Математика əдістемелік нұсқау


Мақсатты бекіту (мəселелі жағдаяттар)



бет24/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   327
Байланысты:
docx1559971764
sabaq-kz attachment matem-546b5f6d8bfd8, Электромагниттік толқындар Бжб
Мақсатты бекіту (мəселелі жағдаяттар).

Мұғалім оқушыларға екі таңбалы сан жазылған карточкадан алып жəне төменде ұсынылған жоспар бойынша оған сипаттама беруді сұрайды.



  1. Санды ата.

  2. Сандағы бірліктер мен ондықтардың санын ата.

  3. Сандағы жалпы бірліктер санын ата.

  4. Санды ондықтар мен бірліктердің қосындысымен алмастыр.

  5. Берілген санның алдында жəне осы саннан кейін тұратын сандарды ата.

  6. Берілген санды жазу үшін барлығы неше цифр қажет болды жəне олардың арасында əртүрлі цифрлар нешеу екендігін көрсет.

Оқушылар №4 жаттығу нені білдіретінін білмейтіндіктен, оларда қиындық туындайды.

- Ондықтар мен бірліктердің қосындысы нені білдіреді?

Оқушылар бұны сабақта білуді мақсат етіп қояды.


Санау таяқшалары

12–29




Жаңаны ашу.

№1 тапсырманы практикалық жұмыс түрінде жүргізуге болады. Оқушылар жұптасып қолдарында бар материалдардан (санау таяқшалары, геометриялық фигуралар, қақпақтар, дəндер жəне т.б.) сандардың моделдерін тұрғызады. Оқушылар бірліктерді ондықтарға біріктіреді, ондықтармен санайды, екі таңбалы сандарды құрайды, олардың құрамын атайды.

№1, 2-тапсырмаларды дəптерге орында.

Сандарды жазады. Оның ішінде бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды іріктеп алады.

Мұғалім оқушылардан 100-ге дейінгі сандардың тізбегін құрастыруды сұрайды. Берілген сандардың орнын тізбекте анықтауды оқушылар орындайды.

Дайын 100-ге дейінгі сандар кестесін беруге болады. Топпен жұмыс ретінде кез келген əрбір ондықтағы түрлі сандардың орнын анықтау ұсынылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет