Материалдары



Pdf көрінісі
бет16/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 37.013 
 
БҮГІНГІ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ 
МАҢЫЗЫ 
 
Рзабекова Ж. 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, РЯЛ-19 тобының студенті 
Ғылыми жетекші: проф. Н.С.Қамарова 
Аңдатпа.
Бұл мақалада қазіргі заман жастарына Абай шығармаларының беретін 
тәрбиелік қырлары, өлеңдері мен қара сөздерінің мән-маңызы туралы айтылады. Абай 
шығармалары қай ғасырда да өзінің маңызын жоймақ емес. Бала тәрбиесінде Абай 
шығармаларының алатын орны ерекше. Ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де маңызды мәселе. 
Қазақ халқы қашан да бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгеннен 
бастап оның өсіп, дене бітімі дұрыс қалыптасып, ақыл-ойының жетілуіне дейін үлкен 
көңіл бөлген. 
Түйінді
сөздер:
Абай, өлең, қара сөздер, тәрбиелік мәні. 
Абай өлеңі оқығанда жанды тебірентерлік, мән-мағынасы астарлы, тілге 
жеңіл,жүрекке жететін, тыңдаушыға керемет әсер қалдыра білетін өшпес ізі қалған 
шығармалар деп айта аламын. Ақынның қай өлеңі болсада адамды ойландырмай 
қоймайды. Барлық жанрдағы өлеңдері тыңдаушыны өзіне тартып тұрады.
Қазіргі кездегі Абай өлеңінің маңызы қандай? Осы тақырып төңірегінде сөз 
қозғар болсам,шынында да Абай ақындығы, Абай дүниетанымы, Абайдың өмірбаяны, 
Абайдың әдеби мұрасының зерттелу тарихы тұрғысында елеулі жаңа ғылыми бағыттар 
айқындалып отыр. Себебі Қазақ даласын барша жұрт Абай деп танитындығын еш 
күмәнсіз айта аламын. 
Сонымен қатар, ақын өлеңдері жастарға берілер тәрбие-білімнің қайнар 
көзі.Ақын өз өлеңдерінде жастарға арнап түрлі тақырыпта сыр шерткен. Адамның 
болашағы,өмірінің жарқын болуы біліммен тығыз байланысты. Өлеңдерінің әрбір 
тармағы білімсіз адамның өмірі-қара түнек екендігін айқын көрсетеді. Оның 
өлеңдеріндегі ақыл,білім,имандылық сөздері қазіргі кезде тәрбиелік мәні жоғары болып 
саналады. Себебі қоғамның бүгінгі мәселелерінің бірі жастарға тәрбие мен білімді қоса 
беру. «Ақыл» сөзі Абай өлеңдерінде, қара сөздерінде 199 рет кездеседі екен. Ашумен, 
күшпен ештеңеге де жете алмайсың,барлығы да ақын айтқандай ақылға байланысты 
болады. Қазіргі бүлдіршіндер ұранына айналған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің де 
тәрбиелік мәні зор, тағылымы терең шығарма. Адам бойындағы асыл қасиеттерді бес 
жаман қасиеттермен салыстыра жазылған. 
Бірінші сыныптың баласынан Абай ақын туралы не білесің дегенімде осы өлеңін 
айтқанында керемет сезімде болдым. Себебі кішкентай бала тұрмақ жастар мен үлкен 
кісілердің тең жартысы ақын туралы көп нәрсе білмейді. Ең болмағанда туылған 
жылын айтса бір ғанибет,деседе ол бала кезінде ақын шығармасы мен өмірімен дұрыс 
таныспағаны деп білемін. 
Абай өмірі кезіндегі жастар мен қазіргі кездегі жастар туралы айтар болсам,бұл 
тұста ұқсастықтан көрі айырмашылық көп болары бәрімізге мәлім. Ең бірінші 
артықшылық ол әрине білімділік жағынан қазіргі жастар артта қалады. Тәрбиелік 
болмысыда қазіргі жастарды әлдеқайда төмен екені еш дәлелсіз айтуға болады.Ол кезде 
үлкендер алдын кесіп өтпек түгілі көшеде көргенде,қонақ болып келгенде де ең 
алдымен үлкен кісіден бастаған. Ал қазір жасына емес таныстығына қарап 
сәлемдеседі,тіпті қағып та өтіп кетіп жатады. «Заман емес қоғам өзгерді» деген сөз сол 
заманның қоғамы мен қазіргі заман қоғамына байланысты айтылған секілді. 
Ақынның бізге берер келесі өнегесі «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» өлеңінде: 


58 
Тоқтаулылық, қалыпты шыдамдылық, 
Бұл қайраттан шығады білсең керек. 
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста 
Сонда толық боласың елден ерек, – 
деген өлеңінде үш қасиетті бойыңа дарыта білсең ғана басқалардан ерек және 
өміріңдегі кез келген қиындыққа тайсалмай төтеп беруге болатындығы айтылған. Ақын 
адам бойынан табылуы тиіс жақсы қасиеттер мен құндылықтарды өз өлеңіне 
байланыстыра келе,білім мен тәрбиелік құндылықтың қашанда жоғары екендігін 
дәріптейді. Сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі жайлы айта 
кетсем,ол шығармасында әкесі оны оқып жатқан жерінен ауылына шақыртып 
алатындықтан,ауылдың істеріне жастайынан араласып,оқуына өз кедергісін келтірді 
деп ойлаймын. Бұл өлеңнің астары жастарға бар кезінде оқу-білім алып,өзгелермен 
білгеніңді бөлісу жайында айтылса керек. Ақынның қай өлеңі болсада оқу-
білімге,ақылдылыққа жетелейді. Абай атамыз өз өмірінде ткөрген қиындықтарымен 
және өмірден көрген-білгенімен өзінің шығармалары арқылы жастарға үндеу 
жасайды,өзі жоқ болсада өлеңдері арқылы жастарға ақыл-кеңесін береді.
Келесі кезекте қара сөздері жайлы айтар болсам: 
Қара сөзде айтылған ой Абайдың «Жетінші сөзінде» ұшырасатын «жанның 
тамағы» деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір 
сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, 
білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай: «... құмарланып, 
жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», – деп қайыра түсінік 
беріп отыр... 
Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея 
болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің 
қолымыздағы іс. Осы пікір Абайдың «Он тоғызыншы сөзінде» де қайталанады. 
Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір 
тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он 
тоғызыншы сөзінде»: 
«Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, 
дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам 
білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол 
естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске 
жарайды, сонда адам десе болады», – деген екен. Бұл жерде әрине 
имандылық,адамгершілік сынды жақсы қасиеттер жайында да айтылған. 
Жалпы,көне қытай ойшылдары адамның адамдық қасиетін сыртқы көрінісінен 
іздейді. Ұлы ойшыл Конфуцийдың пікірінше адам үш түрлі болады: Дана адам – асып 
таспайды, Жақсы адам – күй талғамайды, Батыл адам – қорықпайды, – дейді. Сонымен 
қатар қытай жұртының ғұламасы, дао ілімінің негізін қалаушы Чжан – Цзы: өзінің арғы 
тегінен ажырамайтын адамды «Аспан адамы», рухани бастауынан бөлінбеген адамды 
«Қасиетті адам», шындықтан бөлінбеген адамды «Кемел адамға» жатқызған екен. Тағы 
да осы шығыс ғұламаларының даналық өсиеттерінде:
1. Ештеңе білмейтін, бірақ, ештеңе білмейтінін түсінбеген адам – ақымақ. Оны 
айналып өт.
2. Ештеңе білмейтін, бірақ, өзінің білмейтінін түсінген адам – шәкірт. Оған ілім 
үйрет.
3. Барлығын білетін, бірақ, білгенін іске асырмайтын адам – ұйқыдағы жан. Оны 
оят. 
4. Барлығын білетін, білгенін іске асыратын адам – данышпан. Оны ұстаз тұт , -
деген кемел ойлар айтылады.
Абай адамдықтың биік деңгейін иманмен өлшеген. Өзінің қара сөздерінде 
«Толық мұсылман болмай – толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан. Абайдағы толық 


59 
адам туралы ойдың о бастағы төркіні «Ғылым таппай мақтанба» (1986ж.) өлеңінен 
бастау алып, ақынның «Адам болам десеңіз» деген тезисі негізінде ары қарай желілеп 
таратылып, жыл өткен сайын күрделене түсуде. Толық адамның тұла бойын толтырар 
ізгі қасиеттер «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айқын көрсетілген.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер малшашпақ – 
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Осы өлеңді білмейтін қазақ жоқ шығар. Абайды кім оқымады, Абай туралы кім 
жазбады десеңізші! Пікірлер күнде өзгереді, ал Абай сол қалпы. Өлеңге келер болсақ, 
өте түсінікті өлең. Жаман мен жақсының ара жігін бөліп , талдап жазған. Мүмкін дәл 
солай қабылдау керек шығар ? Бірақ мен өзімше бір талдау жасадым. Өлеңде бір 
реттілік заңы байқалады. Мысалы: Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал 
шашпақ... Бәрі осы өсектен басталады. Әңгіме болсын деп өсек айтамыз. Ал өтірік 
қосылмаса өсектің дәмі келмейді. Өсек пен өтірікті қатар айтқан адам мақтанудан да 
құр қалмайды. Осы үшеуі негізі еріншек, жалқау адамның әрекеті. Тірлігі бар адамның 
өсек айтуға да уақыты болмасы сөзсіз! «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам 
баласын». Тағы да Абай!!! Жұмыссыз, жалқау адам «бекер мал шашпағанда» қайтеді. 
Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рахым ойлап қой... Таудай талапсыз армандарға жету 
екіталай. Талап бар, енді мақсатқа жету үшін еңбек, жай еңбек емес, терең оймен 
ұштасқан еңбек керек. Осы үшеуі болған жерде нәтиже де болуы сөзсіз. Сол нәтижеге 
қанағат етіп, адамдарға қол созып, рақым ойлап қоюды да ұмытпау керек. Әрине, бұл 
тек менің өз ойым ғана...! Адам болу туралы ой танымын «Ғылым таппай мақтанба» 
өлеңінде көп нәрсенің төркінінен хабар беруі себепті М. Әуезов бұл өлеңді «Абайдың, 
әсіресе, көп ой қорытпай айтқан мағыналы да програмдық бір өлеңі», – деп ерекше мән 
бере бағалауында үлкен сыр жатыр. Осылайша Абай жас өркеннің бағдар түзер 
айқындамасы ретінде талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахымды атайды. Абай атаған бес 
қасиет негізінен толықтықты танытатын үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек – 
қайратты танытса, терең ойыңыз – ақыл, ал қанағат пен рахым – жүректен туатын 
қасиеттер. Адам бойындағы осы үш қасиетті ерекше танып білуге тұратын таным 
екенін ақын «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде: Үш-ақ нәрсе - адамның 
қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, – деп нақтылай түседі. «Ыстық 
қайрат» – бұл үнемі ізденіс үстінде болу, тек қана алға ұмтылу, жасампаз болу. «Нұрлы 
ақыл» – елге сәуле түсіріп, ізгілікті іс істеу, алла берген ақылды тек жақсылыққа 
жұмсау. Ал, «жылы жүрек» - иманды, иман жүзді болу, адамдарға құрметпен қарау, 
олардың мұң-мұқтажын, көңіл-күйін ұға білу. Міне, осы үш қасиет ізгілікті мақсатта 
пайдаланылған жағдайда ғана толымды адам деген мәртебеге ие болуға болады. Ақыл, 
қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек, - дейді.
Олай болса, Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам, жәй ғана адам емес, 
рухани тұрғыда кемелденген толымды адам. Абайдың арманындағы толық адамның 
іргетасы дінмен ұштасып, дінмен дамиды және дінмен жетіледі. Адамзат 
өркениетіндегі барлық игі қасиеттер: дін, иман, ғылым, білім, тәрбие, әдеп, өнер, 
құқық, іскерлік, тапқырлық, қайраткерлік, азаматтық, жомарттық, әділеттік, т.б. 
бойында жетілдіре білген, дамытқан адам – Абай ұсынған «толық адам» концепциясы.


60 
Шығыс жазба деректерінде,шығыс ғұламаларының айтып кеткен теңеулеріндегі 
толық адам,ақылды адам,сенімді адам, адал адам деп мен осы ұлы Абай атамызды 
айтар едім.Оның бізге қалдырған қара сөздері үлгі-өнегеге,тәлім-тәрбиеге,білім мен 
шындықтың бастауына толы құнды қазына дер едім.Қазіргі өсіп келе жатқан бізге,жас 
ұрпақтың санасына осы қара сөздері арқылы «адам,өмір,дүние туралы біраз ақыл бере 
кетеді.Бойымыздағы сөнбеу керек адамдық қасиеттердің өсуіне,өмір мен адам 
арасындағы байланысты ұғынуға,дүниенің жаксы мен жаман қырларын тануға,кандай 
жағдай болмасын жақсы адам болып қалуға бірден-бір көмекші,ақылшы дер едім.Осы 
тағылымы биік асыл қара сөздер үшін рахмет Абай ата! 
Бұл мақаланы өз өлеңіммен аяқтағым келеді: 
Қара сөзі мол тәрбие, мол азық, 
Өлеңдері жеткіншекке түп қазық. 
Асылы дана,ақыны дара қазақтың, 
Оқымай оны өте алмас ешкім тамсанып. 
Сөздері оның шарлаған әлем арасын, 
Абай деп таныр барша жұрт,қазақ даласын, 
Абайдан жеткен мол мұра,рухани байлық емес пе? 
Абайдай биік тұлғаны қайдан табарсың! 
Ақын өлеңдері қашанда өзінің өзектілігі мен құндылығын және қазір де, кейін де 
өзінің маңызын жоғалтпайды. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Абай Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Өлеңдер мен аудармалар, 
поэмалар, қара сөздер. – Алматы: «Жазушы», 1995. 
2. Тәжібаев Т. Абайдың философиялық, психологиялық, педагогикалық 
көзқарастары. -Алматы, 1957. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет