«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент


Тақырып 6. Мемлекеттік бюджет



бет22/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020
1 лекция — студент ЭМР
Тақырып 6. Мемлекеттік бюджет.

1.Фискалдық саясатының мақсаттары мен құралдары.

2.Мемлекеттік бюджеттің құрылымы

3.Фискалдық саясатының тиімділігі.


Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi сан алуан қаржы баланстарында жекелеген ерекшелiктерi белгiленетiн айырықша салалары бар. Мәселен, мемлекеттiк кәсiпорындармен, ұйымдармен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнiмдi құндық бөлудiң айырықша саласын құрайды. Бұл қатынастар қоғамдық қажеттердi өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрап, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттiң тiкелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы Мемлекеттiк бюджет деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.

Мемлекеттiк бюджетте экономикалық қатынастарының тұтастығы ретiнде обьективтi қасиетi бар. Оның өзiндiк сала болып өмiр сүруi қоғамдық өндiрiстерге байланысты, әрине олардың дамуына орталық қор қажет. Ақша қаражатын орталықтандыру ұлттық шаруашылықта үнемi айналым болу үшiн қажет, және экономиканы түзеу үшiн де қажет. Бағамдық үлестiрудiң бюджеттiк саласының болуы мемлекеттiң өзiне де қажет. Мемлекетке керек салаларды қаржыландыру үшiн орталықтандырылған қор қажет. Сонымен қатар бұл қор мәдени-әлеуметтiк iс-шаралар өткiзуге, қорғаныс мәселелерiн шешуге, мемлекеттiк басқарудың жасаған шығындарын жабуға қажет. Осыған орай мемлекеттiк бюджеттiң болуы адамдардың субьективтi қалуының нәтижесi емес, бұл обьективтi қажеттiлiк. Экономиканың бүгiнгi таңда дамуы кезеңiнде орталықтандырылған қаржы қоры мемлекетке көптеген мүмкiндiктер бередi.

Мысалы, үшiн қоғамдық өндiрiстiң пропорциялдарын және қарқынын қамтамасыз етедi, оның салалық және аймақтық жүйесiн көздейдi, салалық экономиканың бiрiншi қажеттi бағдарламаларын дамытуға әсер ететiн қорды қалыптастырады, әлеуметтiк өзгерiстер өткiзедi.

Қаржы орталықтандыруының арқасында ақша қоры экономикалық және әлеуметтiк дамуға жұмсалады және мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық саясатының жүзеге асуына жағдайлар туғызады.

Осыған орай мемлекеттiк бюджет бағамдық үлестiрудiң ерекше бөлiмi ретiнде өзгеше қоғамдық қызмет атқарады және қоғами мемлекеттiк сұранысты қанағаттандырады. Обьективтi үлестiру қатынастарының экономикалық формасы бола тұра, ерекше қоғамдық iс- әрекеттердi атқара тұра, мемлекеттiк бюджет экономикалық санат ретiнде шығады. [10]

Мемлекеттiк бюджетке белгiлi бiр тұтас қаржы қатынастары ретiнде оған қаржы санатының қасиеттерi тән, бюджеттiк қатынастардың үлестiру қасиетi бар, ақшалай түрде жүзеге асады, бағытты ақша қорымен тетелес келедi. Сонымен қатар, бюджеттiк қатынастарға белгiлi бiр ерекшелiк тән, ол әрине қаржы тақырыбынан тыс болмайды. Мемлекеттiк бюджетiнiң өзгеше бiр сфера ретiнде бағамды үлестiру қасиетiн қарасақ, ол мынадай:



  1. мемлекеттiң жалпы қоғамдық өнiмiнiң бөлiгiмен байланысты және оны қолдануымен, яғни қоғамдық сұранысты қанағаттандыру үшiн қолданылатын үлестiру қатынастарының экономикалық формасы

  2. халық шаруашылығы, аймақтар, экономика секторлары, қоғамдық iс - әрекеттiң өрiсi арасындағы бағамды үлестiру үшiн қолданылады

  3. ол қоғамдық өнiммен, яғни оның iс- әрекетiмен байланысты емес, ол одан бөлек жұмыс жасайды, бiрақ соның өзiнде де қаржы қатынастары тауарлық ақшалық прцесспен байланысын үзбейдi.

Мемлекеттiк бюджет басқа да экономикалық санаттар сияқты өндiрiстiк қатынастар мен оларға тән материалдық - заттық өзгерiстердi көрсетедi. Бюджеттiк қатынастар мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған орында заттандырылады. Осының нәтижесiнде, қоғамда болатын экономикалық процесс өзiнiң iс – әрекетiн мемлекеттiң ақша қорында көрсетедi. Бюджеттiк қор бұл бағамдық үлестiру кезеңiн басынан өткiзген және мемлекет сұранысын қанағаттандыра алатын қоғамдық өнiмнiң және ұлттық өнiмнiң iс- әрекетiнiң экономикалық формасы.

Экономикалық санат ретiнде мемлекеттiк бюджет – мемлекетпен басқада жалпы қоғамдық өндiрiсiнiң арасында пайда болатын ақша қатынасы. Үлестiру және қайта үлестiру жолымен мемлекеттiк орталықтандырылған ақша қорының болуы өте тиiмдi. Себебi ол мемлекет сұранысын қанағаттандыруға, өндiрiстi ұлғайтуға үлкен әсерiн тигiзедi.

Осыған орай "Мемлекеттiк бюджет" атты түрлендiрiлген түсiнiк келесi құрамаларымен түсiндiрiледi:


  • мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған қоры;

  • экономикаға әсер ететiн құрал;

  • мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспары

  • қоғамның барлық мүшелерi оны заң ретiнде орындау керек.

Мемлекеттiк бюджеттiң қызметi- бiрiншiден, мемлекеттiк бюджет арқылы ұлттық кiрiстiң 30 пайыз, жалпы iшкi өнiмнiң 20 пайыз, жалпы қоғамдық өнiмнiң 10 пайыз үлестiрiлiп және қайта үлестiрiледi.

Ол ақша қорын ұлттық шаруашылықтың, өндiрiс өрiсiнiң, экономикалық аудандар мен мемлекет аумағының арасында үлестiрiледi. [13]

Мемлекеттiк бюджет экономикаға қатты әсер етедi, себебi ол бұл жерде ұлттық шаруашылықтың бюджет қызметiн атқарып тұр. Мемлекеттiк бюджет материалдық өндiрiс өрiсiнде үлкен қызмет атқарады, себебi ол бұл жерде өсу симмуляторының қызметiн атқарып тұр. Бюджеттiң қоры жекелей және қоғамдық қор айналымын қамтамасыз ету үшiн де қолданылады. Бюджет жүзеге аспай қалған жоспарларды өз жолын табуға көмектеседi. Сондай-ақ кәсiпорындардағы жұмыстың қарқынды және өтiмдi болуын қадағалап отырады. Мемлекеттiң, бiлiмге, денсаулық сақтауға, әлеуметтiк сақтандыруға және әлеуметтiк қамсыздандыруға, ғылымға, мәдениетке, өнерге, мемлекет шеңберiнде өтiлетiн мәдени шығынның орнын толтырып отырады.

Қазақстан Республикасына жинақтап алғанда мемлекеттiң бiрiктiрiлген қаржы балансын құрайтын республикалық бюджет жергiлiктi бюджеттер (арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттерiн қоса алғанда) және бюджеттен тыс қорлар дербес жұмыс iстейдi.

Барлық денгейдегi бюджеттi қалыптастыру, бекiту және олардың атқарылуын есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы бюджеттiң құрылысы – республиканың бюджет жүйесiне кiретiн барлық бюжеттердiң бiрлiгi толықтығы,нақтылығы, жариялығы және дербестiгi принциптерiне негiзделедi. Бюджет жүйесiнiң бiрлiгi бiрынғай құқықтық негiз, бiрынғай бюджеттiк жiктеудi пайдалану, бюджеттiң бiр денгейiнен екiншiсiне берiлiп отыратын мемелекеттiк қаржы статистикасының бiрлiгi, бюджет процесiнiң принциптерi, ақша жүйесiнiң бiрлiгi арқылы қамтамасыз етiледi. Ол барлық денгейдегi бюжеттердiң кiрiстердi қайта бөлу, нысаналы бюджеттiк қорлар құру. Оларға iшiнара қайта бөлу арқылы өзара iс-қимыл жасауына негiзделген.

Экономиканың қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салалық және аумақтық құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты аймақтарына шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айырықша бөлiгi ретiнде Мемлекеттiк бюджет айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк қажеттердi қанағаттандыруға қызмет етедi.

Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi iш-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категория ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты.

Бюджеттiң құрылуы мемлекеттiң жалпы қызмет етуiнде маңызды фактор. Сондықтан бюджеттiң түсiмiндегi салықтардың маңыздылығын ашу курстық жұмысымның тақырыбын маңыздылауға негiз болып отыр.

Қазақстан Республикасының бюджетiнiң кiрiсiндегi бюджетке төленетiн салықтар мен басқа да төлемдерден құралады. Яғни:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет