ӘОЖ 821.512 (045)
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ
Элмира Артықбаева
Ш. Есенов атындағы КМТИУ студенті.
Ғылыми жетекшісі: Табылдиева О.Д.
Аңдатпа.
Мақалада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Абай шығармаларындағы
адам мәселесі байланыстырыла қарастырылған. Қазіргі қоғамда өзектілігі мен маңызын
жоймай келе жатқан ұлттық болмыс, тәлім-тәрбие, адамгершілік мәселелері Абайдың
өлеңдері мен қара сөздеріндегі тағылымдар, ой-пікірлер арқылы баяндалған.
Түйінді сөздер:
Рухани жаңғыру, қара сөз, жаһандану, «Адам бол»
Тәуелсіз ел болдық. Абая шығармалары, Абайдың қазақ рухани дүниесіндегі
орны ескірмек емес. Биыл Абайдың 175 жылдығын атап өтпекшіміз, соған қарағанда
Абайға деген рухани сұраныс толастамаған сияқты. Оған қазіргі жаһандау заманында
рухани күш-қуатымыздың әлсіреуіде себепші шығар.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тіл орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, –
деп ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің негізін салушы, философ,
аудармашы, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген Абай атамыз айтып өткен.
Сонау уақыттан осы күнге дейін өзектілігі мен маңызын жоймай келе жатқан
ұлы Абайдың қара сөздерінде де, шығармаларында да, өлең шумақтарында да ұлттық
болмысқа, ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты тағлымдық ой-пікірлердің молдығы
баршамызға мәлім. Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Елбасымыз Нұсұлтан
Назарбаев: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз,
жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
115
Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының
күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани
мәдениетіміздің бір парасы ғана. Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше
көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу
дегенді білдіреді. Туған жердің тарихын білген және өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың
перзенті екеніңді оны мақтан еткен дұрыс. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып
отырғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен
қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын
қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру
болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің
кертартпа тұстарынан бас тарту керек», – деген болатын [1].
Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады.Оның шығарма-
шылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі. Ұстаз сөзінің биік мағынасы
Абайдай ағартушыға өте орынды айтылған. Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы
мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім,
өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл
үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық
түрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет
ететін нағыз азамат – «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған. Адам
бойындағы «адамгершілік» деген қасиетті сақтап тұратын ол – рухани тәрбие екенін,
Абайдың тілімен айтсақ «Ары бар, ақылы бар, мейрімі бар адамның бірін-бірі жеп,
талап, қырып өсуі мүмкін емес» және де «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық
бол» [2], – деген бес қасиетін бойымызға дарытуымыз қажет.
Адам мен Заман қарым-қатынасы Абай заманында да болған, қазірде бар. Дүние,
қоршаған орта, заманауи жаңашылдықтар адамның адами қасиеттерін әлсіретіп,
жойылып кетуге ықпалын тигізуде. Абай ол туралы былай дейді:
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек.
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.
«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген мақал негізінде заманға сай адам
бойындағы жақсы қасиеттер керісінше заман ығына жығылу, ыңғайына көнуге
мәжбүрлеуде. Заман өтеді, ал «Жақсының аты өлмейді». Жақсы дегеніміз кімдер?
Жақсыларды тәрбиелеп шығару Абай ілімі арқылы жүзеге асырылады. «Жетінші
қарасөзде»: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем,
ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола
алмайды, Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі білсем екен демеклік. Ал, «білсем»
дегендер не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына
салып, дәмін татып қарап, тіптен көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап,
тыныштық көрмейтіндер бар. Демек, жан құмарлығына салып, білуге, көруге,
үйренуге талпынатындар» [3] деген екен. Тән қалауымен өмір сүретін адамдар уралы
Абай былай дейді:
Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар,
Жаңа сүйгіш адамзат-көрсеқызар.
Ар мен ұят ойланбай, тәнін асырап,
Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар.
Бұл өлең арқылы Абай бізге тәнін асырап, ертеңі жоқ, тек бүгінге (бұл дүниеге)
құмар ададардан ар, ұят, отан сүйгіштік, адалдық, тазалық ұғымдарын талап етудің
тіршілігіміздің кері кеткен тұстары бар екендігін аңғартады. Әрине айтылған әрбір сөзі
есті адамға ой саларлық дүние.
Абай адамда ақылдың екі түрі болатынын айтады. Біріншісі –дүниеніің бәрін
есептеп отыратын суық ақыл (рацио) немесе сезімсіз ақыл. Осындай сезімсіз адамдар
116
туған ата-аналарын қарттар үйіне өткізіп, зейнетақыларын алуға келетін ұпағы-осы
суық ақыл иелері сияқты. Бұл сезімсіз ақыл иелері өздерінің тас жүректігімен
хайуаннан да бетер қауіпті. Ал сезімді ақыл иелері әр ісін жүрегімен өлшеп, ақылдың
өзін жүрекке бағындырып отырады. Абай жүрек көзін аша білген әр адамға жан
жомарттығы тән дейді.
Жүректің көзі ашылса,..
Адамның хикмет кеудесі.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында табысты болудың ең іргелі, басты
факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін
межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар
жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді,-делінген. Бұл Абай
атамыздың жетінші қарасөзімен біте қайнасып жатқан ойлар.
Рухани жаңғырудың негізі – халықтың, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр
заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар демекші, мемлекеттің дамуы-ұрпақтың
уақыт талабына сай бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына
байланысты.
Абай шығармаларының бойынан адами келбеттің сан түрлі үлгілерін табамыз.
Олай дейтініміз, ақын өз заманы, қоршаған ортасы арқылы адам болудың, адамша өмір
сүрудің жолдары мен бағытын көрсетеді. Әр өлеңінде адами болмыстың сыры әр
қырынан танылады. Ол адамдықтың басты қасиеті – адамгершілік екенін баса
жырлайды, оның дүниетанымында адамгершiлiк мәселесi негiзгi орын да алады. Абай –
адамның өзiн-өзi танып бiлуiн, ашылып түсiнуiн, өмiрдегi орны мен деңгейiн дұрыс
бағалайтын, әрекет-қимылдарын сын тұрғысынан саралай алатын қабiлетiн
адамгершiлiктiң түпнұсқасына балайды. Оған дәлел ретінде «Жігіттер, ойын арзан,
күлкі қымбат» өлеңін келтіруге болады.
Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі
сияқты жалғаса беретін процесс. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс –
біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған
көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді, – деп Нұрсұлтан Әбішұлы айтып
кеткен болатын. Елбасымыздың ұтымды қағидалары мен Абай аталарымыздан қалған
жастарға, адам баласына, халқына деген үндеу өсиеттері деп білемін. Тек жоғарғы
білімді және рухани бай халық қана сыртқы әсерді дұрыс қабылдап, оған жауап бере
алады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру» атты
бағдарламалық мақаласы.
www.akorda.kz
2. Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Алматы. 1
т. 1995. 336 б.
3. Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Алматы. 2
т. 1995. 384 б.
117
Достарыңызбен бөлісу: |