Материалдары



Pdf көрінісі
бет37/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 821.512 (045) 
 
АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ӘДЕБИЕТІ ӨРНЕКТЕРІ 
 
Бөлекбаева Қ.М. 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, КЯЛ-19 магистранты 
Ғылыми жетекші: проф. Ж.Т.Қобланов 
Аңдатпа.
Абайдың рухани болмысын терең танып білу үшін, ақын сілтеп 
отырған «екі жаққа» яғни Батыс пен Шығыстың рухани ой қазыналарына барынша 
терең бойламайынша, оларды екшеп сусындаған ақын ойының соқпақтарымен жүре 
отырып зерттемейінше, көздеген нысанаға дәл жету қиын. Мақалада Абайдың 
шығармашылығындағы шығыстық сарындар мәселесі талданып, ғылыми тұрғыдан баға 
беріледі. 
Түйінді сөздер:
поэзия, шығыс әдебиеті, өлең, дәстүр, жаңашылдық. 
Шығыс мәдениетінің алтын дәуірінде туған өшпес жұлдыздар: Әбілхасым 
Фирдоуси, Низами Ганжауи, Хожа Хафиз, Омар Хайям, Әлишер Науайылар өз 
заманының рухани абызы, батагөйі, ақындық қайнар бұлағы болды. Шығыс әдебиетіне 
еліктеп бір кезде батыс классиктері де талай-талай одалар, эпиграммалар, шығармалар 
жазған: Шекспирдің, Гетенің, Байронның, Монтескьенің Шиллердің, Пушкиннің, 
Лермонтовтың күншығыс мәдениетіне, әдебиетіне арнап жазған өлең мен 
шығармалары аз емес.
Уильям Шекспирдің «Отеллосы», Джон Гордон Байронның «Абидостың 
қалыңдығы», Александр Пушкиннің «Бақша сарайындағы фонтаны», Шарль 
Монтескьенің философиялық романымен жазылған «Персиялық хаттар» – француз 
өмірімен Персия өмірін жарыстыра отырып, романның бас кейіпкері хаттары арқылы 
Батыстың буржуазиялық салт-санасын, деспотизмін сынауы, Марль Француа 
Вольтердің күншығыс тақырыбына жазылған трагедиялық драмалары «Зайра», 
«Мұхамед», Михаил Лермонтовтың грузин халқының өмірінен алып жазған поэмасы: 


120 
«Демон» немесе Низами Ганжауидің «Жеті ару» дастаны, Фридрих Шиллердің назарын 
аударған Карло Гоццидің «Турандот ханшайымының» сюжетіне кірген сияқты 
мысалдар келтіруге болады. Ертеде дүниежүзіне тараған Низами мен Науайының бес 
дастаны «Хамсасын» яғни «Ләйлі Мәжнүн», «Хұсроу мен Шырын», «Фархад-Шырын», 
«Ескендір-Наме», «Сырлы қазынасын», Әбдірахман Джамидің «Ескендір намесі», 
«Жүсіп-Злихасы», «Ләйлі-Мәжнүн», «Алтын таспиығын», «Жеті тағын», Фирдоусидің 
«Шах-намесін», арабтың «Мың бір түнін» білмейтін қазірде Азия мен Еуропада халық 
жоқ деуге болады [1,87]. 
Бір ғана «Ләйлі-Мәжнүн» адам сүйіспеншілігінің ұлы дастаны, ұлы 
романтикасы. Дүниежүзінің әдебиет қазынасы болған Шекспирдің «Ромео мен 
Джульетасынан», «Ләйлі-Мәжнүн» кем бе, дәлелірек айтсақ «Ромео-Джульетаның» 
алдында тұрған түпсіз махабаттың хикаясы туралы тамаша дастан осы ғана. Арабтың 
Арон Рашидтің Халифа заманында, Индияның ұлы моғолдары, Персияның Сасаниттер 
сельджуктер тұсында музыка, сәулет, философия дамуы өз заманының шыңына жетті, 
сонымен бірге үш континеттің түйісі болған Орта Азия теңізі арқылы бүкіл Еуропаның 
дамуына да, Шығыс әдебиеті әсер етті. 
Түн дүниесіндегі тынысы ауыр медреседе болашақ ақын Абайдың оқу-тәрбиесі 
басталды. Айналасы – басына сәлде, үстіне ұзын шапан киіп, көзді сүрмелеп, мұртты 
таңқита қиып, бес уақыт намаз, ораза, тарауық иптар арасында таспиық-шаһилилмен 
өткен түндерін көріп, қайыр-ниязға құзғындай таласатын: кәрі қалпе, қараңғы шәкірт, 
соқыр хазірет болады. 
Сол кезде бұл ортаға ой-сезім, қиялдарының ешқайсысы бойсына алмаған қыр 
баласы, жас талапкер дұғаны жаттаудың ара-арасында өз бетімен іздене бастайды. Бала 
қиялын мыналар ортасынан, мыналар дүниесінен бөлегірек бір тұлғалар өзіне қарай 
бой ұрғызады. Жақсы жайлау, өзгеше бір қоныстың шеті тартады. 
Фзули, Шамси, Сәйқали, 
Науаи, Сағди, Фирдауси, 
Хожа, Хафиз-бұ һәммаси, 
Мәдәт бер я шағири фарияд! [2,60], – 
деп сыйынады. Өлеңіме медет бер, ұлы ақындар! Бұл жас ақынның тұңғыш 
тырнақ алдысы, поэзияның есігін енді ғана ашып, ақындық табалдырығынан алғаш 
аттауы. Ә дегенде аршылмаған жас ақындық қуаты буғанда пір тұтып, сыйынғаны 
шығыс классиктері болды. Бұл өлеңді Абай 14 жасында жазған. 
Сол медреседегі жылдарда ол шығыс классиктеріне бой ұрып, солардың 
үлгісімен ғазалдар түрінде «Әліфби», «Йузі Раушан» деген екі өлең жазады. Бұл 
өлеңдерге парсының аруз өлшемін қолданған. Сонымен бірге өлеңнің өлшемі де 
ұйқасымен ырғағы да шығыстық шағатай үлгісімен, шағатай мәдениетінің ақындарына 
ұқсас жазылады. Осыған айқын дәлел «Әліфби» өлеңін Абай:
А. Әліф дек ай йузіңе ғибрат еттім, 
Б. Би, Бәләй дертіңа Ниспат еттім. 
Т. Ти, тілімнән шығарып түрлі абият, 
С. Си, салай мәдхыңа хұрмат еттім. 
Ж. Жем жамалы қандай-ақ рузи маған, 
Х. Хи Қалайық таппадым жаным сәнән, – 
деп араб әліппесіндегі жиырма тоғыз әріптің әрқайсысының атымен бастап 
лирикалы ғазал жазады да сөзін:
Я, – ярым қалай болар жауап сөзің! 
Мәт қасың тәштит-кірпік, сәкін көзің! 
Абай белгісіз қызға арнаған осы өлеңінде араб әрпін түгел өңгеріп, леп 
белгілерін де қанжығасына байлап ап: 
Үтір мен асты-үстілі жазу да бар, 
Болуға асты-үстілі көнсең өзің! [2,60] – 


121 
деген әзілқой мысқылмен бітіреді. Бұл не? Оған жауап беру үшін өзбектің ХV 
ғасырдағы ұлы ақыны Науайының: 
Шахзадаға айтты ол ғылым сүй деп, 
Ғылымның негізі сол «Әліфби» деп, 
Әліп-алам өзінше ұқты Фархад, 
Би-бала тыңдау болмас содан артық. 
Қайғы оның тал бойын билеп сүйіп, 
Алмақ болды әліпті талша иіп [3,103]. 
Осы сияқты Науайы, басқа парсы, өзбек, шағатай ақындарын, тек жеке әріптерді 
өлең арасында әлде қалай пайдаланған болса, Абай бүкіл әріпті түгел алып тамаша 
шеберлікпен бір сәтте жазып шығады, сөз тіркестері, жүйелері қабысып, бірімен бірі 
жымдасып, бір ойға, бір мақсатқа қызмет етеді, бұл әрине, оның ақындық шабытының 
пәрменді қуатынан. Абайдың осы қуатын біз кейінірек «Оспанға» жазған жоқтау 
өлеңінде көреміз, бұл әрине, сыртқы түрге бойсұну немесе жалаң әріпке күйіттеу емес, 
өйткені қанша сұлу жазылғанмен құр ғана әріпті айту да эстетикалық мәні шамалы, бұл 
керісінше ішкі рухтың жемісі, ой ағымның желімі, ақындықтың тамаша өрнегі төл үлгі, 
қолтума пішін, тың сарын, қазақ үлгісі. Дәлірек болу үшін өлеңді келтірейік: 
Жайнаған туың жығылмай 
Жасқанып жаудан тығылмай, 
Жасаулы жаудан бұрылмай 
Жаужүрек жомарт құбылмай. 
Жақсы өмірің бұзылмай, 
Жас қуатың тозылмай, 
Жалын жүрек суынбай, 
Жан біткеннен түңілмей, 
Жағалай жайлау дәулетің 
Жасыл шөбің қуармай, 
Жарқырап жатқан өзенің 
Жайдақ тартып су алмай, 
Жайдары жүзің жабылмай 
Жайдақтап қашып сабылмай, 
Жан біткенге жалынбай – 
Жақсы өліпсің япырай!... [2,200]. 
«Ж» әріпімен басталып «ай» мен аяқталатын бұл жоқтау өлеңі, ақындық 
арынның еркіндігі, сөздің өзінен-өзі бұлақтап аққандай тігісін білдірмей жымпиып 
тұтасып кеткеніне дәлел. Жыр шапқан аттай жосылып жатыр. Осы сықылды Абайдың 
«Жалын мен оттан жаралып», «Самародный сары алтын» атты шеберліктің үлгісін 
көрсетерлік өлеңдері оқушыны тамсандырады. Дыбысқа күйттеп құрылған өлеңді 
«аллитерация» дейді. Осы үлгі Шығыс классиктерінен көбірек кездеседі. Батыс 
ақындарында да жоқ емес. Бірақ Абай «күйттеуі» сол 14-15 жасындағы «Әліфпи» мен 
барша әріпті бірақ тізіп өзгертіп әкетеді де тынады. Теріңірек қарағанда:
Үтір мен асты-үстілі жазу да бар, 
Болуға асты-үстілі көнсең өзің! – 
деген қазақы әзілмен айтып тұрса да, анығында еліктеу белгісі болып шығады. 
Сырты он бір буынды, қазақы төрт жолды асқақ ұйқас болғанмен де, бұл өлең де аруз 
өлеңмен жазылған.
Бұл сол кезде Абайдың шағатай поэзиясына таза еліктеу ретінде ілеспек болған 
талабын көрсетеді. Онда тақырып, тіл, ырғақ, кейде ұйқас және теңеу, салыстыру 
суреттерінің (көзі гауһар сияқты) бәрі де өз төркіні кім екенін танытып тұр. Ал 
«Оспанға», «Самородный сары алтын», «Жалын мен оттан жаралып» – бұл әріпті 
түгелдеуден көрі ақындықтан туған жеміс, «Әліфпи» сияқты жалаң еліктеу емес. Абай 


122 
тәрізді «Әліфпиді» түгел өлең ету немесе әріппен бір ойды тұтас беру үлгісін біз 
кездестіре алмадық, сондықтан бұл Абайдың өзіне тән ерекшелігі. 
«Әліфбиден» соң Абайдың сол жылдары Шығыс классиктеріне түрін, мазмұнын, 
ұйқасын ұйқастырып жазған өлеңі – «Йүзі раушан». 
Йүзі раушан, көзі гауһар, 
Лағыдек бет үші әхмәр, 
Тамағы қардан һәм биһтар, 
Қашың құдірет, қолы шегә... 
Бұл да сол жас кезіндегі алғашқы көрген шығыс классигінің «аруз» үлгісі. 
Шығыс әдебиетіндегі ғасырлар бойы адам бейнесін, қуатын, сезімін, қымбатты асыл 
затқа, жиһазға теңеу дәстүр болды. Сол сарынмен Абай да сұлудың көзін гауһарға, 
бетін «лағылдек» асыл тасқа теңейді, тамағы қардан ақ, қолы шигә дейді. Бұл өлеңді 
айтып тұрған ақындықтың есігін енді ғана ашқан жас Абай. Ал ержеткен, ақылы 
толған, кемеліне келген Абай не дейді, енді осыған келейік: 
Сөз айттым әзірет Әлі, айдахарсыз, 
Мұнда жоқ алтын иек сары ала қаз, 
Кәрілікті жамандап өлім тілеп, 
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз. 
«Әсіре қызыл емес»деп жиренбеңіз. 
Түбі терең сөз артық бір байқарсыз. [2,145]. 
Бұл 1889 жылы ақынның 44 жасында үш ақынды сынап – бірі Көкбай өзінің 
поэмасындағы қаһарманын ескі араб әдебиетінің қаһарманы Әзірет Әлімен теңесе, 
екінші ақын Әріп Тәңірбергенов өзінің «Зайда» атты поэмасындағы әйелдің көркін 
«алтын иек, сары ала қыз, гауһар жүзді»деп суреттейді, үшінші ақын кәрілікті 
жамандайды. Бұл арада Абай жалаң сөз, жылтыр теңеуді сынап, адам келбетін - затпен, 
табиғатпен салыстыру сияқты шығыстың ескі дәстүрінен көрі адам сұлулығын өзінен, 
кейіпкердің ішкі сезім дүниесінен іздегенін поэмада «әсіре қызыл» - арзан сөзден көрі, 
терең мағыналы сөздің ұтымды екенін айтады. Сөйтіп Абайдың реализмге мықтап 
ауысқанын көреміз. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. Алматы: Санат, 1997. –
416 б.
2.
Aбaй. Шығapмaлapының бір томдық толық жинaғы. – Aлмaты, 2008.

568 б.
3.
Науаи Ә. Таңдамалы шығармалары. – Алматы. 1948 (1968).

221 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет