Математика сабақтарында сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#92843
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
2-тапсырма.презентация
Псих рк 1-300, көшпелілер, көшпелілер
1. Негізгі ойды суреттеу
2. Топтастыру
3. Бес жол өлең
4. Эссе жазу
5. Болжам кестесі
6. Галереяға саяхат
7. РАФТ
8. Блум жүйесі
9. ЖИГСО - 1
10. ЖИГСО - 2
11. Қазымыр оқушы
12. Автор орындығы
13. Инсерт
14. Венн диаграмма
15. Кубизм
16. Бағытталған оқу
17. Кідіріспен оқу
18. Әдебиет үйірмесі
19. Жол қалдырып жазу
20. Қос жазба күнделік
21. Авторға сұрақ қою
22. Үш қарамды сұхбат
23. Әлемді шарлау
24. Ой қозғау
25. Оқиға желісі
Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. - Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). – Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы. – Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.
ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясы - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 - бөлігін екілер, 3 - бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін - бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Бастамас бұрын бастапқы топтардағы мәтінді мұқият меңгеру қажет себебі жанұя топтарға түсіндіруге жауапты екенін түсіну керек. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін – бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренеді.
ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясының тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді әдіс.
İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.
Куббизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет