынасының реалды байланыстылығына қарай алмастыру амалы» - дейді Ә.Хасенов.
Қазақ, халқының ірі ғалым –лингвисі, әдебиет зерттеушісі, түрколог, дарынды ақын, аудармашы, Ахмет Байтұрсынов та көркем әдебиет тілінің әдеби шығармалар үшін айрықша мәні бар екендігін атап көрсете келіп, былай түсіндіреді: «Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнын бірін айту төмендегі түрі болса, ондай ауысу, алмастыру (яғни, метонимия)» деп аталады. Сол сияқты троптың түрлері қолданылып отырады. Бастауыш мектеп балалары өте қарапайым түрде әңгімелейді және тек жай сөйлемдермен немесе көмекші сұраққа бір сөзбен ғана жауап береді. Сондықтан мұғалімнің бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгені жөн. Әңгімелеуге үйретуде мыналарды ескеру қажет:
1. Балалардың қойылған сұраққа дұрыс, толық жауап беруі.
2. Мұғалім қолданған күрделі сөйлемдерді қайталатқызу.
3. Өздеріне сөйлемдер құрату.
4. Сөйлемге қажетті сөздерді ойлап тауып айтуға үйрету.
5. Сөз жасау, сөзге түрлі жалғау-жұрнақтар қосып айтуға үйрету.
6. Суретті көрсете отырып және суретсіз (белгілі оқиға) әңгіме құрату.
Оқылған шығарма мазмұнын бір рет қана әңгімелету жеткіліксіз, оны бір-екі аптадан қайталаған жөн. Алғашқыда шығармаға арналған суреттер бойынша, ал келесі сабақта оны әңгімелету керек.
Әңгімелесу сабақтарында бала әңгімесінің мазмұнын бақылап, оның қандай сөздерді, сөйлемдерді қолданғанын бақылау керек. Оның лексикалық қатесін түзетіп, сөйлеуінің даму ерекшелігіне қарай дұрыс әңгімелеуге бағыт беріп отыру қажет.
Бастауыш мектеп оқушыларының есту қабілеті біркелкі жетілмейді, өсе келе дамиды. Олардың естуін дамытудың, тілін ширатудың бір жолы кітап оқу арқылы болмақ. Мұғалім баланын сөзді ұғу қабілетін де әңгіме кезінде белгілі бір мерзімге дейін сөзге зейін қоюын да ескеруі қажет.
Мұғалім шығарманы өзінін қалай орындауына ғана көңіл бөліп балалардың зейінін назарынан тыс қалдырмауы керек. Егер балалардың көңілі алаңдай бастаса тәсілді дереу өзгертіп сұрақ беріп оқып отырған затты не бейнесін көрсетіп образды нақтылап балалардың көңілін аудару шарасын жасау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет