Материалдары



Pdf көрінісі
бет44/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 327 (045) 
 
АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ, 
ЛИНГВОТАНЫМДЫҚ МӘНІ 
 
Гүлжанат Арыстанбай 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, КЯЛ-18 тобының студенті 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Алтыбаева Г.Қ. 
 
Аңдатпа.
Қарасөздер – қоршаған ортаның, Абай айналасының рухани-
әлеуметтік, психологиялық жағдайының метафорасы. Абай қара сөздеріндегі ой бір 
бүтін дүниенің көрінісі: ақынның жан әлемі мен өмір сүрген ортасының шындығы
болып кіріге бірігіп, егіз өрімдей ұласқан. Қара сөздердің формасы – стильдік көп 
қырлы болумен ерекшеленеді. Қара сөздер – көп стильдердің қабаттаса, араласуымен 
келсе де, тұтаса байланысқан, жүйелі ой-толғаммен сабақтасқан, лингвотанымдық мәні 
мен мазмұн тереңдігімен өлшенетін рухани құндылық. 
Түйінді
сөздер:
Қара сөздер, тілдік тұлға, лингвотанымдық мәні, стиль. 
Абай дана өзінің кемел пайымымен әлемдік диалогқа қосыла алады. Өз 
халқының данылығын жете меңгерген, дала данагөйі әлемдік ақыл-ой шыңына көтеріле 
алғанын өлеңдері мен Қарасөздері өзегінен таба аламыз. Абай шығармаларының 
өміршең болуының бір уәжі – даналық дүниетанымында екені ақиқат. Абай 
философиясы – оның ойлау биігінің, пайым-парасатынын өлшемі, ал философиялық 
ілімнің өзі адамзаттың ой құдыретінің биік көрінісі екендігі шүбәсіз. Абай ақыл-
ойының жүлгесі дала философиясындағы "көне көздердің" терең ой иірімдеріне 
жетелейді. Осы мәселеге орай, ұлы Абайдың әлемдік ой алыптары мен ой таластырған, 
сөз жарыстырған дүниетанымын олардың шығармаларын салыстыра отырып, көз 
жеткізе аламыз. Абай Қара сөздері – ұлттық рухтың бірегей көрінісі, рухани биіктіктің 
өлшемі. Ұлы Абай қазақтың тілі мен ойының мәйегі, пайым-парасатының деңгейіне 
айналған шығармаларды ұрпаққа мұра етті. Абайдың бізге қалдырған рухани 
мұрасында әлемдік философиялық ой қазынасына қосылар құнды пікір-пайымдаулар 
мол және ол жайлы үнемі айтылып келеді. Философиялық сырын тарқатқан зерттеулер 
де бар. Ойы терең, мәні құнды еңбектердің қатарында Қарасөздер қомақты орын алады. 
Қарасөздер 
де 
М.Монтеннің 
"Тәжірибелерімен", 
М.Достоевскийдің 


146 
"Күнделіктеріндегідей" және Абайдың өзі бірінші Қара сөзінде анықтағанындай уәжді 
басшылыққа алады: 
..."Осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны 
ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ 
десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым". 
Абай Қара сөздері этникалық сана мен оның тілдік бейнесі ретінде. Оны ой 
мазмұны сипатында зерделегенде ғана еңбектің сапалық қасиеті айқын көрінеді: Ол – 
жай ғана көркем туынды, әдеби жанр қатарындағы шығармашылық емес, көркемдік 
сипат иеленген қоғам өмірінің көрінісі. Ол – һакім Абайдың әлеуметтік-философиялық 
дүниетанымы арқылы халықтың қоғамдық сана-сезімін қалыптастыруға ықпалы зор 
болған еңбек. Қара сөздердің бағасы – Абай заманындағы жағдайды, тарихи шындықты 
бүлжытпай толық танытып бергендігінде, ол сонысымен де өміршең әрі құнды.Абай 
Қарасөздері өз дәуірінің әлеуметтік, тарихи-мәдени және коммуникативті контексі 
аясында қарастырылады. Абайдың тілдік тұлғасына қатысты алғандағы зерттеу 
нысанының бірі – қара сөздерінің табиғатымен байланысты. Зерттеу пәні – Абайдың 
тілдік тұлғасы құрылымын автордың танымдық әрекетінің нәтижесі ретінде зерделеу 
болғандықтан, ол негізгі мәселенің бірі саналады. Қара сөздер табиғаты толық саралану 
үшін мына мәселелерді анықтап алу міндеті жүктеледі: 
1) Абай қара сөздерінің категориялдық сипатын анықтау;
2) Қара сөздердің жанрлық мәртебесін нақтылау, оның өзіндік ерекшелігін 
айқындайтын детальдарын көрсету;
3) Абай Қарасөздерінің Батыс, Шығыс ойшылдарымен үндестігін анықтау;
4) Абай дүниетанымын, тілдік тұлғасын пайымдаудағы "Қара сөздердің" орнын 
анықтай отырып, талдау жасауға ниет етеміз. 
Қара сөздердің идеялық-композициялық мазмұны лексикалық бірліктерді 
олардың семантикасын өзіне бағындырып, тілдік тұлғаның тезаурус деңгейін 
анықтауға бағдар жасайды. Қара сөздердің семантикалық құрылымы мен эмотивті-
экспрессивті реңкі антропоцентристік негізден бастау алып, тілдік тұлғаның 
лингвокогнитивті таным әрекетінің көрсеткіші болып табылады. Көркем 
шығармашылық мәнмәтінге автор тұлғасының дүниетанымдық ықпалы зор болғандығы 
анық. Автордың өзі өмір сүріп отырған қоғамға, заң мен заманға деген көзқарасы мәтін 
мазмұнын анықтап отырған тілдік бірліктердің вербалдануынан байқалады. Тілдік 
тұлға шығармашылығындағы өлеңдер мен Қара сөздердің философиялық, танымдық 
мәнін анықтау барысында мына мәселелерді ерекше бөліп алуды жөн көрдік. Абай 
туындыларының прагматикалық мақсаты: 1) адресатты, қоғамды моральдік тұрғыда 
жетілдіру; 2) қоғамдағы адамгершілік принциптерді талап етуі оның өзінің рухани 
болмысымен үйлесім тапқан, сондықтан өмірдегі мәртебесінің көрінісі ретінде 
қабылданады және өмірлік қағидаттармен мәндес. Абай Қара сөздері – заман шындығы 
болып табылады. Қара сөздер – қоршаған ортаның, Абай айналасының рухани-
әлеуметтік, психологиялық жағдайының метафорасы. Немесе көркем шығармаға 
қойылар шарттылықты елемегенде, Абай сөзі мен шығарма мәтініндегі ой бір бүтін 
дүниенің көрінісі: ақынның жан әлемі мен өмір сүрген ортасының шындығы болып 
кіріге бірігіп, егіз өрімдей ұласқан. Мысалы, Тоғжанға арнаған "Жарқ етпес қара 
көңілім не қылса да", Күлембай болысты сипаттаған "Болыс болдым, мінеки" өлеңдері 
сияқты өмірлік шындықтан алынған. Қарасөздердің формасы - стильдік көп қырлы 
болумен ерекшеленеді. Қара сөздер – көп стильдердің қабаттаса, араласуымен келсе де, 
тұтаса байланысқан, жүйелі ой-толғаммен сабақтасқан, мазмұн тереңдігімен өлшенетін 
рухани құндылық. Белгілі абайтанушы ғалым М.Мырзахметов ұлы Абайдың дүниеге 
көзқарасы, негізінен, осы Қара сөздерінде толық әрі молырақ көрініс бергеніне нұсқай 
отырып, ақын мұрасы туралы пікір айту мен ішінара зерттеу сипатындағы еңбектер 
төңкеріске дейін-ақ жүргізіле бастағанымен, Қара сөздер жайындағы пікірлердің 


147 
түңғыш рет 40-ж ылдар шамасында ғана көрініс бергенін дәйектейді, әрі табиғаты 
терең ашылып, арнайы зерттеуді күтіп тұрған өзектілііне бағыт сілтейді. 
Абай сөздеріндегі қоғамдық-саяси, моральдық-философиялық пікір-байламдар – 
адамгершілік биікке, рухани өркениетке шақырады. Абайдың ақындық мұрасына 
қосылған "бағалы қазынадан" өзінің жан-дүниесін толтыруға, рухани жұтаңдығын 
байытуға асығатыны да рас.Шексіз мұраның бір бөлігі осы бағалы қазынаны, ой 
жауһарын -ғылым тілінде қалай атасақ оның табиғатына үйлеседі. Пікірлер әртүрлі: 
Қара сөздер жанрын аныңтауға талпыныс І.Жансүгіров тарапынан да жасалған. 
Әдебиетші ақын, сонау отызыншы жылдары жазылған "Абайдың сөз өрнегі" атты 
мақаласында ("Әдебиет майданы", 1934, № 11-12) былай дейді: "Әйтсе де Абайдың 
қарасөздерін, әлеумет пікірінің ортаға түсетін қарасөзінің (публицистика) алғашқысы 
деп ұғынуымыз керек. Өйткені Абайдан бұрын қазақтың таза тілімен мақала, нақыл, 
үгіттер жазған адам, сірә, бола қойды ма екен?" деген сараптама жасайды және бұндай 
ерекше сөз өрнегінің публицистика стиліндегі сипатын иеленгенін дәл анықтайды. 
Ұлы Абай "билердің білігін, шешендердің сөзін", көсемдердің үлгілі істерін көп 
білгендігін айта отырып, рухани кемелдігі жайлы мынадай ой түйеді: ..."Заман 
бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз. Біліммен би 
болып, жұрт билейтін заман өтіп, таспен би болатын заманға қарсы туған. Білімі көптер 
жұрт билемей, малы көптер жұрт билейтін заманға қарсы туған. Абай жұрт алдында 
білімін салғанда, басқалар малын салған"... Абай білімі ел билеу үстінде танылған білігі 
мен түйінді сөздерінен ғана байқалмайды, оның өлеңі мен Қара сөздеріндегі ой 
қуатынан, сөздер сырынан да ұғынылады. Оның тілдік тұлғасының қалыптасу уәжін 
айқындайды. Түйіндей келгенде, Ақын, философ-ойшылдың шығармашылық мәнмәтіні 
– Қара сөздері лингвотанымдық мәні тұрғысынан тілдік ерекшелігі, жанрлық мәртебесі, 
когнитивтік мәні, әр қырынан қаралады. Тілдік тұлғаның тезаурустық, танымдық 
құндылығы антропоцентристік ұстаным бағытында жаңаша байыпталады. Ғылыми 
жаңалық ретінде қарастырылып отырған жанр айқындау, когнитивтік семантика 
мәселелері зерттеу мақсатына сәйкес антропоцентристік бағдарда саралануда. Абайдың 
тілдік тұлғасын Қара сөздері негізінде тіл біліміндегі жаңа бағыт арнасында 
лингвистикалық талдауға түсірудің теориялық маңызын ескере отырып, тілдік тұлға, 
категориясының өзге де қырларын ашуға, аксиологиялық мәнін танытуға үлес қосатын 
құбылыстарды айқындап алу қажеттігі және бар. Тілдік кұралдар арқылы мәні 
ашылатын тілдік тұлға мен автордың дүниетанымы арқылы болмысы айқындалатын өз 
тұлғасы көркем шығармашылық үстінде бір бүтінге, тұтас әлемге айналып кеткенін 
саралай аламыз. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер. Публ. мақалалар және 
әдеби зерттеулер. – Алматы. Жалын, 1994. – 464 б. 
2. Әуезов М. Абайтану мәселелері. – 20 т. – Алматы: Жазушы, 1985 – 496 б. 
3. Абай Құнанбаев шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ том. – 
Алматы: Ғылым, 1995. – 126. 


148 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет