0-ден 100 дейінгі сандар, толық ондықтар, салыстыру, сандарды оқу жəне жазу.
Жоспар
Жоспарланған уақыт (минут)
Жоспарланған іс-əрекет
Қоры
0–3
Ынталандыру.
Оқушылар 0-ден 9-ға дейінгі сандардың қиықшаларын таңдайды. Мұғалімнің айтуымен жұп құрады. Музыканы ойнатып, музыка аяқталғанда, кез келген жұпты тұрғызып, сандарға талдау жасалады. Мұғалім оқушылардың білімін тексереді.
0–9 цифрлары жазылған қиықшалар
4–6
Белсендіру.
Мұғалім оқушыларға екі таңбалы сан жазылған карточкадан алып жəне төменде ұсынылған жоспар бойынша оған сипаттама беруді сұрайды.
Санды ата.
Сандағы бірліктер мен ондықтардың санын ата.
Сандағы жалпы бірліктер санын ата.
Санды ондықтар мен бірліктердің қосындысымен алмастыр.
Берілген санның алдында жəне осы саннан кейін тұратын сандарды ата.
Берілген санды жазу үшін барлығы неше цифр қажет болды жəне олардың арасында əртүрлі цифрлар нешеу екендігін көрсет.
- Ондықтар мен бірліктердің қосындысы нені білдіреді? Оқушылар бұны сабақта білуді мақсат етіп қояды. Білімді белсендіруге жəне «разрядтық қосылғыштардың қосындысы» ұғымын ендіруге бағытталған №1 тапсырманы орындауды ұсынады.