Маңғыстау облысының білім басқармасының



бет3/23
Дата06.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#30749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Жалпы орта білім беру желісі -145 мектеп (оның ішінде – 133 мемлекеттік, 4- мемлекеттік емес, 7-кешкі, 1-девиантты мінез- құлқы бар балаларға арналған мектеп-интернат). Шағын жинақталған мектептер саны –12 (Бейнеу-7,Қарақия-2,Маңғыстау-3) 2015-2016 оқу жылының 1-қыркүйектегінде 2 мектептің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталып, іске қосылды.



Барлық мектеп саны

01.10.2012ж

01.10.2013ж

10.10.2014ж

10.10.2015ж

133

136

141

145

Оның ішінде:
күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер

123

(96117 оқушы)



126

(100104 оқушы)



131

(106542 оқушы)



133
(114427 оқушы)



Девианттық мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп

1

1

1

1

Жекеменшік мектептер

4

4

4

4

Кешкі мектептер

5

5

6

7

ШЖМ

19

14

13

12

Ресурстық орталық

2

2

2

1

3 ауысымды мектептер саны

6

4

3

1

Апатты жағдайдағы мектептер саны

2

3

2

0

Оқушылар контингенті -114427 (2014-108289) бала, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 6138 оқушыға көбейді. Үш ауысымда жұмыс жасайтын-1 (69 бала), апатты мектептер жоқ. Оқушы орындарының тапшылығы облыс қалаларында 5935 (2014 жылы-7593) бірлікті құрайды.


2015-2016 оқу жылы бойынша жалпы білім беретін мектептерде жұмыс жасайтын педагогтар саны- 9833
Оның ішінде:
- Жоғары білімді- 7296(74%)
- Жоғары және І санатты педагогтар- 4169(42,4%) құрайды.
Жоғары оқу орнын бітіріп, жұмысқа орналасқан жас мамандар- 785
Оның ішінде:
- Облыс әкімінің грантымен жоғары оқу орнын бітіріп келгені- 151
- Ш.Есенов атындағы КТжИУ ПИ бітіріп келгені- 100
445 жас маман ауылдық жерде жұмыс жасайды.
Облысымызда жаңа мектептердің ашылуына орай санатсыз жас мұғалімдердің жұмысқа келулеріне байланысты жоғары және бірінші біліктілік санатты педагогтар үлесі 1,5 пайызға төмендеп кетіп отыр. Әсіресе Бейнеу ауданы (43,2%) және Мұнайлы ауданында (34,2%) төмен көрсеткіш беріп отыр.
Арнайы білім
Облыста 6 арнайы түзеу ұйымдары бар және оларда 357 мектеп жасына дейінгі, 475 мектеп жасындағы бала тәрбиеленуде. Ақтау және Жаңаөзен қалаларында психологиялық-медициналық- педагогикалық консультациясы, 88 мүмкіндігі шектеулі балаларға Маңғыстау мен Бейнеу ауданында психологиялық –медициналық- педагогикалық кабинеттер жұмыс жасайды. Облыстың 16 жалпы білім беретін мектептерінде арнайы (түзеу) 24 сыныптары ашылып, онда 122 бала білім алады.
Маңғыстау облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны- 664 (оның ішінде жетім бала саны-213). Оның ішінде:
- қорғаншылық пен қамқоршылықтағы (502 бала) және патронаттық тәрбиедегі (40 бала) барлық бала саны -542.
Сонымен қатар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемеде, оның ішінде: отбасы үлгісіндегі балалар ауылында-69, мамандандырылған балалар үйі-23 бала (денсаулық сақтау), облыстық балаларға арналған психоневрологиялық интернат- үйі-30 бала (еңбекпен қамту басқармасы). Барлығы – 122 бала.
Маңғыстау облысының білім басқармасы облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында аудан, қала бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған интернаттық мекемелердің түлектеріне мониторинг жасады.
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес (29.05.2010 ж. № 283-IV, 74 бап) 2009-2015жж облыс бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1072 бала тұрғын үй кезегіне қойылған, оның ішінде аталған санаттағы 272 балаға тұрғын үй берілді. Бүгінгі таңда 800 бала тұрғын үй кезегінде тұр.

Каталог: uploads -> docfiles
docfiles -> Жалпы білім беретін ұйымдар оқушылары арасында аймақтық Әбіш оқуларының байқауын дайындау және өткізу ережесі
docfiles -> Байпақов Шаймұрза Жаңайұлы
docfiles -> Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы
docfiles -> Маңғыстау облысының білім басқармасының 26. 12. 2015ж. №4 алқа шешімімен бекітілді
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облысының «Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет