Материалдары



Pdf көрінісі
бет45/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 801.732 
 
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АРАБ-ПАРСЫ СӨЗДЕРІ 
 
Жансая Урынбасарова 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ КЯЛ-18 тобының студенті. 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Алтыбаева Г.Қ. 
Аңдатпа.
Абай шығармаларында қазақ тіліне еніп, әбден сіңісіп, етене болып 
кеткен сөздерден басқа, негізгі сөздік қордан орын тебе алмаған, тек арабша, парсыша 
оқып түсіне алатын адамдардың лексикондарында ғана ұшырасатын араб, парсы 
сөздері кездеседі. Ақынның тілдік тұлғасының вербалъды-семантикалық деңгейін 
құрайтын әр шығармасы көңіл аударарлық деп есептейміз. Ұлы ақынның ерекшелігін 
мақаламызда кеңінен толықтырамыз. 
Түйінді сөздер:
Әлифбит, тілдік тұлға, қара сөз, араб, парсы, ғаруз. 
Халықтың тарихи-әлеуметтік, экономикалық, мәдени байланысы нәтижесінде, 
тіл аралық қарым-қатынас барысында бір тілден екіншісіне сөздердің ауысуы – әр 
кезеңде бола беретін объективті заңдылық. Ғалымдар осы мәдени процестің уәж 
себебін орта ғасырдағы түркі әдеби тілінің әсері; кейінгі кезеңдегі діни оқумен; ескіше 
оқығандардың сөйлеуінде қолданғанымен байланыстырады, сондай-ақ кірме сөздер 
бірде о бастағы «мағынасында ғана жұмсалса, енді бірде жаңа мағыналық реңкте 
қолданғанына тілдік сараптама жасап, объективті түйіндерін келтіреді. Тілге ықпал 
еткен түрлі экстралингвистикалық факторлар этностың тілдік санасынан көрініс тауып, 
ұжымның лингвокогинтивтік деңгейін айқындауға белгілі бір дәрежеде үлес қосады. 
Өзге тілден енген кірме сөздердің өзіндік табиғаты айқындалып түруы да, бастапқы 
болмысы мүлде өзгеріп, қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп, төл сөзіндей кірігіп 
кетуі де ықтимал. Абай шығармалары тілінде шет сөздердің қолданылуының бірнеше 
уәжі бар. Араб, парсы, шағатай, орыс тілдерін еркін меңгеріп, сол тілдердегі өнер 
туындыларын терең білген Абай ол сөздерді тілін шұбарлау үшін емес, түрлі стильдік 
мақсатпен саналы түрде қолданғаны мәлім. Ақын шығармалары тілін зерттеушілер өзге 
тілдік сөздер саны шамамен 578, олардың 402-сі араб, 50-і парсы, бесеуі латын, 25-і 
татар, ноғай, 62-сі орыс, 27-сі шағатай, төртеуі түрік, бір-бірден грек, поляк, қытай 
сөздері деп көрсетеді. Тілдік тұлғаның қарапайым деңгейін анықтауда оның тілді 
меңгеру дәрежесі, әр сөздің бітім-болмысын байыптай алу қабілеті тексеріліп, ол 
кейінгі деңгейлерді дұрыс сараптауға басшылық етеді, негіз қалайды. 
Сөйтіп, Абай шығармаларында қазақ тіліне еніп, әбден сіңісіп, етене болып 
кеткен сөздерден басқа, "негізгі сөздік қордан орын тебе алмаған, тек арабша, парсыша 
оқып түсіне алатын адамдардың лексикондарында ғана ұшырасатын араб, парсы 
сөздері кездеседі:эманту, эзәли, эһмәр, эһли, биһтар, дэйри, жаһли, иғтиқад, рэғид, 
тақын, фәрияд" т.б. Мұндай "түсініксіз" сөздер, негізінен, қара сөздерінде жиі 
ұшырасады, әсіресе, Отыз сегізінші т.б.
Ақынның тілдік тұлғасының вербалъды-семантикалық деңгейін құрайтын әр 
шығармасы көңіл аударарлық деп есептейміз. Ұлы ақынның еленбей келе жатқан 
ерекшелігі еленуге тиіс. Оған айтар уәж, себептің бірін біз өз мақаламызда былайша 
байланыстырамыз: Абай тілдік тұлғасының когнитивтік және уәждік деңгейін саралау 
үшін алдымен тілді жасаушының тіл көркемдігін игерген бірінші деңгейімен үйлесетін 
нөлдік деңгейін және ондағы тілдік норманың күй-қалпына барлау жасаған да ғана 
таным-зерттеуіміз толымды болары сөзсіз. Оның бір саласы – ақынның өз 
шығармашылығын жетілдіру жолындағы шығыстық мәдени-рухани арна екені даусыз 
шындық. 


149 
Абайдың тілдік тұлғасының деңгейін аныңтау барысында шәкірт-ақын Абайдың 
алғашқы шығармаларының алатын орны мен мәнінің маңызын жоққа шығара 
алмаймыз. М.Әуезов еңбектеріне жүгінсек, "бұл шығармаларына бойлай қарап, танып, 
біліп талдамай", кейінгі өскелең үлкен шығармалар беретін классик Абайды ірі 
шығармалары арқылы ғана танысақ, танымымыз жарым жолдан басталғандай 
жартыкеш әрі үстірт болары сөзсіз және "жартылай тексеру, шалағай тану болар еді". 
Жас ақын Абайдың шығыстық үлгідегі балаң жырларына ерекше 
тоқталуымыздың бірнеше себебі бар: 1) Сол кездегі әдебиет тілі саналған, яғни түркі 
жазба әдеби тілі – шағатай тілі әсерімен жазылған, сыртқы құрылымы мен ішкі 
мазмұны өзгеше өлеңдері де ақынның өзіндік дүниетанымы мен көркемдік әлемінен 
хабардар етер құндылық деп бағалануы тиіс, 2) сонымен қатар, Абайдың "ақындық 
эволюқиясын, жазушылық жолын біртіндеп, кезегімен тексеруді" межелеп келген 
М.Әуезов мақсаты да ескерілді. 3) Бұларға қоса тағы бір мәнді де, маңызды белгі 
шығыс ақындарының үлгісінде жазылғандығы ғана емес, Абайдың сол өлеңдері 
арқылы жазба әдебиет дәстүрі кіре бастағандығы және ақынның жазба әдебиеттің 
негізін қалаушылардың қатарынан екенін дәлелдейтінімен байланысты. М.Әуезов 
тілімен айтсақ, "бұл өлеңдер жатқа, ауызша шығарылған шығармалар емес. Бұнда Абай 
анық жазушы ақын". Әдебиет зерттеуші ғұламаның нұсқағанындай, Махамбет, Мұрат 
сияқты ақындардың ауызша немесе жазбаша шығарылған шығармаларын дөп басып 
айқындау, стильдік өзгешелігін айыру оңай емес, "қайсы ауызша жырланған, қай өлеңі 
жазылған" дегенге деректі жауап бере алмасақ, "Абайдың мына кітапшылап, араб, 
фарсы, ескі өзбек ("шағатай", "түркі") тілдерден көп сөздер кіргізіп тудырған өлеңдері, 
тек қана жазумен туатын шығармалар екенінде дау жоқ". Сонымен қатар, Абай 
тұсындағы қазақ өмірінде кітаби тілдің формальдық та, материалдық та күш ала 
бастағаны жайлы ғылыми еңбектерде мол мәліметтер келтіріледі. Абай шығыс 
ақындары, шағатай үлгісіндегі өзінің үш өлеңін ("Иузи-рәушан", "Фзули, Шэмси", 
"Сәйхали", "Әлифби") 13 жас пен 18-19 жас арасында жазғаны белгілі. 1858 жылы 
жазылған "Иузи -рәушан" - сыртқы құрылымы жағынан қазаққа жат, араб-парсы өлең 
үлгісі. Өлең ырғағы - арабтан иран, шағатай тіліне жайылған "ғаруз" үлгісі. Төрт 
тармақты, үш шумақтан аааэ-аааэ-бббэ түрінде түзілген, қазақ өлең өрнегіне 
үйлеспейтін "ғаруз" өлшеміндегі бүл шығарма шағатай әдеби тілінің стиліне иек 
артады. Әдебиет зерттеушілерінің көрсеткеніндей, Абай "ғарузбен" жазғанда өлең 
өлшемі, заңдық қағидалары толық сақталған. М.Әуезов түсіндіруін еске алсақ, ғаруз 
өлшемі – "араб өлеңінің ырғағына сай мәтпен созылатын үзақ үнді дыбыс пен қысқа 
үнді дыбыстардың алма-кезектесіп отыруынан құралатын өлшеу". Әрі қарай талдау 
үшін "Шығыс ақындарынша" деген топтамен енген сол өлеңді толық қабылдап көрелік: 
Иузи – рэушан, көзі – гэуһар 
Лағилдек бет үші эхмәр, 
Тамағи қардан әм биһтар 
Қашың құдрэт қоли шигэ. 
Өзэң гузәлләра раһбар, 
Сэңэ ғишық болып кэмтар, 
Сүлэйман, Ямшид, Искандәр 
Ала алмас барша мүлкигэ. 
Мүбада олса ол бір кәз, 
Тамаша қылса йузма-йуз 
Кетіп қуат, йүмылып көз, 
Бойың сал-сал бола нигә? 
Осылайша, Абай өзіне дейінгі өлең-дәстүрін еркін меңгергені әдебиет 
зерттеушілерінің де назарын аударады. Шығармашылық осы жолда Абай терең сезімге 
беріліп, мазмұн-мұратын шығыс ақындарымен табыстырмаса да, өлең құру үрдісінен, 
түр жаңалығынан біршама сонылыққа бой ұрады.


150 
Ақындық үлгісін іздеп жүрген жас өзінің алдындағы ұлы мектеп, қазақ 
әдебиетін танып, меңгеріп қалса да, "бұрын қазақ құлағы сирек естіген өзгеше өлең 
үлгісіне қызығып, қиын тыңды баурағысы келеді", – деген М.Әуезов пікірі бұл 
еліктеудің бір сырын ашып береді. Көркемдік тәсілді қолдануда да жас Абай анық 
еліктеуші ақын екенін көрсетеді: "Қыздың көзі – гэуһәр, бетінің ұшы лағыл тастай
қып-қызыл, тамағы қардан бетер..., дүние жүзіндегі сұлулардың раһбары – 
көсемі, басшысы, ...патша Сүлеймен, патша Ямшид, патша Искэндәр 
– 
бәрі ынтық 
болар еді". Сөйтіп Абай шығыс ақындарының бар үлгісін түгел меңгерген. "Теңеулері 
шектен асқан әсірелеуді көрсетеді, өмірге, шындыққа жанаспайтын образдар беру де 
– 
шығыс поэзиясының көп ғасырлық тәсілі болатын". Абайға әсер-ықпалы мол болған 
кезең туралы ғылыми талдаулар ертеректе-ақ басталғаны мәлім. Әдебиет тарихын
діндар дәуірі және ділмар дәуірі деп екі кезеңге бөле отырып, бұлар басқа жұрттардың 
әдебиетінің әсерінен туған дәуірлер. Мұндай бір жұрт екінші жұрттан әдебиет жүзінде 
үлгі алу жалғыз бізде ғана болған іс емес, барша жұрттың басында болған іс" екенін 
дұрыс бағалайды. Міне, сол діндар дәуірі әдебиеті араб, парсы әдебиетінен үлгі алып, 
соларды еліктегеннен пайда болғанына шәкірт-ақын Абай өлеңдері дәлел болса 
керек."Әлифби" - қазақтың қара өлеңінің үлгісімен құрылған, ұйқасы 4-3-4 буынды 
болып келетін "қазақи" дүние, яғни ақын Абайдың шығыс әдебиетімен түр жағынан
өнер таластырған бір кезеңінің көрсеткіші іспетті. Шығыс поэзиясында күрделі 
көркемдік тәсіл болып табылатын - әр тармағы араб әліпбиінің ретіне сәйкес белгілі бір 
тәртіппен жүйеленген өлең формасы бар екені белгілі. Көркемдік тәсілдің бір түрі 
ретінде мувашшах тәсілі алынады, яғни бәйіт өлеңіндегі әр жолды бастайтын 
тармақтың өзінің түзілу "ережесі" болады: әр тармақтың бірінші әріптерін тігінен тізіп 
оқығанда не адам есімі немесе әліпбидің берілу реті шығады. Абай жаңа түр іздеу 
жолында осы екінші жолды таңдап, өлең жолдарын, "Әлифби" ретіне негіздей түзгенін 
көреміз. 
Абайдың шығысшылап жазған өлеңінің ең үлкені 
– 
осы "Әлифби". Араб-
парсыша сөз қолдану мәнері сақталғанмен, ырғағы мен ұйқасы өзгеше сомдалған. 
Шығыс әдебиетін жетік меңгерудің дәлеліндей, мазмұнды беретін өрнектердің өзіндік 
жөні бөлек. Абайдың бұл өлеңді шығарудағы үлкен адымы және тек құрылысы мен 
ұйқасында ғана емес, сонымен қатар, сол кездегі шағатай әдебиетіне енді жалаң еліктеп 
қоймай, олардың өздерімен тайталасып жарысқа түсуі, түр, кестелерін сол ақындардың 
өзінен де асырам деген мақсатты межесіне байланысты. Осы өлең мәтініне талдау 
жүргізбес бұрын тұтастықта қабылдап көрелік: 
Әлиф деп ай йүзіңе ғибрат еттім, 
Би – Бала й дәртіңа нисбәт еттім. 
Ти – Тілімнән шығарып түрлі әбиэт, 
Си – Сэнаи мәдхіңа хүрмәт еттім. 
Жем – Жамалың қандай ақ рузи маған 
Ха – Халаллық таппадым, жаным, сәнан. 
Хи – Халайық мен емес, бәрі ынтизар, 
Дәл – Дариға ғишық оты бермес аман. 
Зәл – Зәлиллік көрген соң сайрай бер, тіл, 
Ре 
– 
Риза қылмағыңды яр өзің біл. 
Зи – Зәһәрдай күйдірді ғишқың қатты, 
Сын – Сәләмат қалмағым болды мүшкіл. 
Шын – Шикәр лэп есіме түскен сайын, 
Сат – Сабырым қалмады мен не әйләйін.
Абайдың тілдік тұлғасындағы шығыс сөздерінің ең мол шұғырланған тұсы осы 
өлеңде. Талдауымыздың нөлдік деңгейінің мақсатына байланысты оның концептуалды 
мазмұнына қысқаша сипаттама беруді жөн санаймыз. 


151 
"Әлифби" өлеңі шығыстық ерекшеліктердің барлығын өз бойына толық 
жинақтаған деуге болады. Шығыс поэзиясында орын алған сан алуан теңеу, балама 
сөздер бұл мувашшах өлеңде де молынан әрі еркін пайдаланылған. "Тал бойы ұйып" 
жырлаған, шығыстық шер сөздердің (жамалың кандай, бәрі ынтизар, сабырым 
қалмады, сәләмат калмағым мүшкіл т.б.) семантикасы тіл тұтынушының бәріне бірдей 
түсінікті болмауы мүмкін. Мәтінде қолдану өрісі тар, шекарасы шектеулі тілдік 
модельдер жиі кездеседі. (нисбәт 
– 
мөлшер, шама; зәлиллік – қорлық; мәдхі – мақтау 
т.б.). Арабша хат танып, мүсылманша сауаттанған тіл тұтынушыға жақсы таныс болып, 
тілдік құрамға әбден орныққан ғибрат – үлгі, жамал – көрік, зәнәр – у, зайыг 
– 
зая, бос, 
камил – толық, файда – пайда, олжа сияқты "таныс" бірліктердің семантикалық уәжін 
түсіну қиындық тудырмасы ақиқат. 
Бұл бірліктердің қалыптасу уәжі автордың ("ғашық жанның") ішкі сезім-
күйінен, "ғашық-мағшуқ" жайынан хабардар етеді. Махаббат сезімін жырлауда 
пайдаланады. Шығыс ғазелдерінде ынтығып жырлаған жырлардан ол сүлудың аты, 
тегі, мекен-түрағы қайда екенін біле алмайсыз. "Бүл жер басқан адамзат па, әлде 
дерексіз ғажайып жаралған перизат па? Оны айыру қиын" 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Абай. Энциклопедия. (Бас ред. Р.Н.Нұрғалиев), – Алматы: Атамұра, 1995. – 
720 б. 
2.
Әуезов М. Абайтану мәселелері. – 20 т. – Алматы: Жазушы, 1985. – 496 б. 
3.
Мүсірепов Ғ. Абай тағылымы: Әдеби-сын мақалалар мен зерттеу дәрстері. 
4.
Ғабдуллин Н. – Алматы: Жазушы, 1986. – 432 б. 
5.
Сыздықова Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы: Арыс, 2004. – 
616 6 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет